Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тайгалы-орманды зоналарының топырақтары



жүктеу 3,79 Mb.
бет111/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Тайгалы-орманды зоналарының топырақтары


Тайгалық аймақтың климаты заңды солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді, яғни радиация балансы артып батыстан шығысқа қарай ызғарлы өседі. Карелия тайгасында орташа жылдық жəне шілделік температура сəйкес -10-нан +150С-қа ауытқиды, орташа жылдық атмосфералық түсім 500 мм-ге тең. Енисейден əрі шығысқа жылжығанда аймақтың климаты ызғарлана түседі жəне элементтері сəйкес -300 +7,50С мен 200 мм-ге дейін төмендейді. Аймақтың жазы қоңыр салқын, оң ылғал балансты, яғни ылғал түсімі буланудан асады да, топырақ, кескінінде ылғалдану шайылмалы типті қалыптасқан. Оған таяз жатқан тоңда ықпалын тигізеді. Топырақ құраушы жыстар көбінесе мұзаттық немесе мореналық ысырындыларынан тұрады. Сирек көл мен мұзарттың ауыр салындылары жолақты балшықтар кездеседі. Орал тауына қарай жылжығанда, борпыл жыныстар қойтастардан ажырап, құмбалшықтанады.


Аймақтағы басты өсімдік типі – бүрілі орман. Балтық қалқаны территориясындағы басым ағаш түрлері – аққарағай, шығыс жағында

  • шырша, май қарағай, Оралдан əрі соңғысы көбейіп, балқарағай мен самырсын қосылады. Орталық жəне шығыс Сібір жерін ашық бүрілі ор- ман басқан, ол: солтүстік аймақшада батпақты бүрілі ормандар, оңтүстік аймақшада биік діңді бүрілі ормандар тараған болып екіге бөлінеді.

Шығыс-Еуропалық солтүстік жəне орталық тайгасында иллювийлі-қарашірінділі жəне иллювийлі-темірлі күлгіндер тараған. Шығыс Еуропа тайгасында гидроморфты топырақтар жаралуы батпақтану процесіне байланысты. Батпақты ойпаңдар жағалауында батпақты-шымтезекті, торфты-глейлі топырақтар қалыптасқан. Оларда шымтезек қабаты 30 см-ге жетеді, оның астында көгілдір глейленген жиек жатады.
Күлгін топырақтар айқын құмды жəне құмайтты жыныстарда дамиды. Топырақ кескіні қалыптасуында минералдық түйірлердің жылжуы байқалмайды, өте майда түйірлер тым аз. Күлгіндік жиек- те темір тотығының азайғаны көрінеді де, В жиекте оның мөлшері артқан.
Шымды күлгінді топырақ – Шығыс Еуропалық тегістігіндегі оңтүстік тайгада аралас ормандар мен шабындық шөптесіну өсетін жерде жаралатын топырақ. Күлгін қабатын шым басып, топырақтың құнарлығы арта бастайды. Шымды қабаттың қалыңдығы өскен са- йын күлгін қабат бірте-бірте жұқаланады да, күлгінденуі басылады. Соған сəйкес жұқа орташа жəне қалың шымды, қалыңдығы орта- ша жəне өте күлгінді топырақтар құралады. Құнарлығы жоғарысы- қалың шымды аз күлгінді. Топырақ шым қабаты гумуске, қорек зат- тарына бай, бейтарап орталы жұту сыйымы жоғары, берік, уақ дəн түйіртпекті келеді. Одан төмен элювийлі күлгін қабатша керісінше, қышқыл орталы, құнарсыз болады.
Топырақ құралу жағдайлары тайга аймағында, Енисейден шығысқа қарай, күрт өзгереді, климаты ызғарланады. Бұл өлкеде тұтас мəңгі тоң тараған өсімдік жамылғысы да ерекше, топырақ құрайтын жыныстар тас сынықтары мен үгіндісінен тұрады, қабаты жұқа болады. Сондықтан Орталық пен Шығыс Сібірде күлгін процесі айқын басылып, ерекше тайгалық қоңыр тоңды темірлі топырақтар қалыптасқаны дəлелденген. Бірақ оларға жалпы əлпет тəн болғандықтан, бір қышқыл қоңыр тайгалық топырақ типіне жатқызады.
Тайгалы-ормандық топырақтарды игеру өте қиын іс, себебі
мұнда өсімдік жамылғысы – тұтасқан орман, басым батпақтану мен тоңдану құбылыстары, топырақтың құнарлылығы төмен.
Тайгалы аймақтың Шығыс Еуропа – Батыс Сібір облысының оңтүстік жартысында егіншілік алабы 2-ақ %, ал солтүстік жар- тысында тіпті, аз (0,1%). Топырақ құнарлығын көтеру жолдары: органика-минералдық тыңайтқыштарды үстеп беру, қышқыл ортаны əк беріп бейтараптау, ауыспалы егіс пен озат агротехно- логияны енгізу, микроэлементтер қолдану топырақтың ылғал- жылу тəртібін жақсарту, эрозияға тосқауыл қою, т.б. Картоп өнімі əжептəуір (130%) əсіресе, мол берілген NPK+ торф пен көң ком- постынан көтерілген.

    1. жүктеу 3,79 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау