Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



жүктеу 8,63 Mb.
Pdf просмотр
бет75/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#39438
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96
ГЕНЕТИКА

ЖІКТЕЛУДІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ
МЕХАНИЗМДЕРІ
Қазіргі кезде генетиктердің алдьшда тұрған маңызды бір мәселе 
— клетканың жіктелу механизмдерін анықтау. Митоз процесінің 
нәтижесінде организмдегі бүкіл клеткалар хромосомалардың барлық 
жиынтығын 
ала алатындығы 
белгілі. 
Бірақ 
ересек 
организм 
клеткаларының құрылымдары мен функциялары бірдей болмайды. 
Оған дәлел, мысалы, инсулин белогын қарын асты безінің арнаулы 
клеткалары ғана бөліп шығарады, ал бауыр клеткасында одан басқа 
заттар синтезделеді. Сол сияқты өсімдік жапырақтарында хлорофилл 
болса, 
күлте жапырақшаларында 
антоциан т.б. 
пигменттер 
синтезделеді. Ал «осы клеткалардағы заттардың синтезделу қарқыны 
қалай реттеледі?» — дейтін болсақ, ол әртүрлі клеткалардағы түрлі 
гендердің активтілігіне байланысты. Сонымен қатар бір клетканың 
өзінде оның дамуының өртүрлі кезеңінде немесе физиологиялық 
жағдайына байланысты хромосоманың белгілі бір бөлігі ғана белсенді 
түрде қызмет атқаратындығы анықталды. Мұны өсіресе дрозофила 
шыбындарынан анық көруге болады. Солардан 
табылған алып 
хромосомалардың генетикалық картасын жасау барысында ол 
хромосомада үрлеп қойған шар тәрізді 
бөлімдердің болатындығы 
анықталған, кейінінен олар пуф деп аталды. Дернәсілдердің дамуы 
барысында ол пуфтардың өзгеріп отыратындығы, яғни хромосоманың
201


бір бөлігінде 
жоғалып кетіп, 
басқа жерінде жаңадан пайда
болатындығы байқалды. Оның өзі хромосоманың сол бөліміңце РНК 
—ның синтезделуіне байланысты екендігі анықталды.
Сонымен 
пуфтарды 
зерттеудің 
нәтижесінде 
дернәсілдің 
дамуының 
әртүрлі 
кезеңінде 
олардың 
сілекей 
бездерінің
клеткаларында арнаулы информациялық РН К синтездей алатын 
хромосоманьщ активті бөлімдері болатьшдығы белгілі болды. Бірақ 
енді сол хромосомалардың жеке бөлімдерінің белгілі бір уақытта 
жұмысқа 
кірісіп 
немесе 
жұмысьш 
тоқтатьш 
тұруы 
қандай 
факторларға байланысты болуы мүмкін? Бүл мәселе қазір жан — 
жақты зерттелуде.
Бактерия клеткаларында бірдей мезгілде активтсніп, қажетті 
ферменттердің комплексін жасап шығара алатын гендер тобы бар 
хромосома табылған. Бұл сол бактерия өсетін ортада белгілі бір 
қорекгік зат, мысалы, қант болса ғана пайда болады.
Осы тәжірибенің негізінде 50—жылдардың аяғында француз 
ғалымдары Ф. Жакоб пен Ж. Моно клеткадагы гендер активтілігінің 
реттелу механизмінің нұсқасын жасады. Бұл нүсқа үш түрлі геннен 
тұрады. Олар: белок ферменттердің синтездеріне жауап беретін 
құрылымдық гендер, ген оператор және реттеуші ген. Ген оператор 
мен құрылымдық гендерді бірге қосьш, оперон деп атайды. 
Индукция жағдайында реттеуші ген белок —репрессор жасап 
пгьнарады. Ол ген операторға келіп тіреліп, оперонньщ қызметін 
бөгейді. Бірақ клеткада белгілі бір метаболит жинақталып (зат алмасу 
өнімі, белок репрессорға қосылады да, оны ген оператордан 
ажыратып алады. Сөйтіп оперонга жүмыс істеуге мүмкіндік туады. Ал 
репрессия жағдайында белок репрессор бос күйіндс оздігінеи ген 
операторға эсер ете алмайды. Оған белгілі бір метаболит қосылганда
2 0 2


барып оперонның жұмысына бөгет бола алады, соның салдарынан 
синтез тоқталады.

жүктеу 8,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау