Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары



жүктеу 3,79 Mb.
бет114/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары


Қара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 200-300 мм-дей. Осыған орай, өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі- жусанды құрғақ дала басады. Осының əсерінен өсімдіктердің топыраққа түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері кемиді, қара топырақтың түсі қара қоңырға өзгереді.


Құрғақ даланың зоналық топырағы – қара-қоңыр. Жалпы көлемі 107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8%-ын алып жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан территориясында.
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 4% арасында. Қара қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:
А – 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-ден əк кездеседі.
ВС – 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген əк қосылыстары бар.
С – 100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы қабаттары кездеседі.
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған са- йын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоңыр топырақтар кездеседі. Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зона- ша – нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пай- далануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым алып жатыр. Зонада сортаң жəне сорланған топырақтар мол. Деген- мен, күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20- 30%-ға жуығы құрайды.
    1. Сорланған топырақтар




Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт жəне шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нəтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5-1%- ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6-8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жина- луы жағдайында дамиды. Қолдан суарған кезде жерасты ағысы жоқ немесе ағысы өте нашар жерлерде көп ұзамай жерасты ыза сулары пайда болып, олардың деңгейі жоғары көтеріліп, бетіне жақындап, буланып, топырақ бетінде мол тұздар қалдырады. Бұл жағдайды
топырақтың екінші сорлануы, яғни жерді суарумен байланысты сор- лану деп атайды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аз- дау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды. Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында топырақтың сорлануымен күресу – басты мəселелердің бірі. Жера- сты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен шайып, ыза суларды қолдан қазылған кəрізді-коллекторлы жүйелер арқылы басқа жаққа ағызу қажет. Жалпы сор топырақ өзінше белдем түзбейтін, белдемаралық топырақтарға жатады. Сор топырақтарды қолдан жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Ка- спий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық Азияда, Қазақстанда таралған.

    1. жүктеу 3,79 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау