Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет53/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61

202
Бірақ артықшылығы - ауаның тұнықтығы. Ол бақылауды жемісті 
түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы белсенді үрдіс-
тердің физикасы, ғарыштану мен жұлдыздардың қозғалысы, 
Ай мен аспан денелерінің физикасы, ЖЖС бақылау жəне ГАЖ 
қызметі де елімізде біртіндеп дамып келеді. Осы мақсатта отандық 
ғалымдар АҚШ, Германия елдерімен тығыз байланыс орнатып, 
мамандар біліктілігін арттыруда. Соңғы кездері отандық ғалымдар 
ғарышта жиналған қоқыстардың ауқымын бақылайтын жəне оны 
зерттейтін қабілетке қол жеткізген. Институт ғалымдарының 
қазіргі таңдағы ең жоғары ғылыми жаңалықтары ретінде 42 
сейферттік галактиканың ашылуын айтуға болады.
Бүгінде Астофизика институты бүкіл Кеңістік əлеміндегі 
қараңғы материя мен қараңғы энергияны зерттеулер жөніндегі 
халықаралық жобаны іске асыруға кірісуде. Институт Қытай 
жəне Германиямен бірлесіп қара материяны зерттеулер жөніндегі 
«Жібек жолы» бағдарламасын іске асыруда. Біз Ғарыштағы 
материяның тек 3%-ын көре аламыз. Материяның қалған бөлігі 
галактика орталықтарындағы Қара аспандарда шоғырланған. 
Қараңғы материяны анықтау жəне оны зерттеу Астрофизика 
институтының негізгі іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары болып 
табылады (10.5-сурет).
10.5-сурет. Қара аспан денелерін тану


203
Жобаның бастамашысы болып отырған Германияның Хай-
дельберг астрономиялық есептеу орталығы. Алматыдағы астр-
физикалық институт та сол жоба жетекшілерінің бірі. Бұл зерттеу 
Германия грантына жүргізілуде жəне оның мақсаты - галакти-
ка орталықтарында жүріп жатқан процестердің математикалық 
сұлбасын жасау. 
Жасанды серіктері бар барлық мемлекеттер оларды тұрақты 
бақылап тұруға мұқтаж. Біздің Республика өз бойлығында басқа 
обсерваториялар бақылай алмайтын кезде ғарышты бақылай ала-
ды. Басқа ел бақылай алатын кезде біз көре алмаймыз. Сондықтан, 
əр елге ЖЖС мен астероидтарды бақылағанда өзара мəліметтер 
алмасып отырған тиімді. Ол шағын ғарыштық нысандарды 
үздіксіз бақылау мүмкіндігін береді. 
Сөйтіп, қазіргі уақытта биік таулы «Тянь-Шань» астро 
фи-
зикалық обсерваториясы, Асы-Түрген обсерваториялары бар 
В. Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты «Қазғарыш» 
ҰҒЗТО-ның дамыған ғылыми-эксперименттік базасының бірі бо-
лып отыр. 
10.2. Жер климатының ғаламдық өзгерістері жəне 
ғарыштық планетарлық мониторинг
10.2.1. Жер климатының ғаламдық өзгерістері жəне оның 
себептері
Қазіргі кездің жəне болашақтың маңызды мəселелерінің бірі 
Жер климатының өзгеруі. Бұл өзгерістердің болып жатқаны 
жəне оның əрі қарай тереңдей беретіні баршаға аян болып отыр. 
Дүниежүзілік климаттың күн санап өзгеруі соңғы уақытта адам-
заттың табиғи апаттардан көптеп зардап шегуіне алып келді. 
Бұл өзгерістердің негізгі себептері қандай? Олар циклді немесе 
қайтымсыз сипатта ма? Климаттың өзгеруіне сыртқы (ғарыштық) 
жəне ішкі (соның ішінде техногендік немесе антропогенді) 
факторлардың рөлдері қандай? Бұл сұрақтарға əлі күнге дейін 
нақтылы жауап жоқ. Табиғаттың тылсым күшін жүгендеуге əлі 
ешбір мемлекет қол жеткізген емес, дегенмен əлем ғалымдары, 
тым болмаса, алдын алу шараларын жетілдіруге күш салуда. 


204
АҚШ-тың геофизикалық зерттеулер орталығы 1984 жылы жер 
сілкіністерінің кестесін жасаған. Кестеге 1914 жылға дейінгі 2 
мың жыл ішінде орын алған үлкен жер сілкіністер саны енгізілген. 
Бұл ұзақ уақыт аралығында 856 ірі жер сілкінісі болған екен. Ал 
1914 жылдан бастап, осы кесте құрылған уақытқа дейін, демек, 
69 жыл ішінде 605 қирату күші зор жер сілкіністері байқалған. 
Осы мəліметтерге сəйкес, қазір əлемде бұрынғы уақытпен са-
лыстырғанда жер сілкіністердің жиі болатыны, тіпті 20 есеге 
дейін көбейгені байқалған.
Соңғы жылдары өзен-көлдердің қату мерзімі 9-10 күнге 
кешігуде, ал мұздар 10 күнге ерте еруде. Өзен көлдердегі орта-
ша температура 1-2 градусқа жоғарлағаны да байқалады. Бұрын 
дүниежүзі ауасының температурасы бірнеше мың жылда 0,1°С-қа 
көтерілсе, қазір соңғы 30-40 жылда 1°С-қа көтеріліп тұр. Бұлай 
болған жағдайда, болашақта Жер климаты қалай өзгеретінін, 
адамзатқа, басқа тіршілікке əсері қандай болатынын болжау 
қиын.  Əрине, мұның барлығын климаттың глобалды өзгеруінің 
куəсі ретінде айтуға болмайды. 
Дүниежүзінде аумағы бойынша тоғызыншы орынды иеленетін 
Қазақстанның климатының өзгеруі, жалпы Орта Азиядағы орын 
алатын қауіпті жағдайлар жайлы көп мəліметі бар. Қазақстанның 
Ғарыштық зерттеулер институты (ҒЗИ) жəне Қоршаған орта мен 
климатты қорғау ғылыми-зерттеу институттары (ҚОжəнеКҚИ) 
елімізде ылғалдылықтың мөлшерін, температураның жоғары ла-
уын немесе төмендеуін жəне де ғаламшарлар физикасын зерттеу 
жұмыстарын басқа елдермен бірігіп атқаруда. 
БҰҰ-ның «Даму» бағдарламасының аясында ҚО жəне КҚИ 
жетілген инновациялық жабдықтарды пайдалана отырып, клима-
тологтар Қазақстанның ауа райы өзгеруінің сценариін нақтылап 
əзірлеуде. Сценарий дегеніміз – ауа райын ұзақ уақытқа болжау 
мүмкіндігі. 
Қазақстан климатының өзгеруін бақылаған əлемдік ғалым-
дар, соңғы уақытта еліміздегі жауын мөлшерінің азайғанын ай-
тады. 2030, 2050, 2085 жылдарға жасалған сценарий бойынша 
ылғалдықтың төмендеуімен қатар, еліміздегі ауа температура-
сы 1-2° арту мүмкіндігі айқындалған. Бұл жазда аптап ыстық-


205
тың, ал қыста қатты аяздардың орын алуы. БҰҰ ғалымдары бұл 
көрсеткішті жалпы Орта Азияға ортақ деп болжауда. 
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ 
Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылдан бастап Киото 
хаттамасы Негіздемелік конвенциясын жүзеге асыруда. Əлемдік 
метеорология қауымдастығы жəне Дүниежүзі Метеорологиялық 
Ұйымы (ДМҰ) басқа ұйымдармен тығыз қызмет істейді. Өткен 
ғасырдың 70-жылдарынан бастап ДМҰ əлемдік қоғамдастықты 
мүмкін болатын климаттық өзгерулердің себебі туралы ескер-
тулермен қамтамасыз етті. Климаттық өзгерулерді болжау үшін 
математикалық модельдерде əлемдік мұхиттың циркуляциялық 
мəліметтері, сонымен қатар, жер шарындағы су мен энергияның 
жаһандық айналу циклі қолданылды.
Климаттың өзгеруін бағалау мақсатында ДМҰ БҰҰ-ның 
қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен бірлесе отырып, 
климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобын 
ұйымдастырды. Оған əлемнің жүздеген атақты климатолог-
ғалымдары кірді. Бұл топқа қазақстандық гидролометеоролог-
тар да қатысады. Аталған топтың соңғы біріккен баяндамасын-
да адамзат қызметінің климатқа əсерінің нəтижелерінен қорғану 
негіздерін көрсететін өздерінің қорытындыларын жариялады. 
Табиғаттың тосын сыйынан зардап шекпеген мемлекет жоқ. 
Ауа райының кең көлемде өзгеруіне байланысты орын алатын 
апатты жағдайлардан зардап шекпеу, оларды қажет уақытында 
үлкен дəлдікпен болжай білу жəне оған қарсы шаралар қолдану 
мəселелері БҰҰ-ның отырыстарында қаралды. Бұл мəселе 
төңірегінде жыл сайын халықаралық конференциялар мен фо-
румдар өткізіліп, əлем ғалымдары өз пікірлерін ортаға салуда.
Дүниежүзілік климаттың күн санап өзгеруіне, ғалымдардың 
жорамалдауы бойынша, мынандай негізгі факторлар əсер етеді: 
1. Қоршаған орта, оның ішінде амосфераның ластануы.
2. Жерсілкіністердің күшеюі. 
3. Дүниежүзілік мұхиттар.
4. Күн белсенділігінің өзгеруі.
5. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың Күнмен байланысының 
өзгеруі.
6. Жер жəне оның орбитасының айналу осі бұрышының 
өзгеруі, т.б.


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау