Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет6/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
kabysheva-topyraktanu

    Навигация по данной странице:
  • 2-БӨЛІМ
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Топырақтанудың экология ғылымымен байланысын айтыңыз.

  2. Топырақтану ғылымы жəне оның даму тарихы.

  3. Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.

  4. Топырақтану ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны.

  5. Топырақтың биосферадағы жəне адам өміріндегі орны мен рөлі қандай?

  6. Топырақтың анықтамасын бер. Топырақтың қалыптасып, да- муы үшін уақыттың қандай маңызы бар?

  7. Неліктен докучаевтік топырақтану генетикалық деп аталады?

  8. Орыстың, қазақтың ұлттық топырақтану ғылыми мектебінің көрнекті өкілдерін ата.

  9. Топырақтың географиялық қабықта атқаратын функциялары, маңызы.

  10. Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы кімнің есімімен тікелей байланысты?

  11. Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс бол- жам айтқан орыстың ұлы ғалымы кім?

  12. Генетикалық яғни, «Генезис» деген түсінік не мағына береді?

  13. Ө. Оспанов қай жылы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты дəрежесін алды?

2-БӨЛІМ




ТОПЫРАҚТАНУ ЖƏНЕ ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ


1-ТАРАУ ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІ


    1. Үгітілу жəне топырақтың түзілуі

Топырақ табиғат туындысы, табиғи əрі тарихи дене. Бір кездерде Жер беті қазіргі Ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгітілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныс- тарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз əсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгітілу деп атайды. Үгітілу құбылысы тарихи топырақ түзілуінен бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.


Табиғат күштерінің, əсіресе, температураның, судың, желдің, күн сəулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа əсері ерекше.
Үгітілудің физикалық, химиялық жəне биологиялық түр- лері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгітілуі деп оның химиялық құрамы өзгермей, тек əртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгітілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мəселен, əртүрлі температура əсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де əлгі сызат үлкен жарыққа айна-
лып, қатты тау жынысын əрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі- жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті, ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айнала- ды.
Химиялық үгітілу тау жыныстары құрамындағы əртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен жəне ауадағы оттегімен тотығуынан пайда бола- тын құбылыс. Мұның нəтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай əр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық жəне химиялық үгітілу процестері, əдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, əр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда, басым болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, əрі күні жылы тропиктерде химиялық үгітілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгітілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық жəне химиялық үгілулердің нəтижесінде таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шай- ылып, су күшінің кемуіне жəне жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шашырайды. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан, қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дəуірде тірі жəндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ та пай- да болмады. Физикалық үгітілу болсын, химиялық үгітілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы физика- лық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс екен. Үгітілу нəтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Əдетте, физикалық жəне химиялық үгітілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі, де əртүрлі су ағыстарымен, өзендерге,
теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айна- лады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап, олардың денесіне керекті зат- тар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нəтижесінде көлемді геологиялық айналымға келіп түседі, яғни ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айна- лымына көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен, құрамында коректік заттары жоқ тау жынысы тірі организмдер мекендеген- нен кейін қоректік биофильді минералды жəне органикалық азот- ты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.
Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы топырақ түзілу құбылысының бастамасы. Қопсыған тау жы- нысында өсімдіктердің мекендей бастауы жалпы физикалық, химиялық үгітілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылысын тездетеді. Ең негізгісі өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз денелеріне жинап, ал күн сəулесінің күшімен жапырақтары арқылы (фото- синтез) көптеген органикалық заттар түзіп, Жер бетіне, өзінің тамырлары тараған Жер қабатына, олардың қорларын жинай- ды. Ал ол органикалық заттар ыдырап, шіріп алғашқы топырақ шіріндісін (гумусты) түзеді. Бұл құбылыс топырақ түзілуінің алғышарты.

    1. жүктеу 3,79 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау