Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет36/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85

102
геологиялық 
немесе 
өнеркəсіптік 
сипаттағы 
қызметтер; басқалары
(геологиялық  ақпарат  банктерін  құру  мен  жүзеге  асыру  бойынша  жоспарлар,
т.б.).
ІІІ. Жұмыстың  қойылуы  мен  жоспарға  енгізілуіне  қажет  негіздемелерге
сəйкес, олар былай ажыратылады:
1) мемлекеттік мақсатты жоспарлар мен бағдарламалар;
2) жұмыстар дамытудың салалық бағдарламалары;
3) маркетинг нəтижелеріне негізделген бизнес-жоспарлар, жобалар.
Кəсіпорындағы  жоспарлауға  жауапты  тұлғалар, жоспарлар  жүйесін
қалыптастыру  үдірісінің  мазмұны (негізгі  элементтері) мен  бірізділігін
анықтайды. Бұл  мақсатта, жоспарлау  үдірісін  құрастыратын  сұлбаларды
пайдалану (мүмкіндігінше, күнтізбелік  кезекте), өте  пайдалы. Жоспарлау
сұлбаларына  сəйкес, жоспарлау  бойынша  нақты  операциялар (мысалы,
бюджетті  құрастыру) тұрақты  түрде, шамамен  жылдың  бір  мезгілінде  жүзеге
асырылады. Бұл, аталған үдерістің үздіксіз болуын қамтамасыз етеді.


103
8-сурет. Ккəсіпорнының жылдық жоспары
Кəсіпорынның өндірістік-шаруашылық
қызметінің жылдық жоспар-бағдарламасы
ГБЖ, өнімді табиғи жəне бағамдық өлшемде
өндірудің қаржыландыру көздеріне қарай
бөлінген көлемдері (бюджет, келісімдер,
Өнімді табиғи жəне бағамдық өлшемде өткізу
Негізгі қорлар (жаңарту жəне пайдалану)
Айналымдық қорлар (нормативтікк қажеттілік
жəне пайдалану)
Айналымдық қаражаттар (жекекменшік жəне
Еңбек қорлары (категориялар бойынша
қызметкерлер саны)
ГБЖ өзіндік құны
Еңбек өндірісділігі
Өндіру
Өткізу көлемі
Пайда, рентабельділік
Еңбекақы қоры
Бюджетке төлемдер
Несиелерді (қарыздарды) жəне пайыздарды
төлеу
Өндірістік емес салаларды дамыту
Өнім өндіру
Қормен
қамсыздандыру
Бағалау
көрсеткіштері
Қаржылық
көрсеткіштер
Əлеуметтік даму
Кадрлар саясаты
Еңбек ету жағдайын жақсарту, еңбекті қорғау
Табиғат қорғау
шаралары


104
    6.6 Кəсіпорын қызметінің бизнес-жоспары
Бизнес-жоспардың  құрылымы, əзірленуінің  бірізділігі  мен  мазмұны.
Бизнес-жоспарлау  басқарылатын нысананың даму мақсаттарын, оған жетудің
əдістерін, тəсілдері  мен  құралдарын  анықтау, түрлі  дəрежеде  нақтыланған
əрекеттердің  жақын  араға  жəне  келешекке  арналған  жоспарын  жасау  үдерісі
болып табылады.
Қалыптасқан  экономикалық  теорияға  сəйкес, бизнес-жоспар  үш  негізгі
функцияны қамтиды (9-сурет).
9-сурет. Бизнес-жоспар функциялары
Бизнес-жоспарлар  үздіксіз  кəсіпкерлік  үдерістер  үшін  де, жеке  мəмілеге
арналып  та  жасала  береді. Сол  себепті, оларды  жиі  кəсіпкерлік  жобалар  деп
атайды.
Кəсіпорындардың қызметті бизнес-жоспарлауға көшуінің алғышарттары:
1) заңнамаға  сəйкес, кəсіпорын  өзінің  ұйымдастыру-құқықтық  нысаны
мен  жарғысына  қайшы  келмейтін  кез  келген  əрекет  ету  жоспарлары  мен
бағдарламаларын жүзеге асыруға жəне сатуға құқығы бар;
2) кəсіпорын нарықтық экономика жағдайында тапсырыс берушілерді өз
бетімен  іздестіріп, кəсіпорынның  техникалық, экономикалық  жəне  əлеуметтік
дамуының бағдарламаларын қаржыландыруға мəжбүр болады;
3) орталықтандырылған 
жоспарлаудың, сəйкесінше 
жұмысты
қаржыландырудың  болмауы  жағдайында  кəсіпорын, əсіресе  капиталды  көп
қажет ететін жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысында инвестор
іздестірумен  айналысуы  қажет; бұл  жағдайда  бизнес-жоспар  əлеуетті
инвесторларды тартудың құралы ретінде бола алады;
4) тау-кен-геологиялық  кəсіпорындардың  өніміне  тапсырыс  берушілер
мен  əлеуетті  тұтынушылардың, нарықтық  конъюнктураның  өзгеріп  отыруы
жағдайында, бизнес-жоспар  кəсіпорынның  жұмыс  бағыттарын, олардың
көлемдері  мен  номенклатурасын, өндірісті  дамытудың  басымдылықтарын,
кадрлық, ғылыми-техникалық  жəне  қаржылық  саясатын  таңдау  барысында,
кəсіпорын  қызметінің  қысқа  жəне  орта  мерзімді  стратегияларын  негіздеу
құралы болып табылады;
БИЗНЕС-ЖОСПАР
Жоспарлау функциясы -
қызметті дамыту
мүмкіндіктерін бағалау,
алынған нəтижелерді
бақылау құралы
Ақшалай қаражаттар
ды (несиелер,
ссудалар) жəне
əлеуетті
серіктестерді тарту
Бизнес
тұжырымдамасын
əзірлеуде, қызметтің
жаңа бағыттарын
дайындауда қолдану


105
5) бизнес-жоспарлау – геологиялық  барлау  жəне  тау-кен-өндіруші
кəсіпорындардың  құрылымдық  бөлімшелерінің  қызметін  фирмаішілік
жоспарлаудың тиімді құралы.
Бизнес-жоспардың негізгі міндеттері:
1. Кəсіпорында  өндірісті  дамытудың  негізгі  бағыттарын  таңдау  жəне
негіздеу.
2. Өндіріс номенклатурасы мен көлемдерін белгілеу.
3. Өндірістік, ғылыми-техникалық, т.б. бөлімшелер  қызметінің  жалпы
көрсеткіштерін қалыптастыру.
4. Тəуекел  дəрежесін  анықтау  жəне  тиімділікті  бағалау, кəсіпорындарды
немесе  нысаналарды  дамытуға  немесе  қайта  құруға  инвестиция  салудың
тиімділігін негіздеу.
5. Осы жоспарды жүзеге асыра алатын қызметкерлерді немесе команданы
таңдау. Бизнес-жоспарлау нысанасы  ретіндегі бизнес-жоспар ұғымының алуан
түрлігі мен екі ұштылығына байланысты, қойылған мақсаттарға қарай, мыналар
қарастырылады: ұзақ  мерзімді  болашақ; кəсіпорын  бөлімшелерінің  біреуі
немесе  кəсіпорын  қызметінің  жаңа  бағыты; қаражат  салуды  кəсіпорындарда
жаңа өндірістер ашуға немесе көне өндірістерді қайта құруға бағыттау; меңгеру
жобалары, лицензия алудың экономикалық тиімділігін негіздеу, т.б.
Жоспарды  құру  жəне  жүзеге  асыру – бұл  төмендегідей  сұлбамен
көрсетуге болатын үздіксіз үдеріс (10-сурет).
10-сурет. Бизнес-жоспарды құру жəне жүзеге асыру сұлбасы
Бизнес-жоспар  болашақ  кəсіпорынның  негізгі  аспектілері  мен  кездесетің
кейбір  мəселелерді  сипаттай  отырып, кəсіпорын  дамуының  мақсаты  мен
стратегияларын, ықтимал  тұтынушылар  шеңбері  мен  сатылатын  өнім, жұмыс,
қызмет  көлемдерін  анықтайды, Өндірістік  қызметке  тартылатын  өндірістік
факторлардың  қолайлы  көлемдерін  бағалайды. Бизнес-жоспар  ағымдағы (1
жыл) немесе  болашақ (3-5 жыл) жоспар  сипатында  болуы  мүмкін. Соңғы
жағдайда, жоспарлы  көрсеткіштерді  есептеу    бірінші  жылда  бөлшектенген
жəне  кейінгі  жылдары – ірілендірілген  түрде  жүзеге  асырылады. Бизнес-
жоспарды құрудың бірізділігі 11-суретте көрсетілген.
Жоспар (мақсаттар,
міндеттер, жүзеге
асыру құралдары
)
Əрекет ету
(шешім
қабылдау)
Бақылау
(жоспардың жұмыс
жасауын тексеру)
Бағалау
(нəтижелерді
жоспармен
салыстыру
)


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау