100
6. Өнім, жұмыс жəне қызмет түрлерін сатуды ұйымдастыру – тап сондай
аймақта жұмыс жасайтын жəне ұқсас жұмыс, қызмет түрлерін орындайтын
кəсіпорындарды
бағалау
жүзеге
асырылады; аталған
кəсіпорынның
мүмкіндіктері, бəсекелес-кəсіпорындардың өндірістік жəне өндірістік емес
мүмкіндіктерімен
қатар талданады; тұтынушылардың таңдаулары зерттеледі.
Маркетингтік зерттеу ақпарат жинаудан басқа, оны жүйелендіру мен
талдауды да жүргізеді. Бұл жағдайда екі негізгі міндет шешіледі: нарық
конъюнктурасын (геологиялық
қызметке
сұраныстың
деңгейі
мен
номенклатурасын) бағалау жəне геологиялық қызмет түрлерінің əлеуетті
тұтынушыларын анықтау (нақты тапсырыс беруші кəсіпорындарды,
геологиялық жұмыстардың номенклатурасы мен көлемдерін, сондай-ақ оларды
өндірудің ықтимал бағаларын анықтау).
Маркетингтік зерттеу үдерісі мына төрт кезеңнен тұрады: зерттеу
мəселесі мен мақсаттарын анықтау; зерттеу жоспарын дайындау; зерттеу
жоспарын жүзеге асыру; алынған нəтижелерді интерпретациялау жəне оларды
басшылық назарына ұсыну.
Зерттеу мəселесі мен мақсаты ретінде негізінен, геологиялық нарықты
зерттеу жəне геологиялық жұмыстарға тапсырыс берушілерді анықтау.
Зерттеу жоспарын əзірлеу мына операциялардан тұрады:
кəсіпорынның геологиялық қызмет нарығының жағдайы туралы
қажетті ақпаратқа
деген сұранысын анықтау;
ақпаратты жинаудың əдістері мен құралдарын таңдау. Алғашқы жəне
қосымша ақпараттарды ажыратады: алғашқы – бақылау, тексеру, сауалнамалық
сұрақ-жауап алу, сұхбаттасу (жеке жəне телефон бойынша) арқылы жиналған
мəліметтер; қосымша – маркетингтік зерттеу мəліметтерінің мақсатынан басқа
мақсатта, бұрын сыртқы жəне ішкі дереккөздерден жиналған мəліметтер.
мысалы, үкіметтік басылымдардан, биржалық бюллетеньдерден, статистикалық
жинақтардан, мерзімді баспасөзден, фирмаішілік есептерден, атап айтқанда,
жер қойнауын пайдаланушылардың аумақтық геологиялық комитеттерге
тапсыратын есептерінен;
зерттеулерді өткізуге жұмсалатын қаржы шығындарын, олардың
өткізілу кезегін, зерттеудің қайсыбір бағытына жауаптыларды анықтау.
6.5 Кəсіпорнындағы жоспарлар жүйесі
Кəсіпорнындағы жоспарлау – бұл нəтижесінде кəсіпорын мақсаттары,
оларға қол жеткізу тəсілдері жəне уақыт пен кеңістіктегі нақты əрекеттермен
байланысатын үдеріс.
Жоспарлау нəтижесінде жоспарлар жүйесі пайда болады. Кəсіпорындары
мен ұйымдарының жоспарлар жүйесі бірқатар белгілер бойынша ажыратылады.
І. Қабылданатын жоспарлау кезеңінің ұзақтығына қарай: ұзақмерзімді
негізгі жоспарлар, бағдарламалар, болжамдар (10, одан да көп жыл); орта
мерзімді болашақты жоспарлау (5 жылға дейін); қысқа
мерзімді немесе жылдық
(1 жыл); жедел.