Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет31/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85

88
əлеуметтік  факторларының  болжамды  дамуы  үрдістерінің   ықтимал  бағасы.
Болжам    жоспар  құру  мақсаттары  мен  міндеттерінің  ортақтылығымен
біріктірілген, бірыңғай жоспарлау жүйесінің элементтері болып табылады.
Болжам  жасаудың  басты  функциясы – басқарушылық  шешімдер
қабылдау  мақсатында, негізделген  алғышарттар  қалыптастыру. Болжам
жоспардан бұрын жасалып қана қоймай, ағымдағы жоспарлаумен қатар болуы
мүмкін.
Бүгінде  болжам  жасаудың  көптеген  əдістері  бар (9-сурет), олардың
таңдалуы    детерминациялану  табиғаты  мен  дəрежесіне  жəне  болжам
жасалатын нысана өзгерістерінің сипатымен шартталады.
1. Фактографиялық  əдістер    болжамданатын  нысана  немесе  оның
бұрыңғы  дамуы  туралы  нақты  жинақталған  ақпараттық  мəліметтерге
негізделеді. Бұл əдістердің мына түрлерін ажыратады:
1.1 Статистикалық  əдістер -  болжамданатын  нысана  туралы  санды
ақпаратты  өңдеу  əдістерінің  жиынтығын, болжамды  үлгілер  алу  мақсатында,
онда  қамтылған  математикалық  заңдылықтар  мен  сипаттамалардың  өзара
байланысын  анықтау  қағидасына  сəйкес  біріктіреді. Оларға: қарапайым
функцияларды таңдау жолымен экстраполяция, полиномдермен математикалық
таңдау, т.б. экстраполяция  жəне  интерполяция  əдістері; регрессия  жəне
корреляция  əдістері – авторегрессивті  үлгілер, көптік  регрессия  жəне
корреляция  үлгілер, т.б.; факторлық  үлгілер – болжамданатын  нысананы
басқарудың көпфакторлы үлгілері жатады.
1.2 Аналогиялық  əдістер – түрлі  үдерістердің  даму  заңдылықтарында
ұқсастықтарды  айқындап, соның  негізінде  болжам  жасауға  бағытталады.
Ұқсастықтардың түрлері: математикалық ұқсастықтар  мұнда болжамданатын
нысанаға  аналог  ретінде  даму  үдірісінің  математикалық  сипаттамасына  ие
болатын, болжамданатын  нысананың  сипаттамасына  ұқсас, табиғаты  басқа
нысаналар  қолданылады; тарихи  ұқсастықтар    мұнда  аналог  ретінде
болжамданатын  нысана  дамуының  уақытына  қарай, алдыға  шығатын  ұқсас
физикалық табиғат үдерістері пайдаланылады.
1.3 Алдын  алу  əдістері – ғылыми-техникалық  ақпаратты (ҒТА) арнайы
өңдеу  қағидаларына  негізделіп, болжамда  ғылыми-техникалық  үдерістің
айқындалған  үрдістерін  жүзеге  асырады. Олар  мыналарды  қамтиды: ҒТА
түрлері  негізінде  санды-сапалы  динамикалық  қатарлардың  құрылуы  мен
олардың  негізінде  сəйкес  нысананың  болжамдалуын  қарастыратын  ҒТА  даму
қарқынын  зерттеу  əдістері; техника  деңгейін  зерттеу  жəне  бағалау  əдістері
(ҒТА  санды  жəне  сапалы  талдаудың  арнайы  əдістері  арқылы  қолда  бар  жəне
жобаланған техниканың сапа деңгейінің сипаттамалары анықталады).


89
4-сурет. Болжамдау əдістерінің жүйесі
2. Сараптамалық  əдістер – жүйелендірілген  шаралар  барысында
сарапшы-мамандардың  ұсынып  отыратын  ақпаратына  негізделеді. Бұл  əдістер
болжамданатын  нысана  туралы  айтарлықтай  қомақты, əрі  шынайы  ақпарат
болмай  немесе  шешім  қабылдауға  уақыт  тапшы  болған  кезде (төтенше
жағдайларда) қолданылады.
Сараптамалық бағалау əдістері екі үлкен төменгі класқа бөлінеді:
2.1 Тікелей    олар əрбір сарапшының пікіріне  басқа  бір сарапшылардың
немесе ұжымның пікірі ықпал етпейтіндей жағдайда қабылданған сарапшылар
ұйымының (немесе  олардың  біреуінің) тəуелсіз жалпыланған  пікірін  алу  жəне
өңдеу  қағидасы  бойынша  құрылады. Олар  мыналарға  ажыратылады:
сараптамалық  сауалнама (ақырғы  нəтижені  қалыптастыру  сарапшылардың
арнайы  дайындаған  сұрақтарына  берілген  жауаптарды  өңдеуден  кейін  жүзеге
асырылады); сараптамалық  талдау (болжамданатын  нысананы  жан-жақты
талдау  нəтижесінде, сарапшылар  қойылған  мақсатқа  жетелейтін  сұрақтар
қойып, оған өздері жауап береді).
2.2 Кері  байланыспен – мұндай  сараптамалық  бағалаулар  қай  күйінде
болса  да, сараптамалық  топ (бір  сарапшы) бағасына  сол  топтан  немесе  оның
мүшелерінен  бұрын  алынған  пікір  арқылы  ықпал  ете  отырып, кері  байланыс
қағидасын  жүзеге  асырады. Кері  байланысы  бар  сараптамалық  бағалаулардың
өз аппаратында əдістердің үш тобы болады:
  сараптамалық  сауалнама – жоғарыда  аталған  мағынадағы  кері
байланыстармен 
шектесетін 
регламенттелген 
қатынассыз 
сауалнама
шараларымен сипатталады;
Болжамдау əдістері
Құрама
Сараптамалық
Фактографиялық
Статистикалық
Аналогиялы
Алдын алу
Тікелей
Кері байланыспен
Экстра
поляция ж
əне
интерполяция
Рег
рессия 
мен корреляц
ия
Факторлы
қ ү
лгілер
М
ат
ем
ат
ик
алы
қ 
ан
ало
гиял
ар
Тарихи
ұқ
састы
қтар
ҒТ
Ж зерт
телг
ен нам
икасы
Тех
ника
ның
 з
ерт
телг
ен
де
ңг
ейл
ері
Сауалн
ама
Т
алдау
Сауалн
ама
И
дея
лар
ды г
ен
ер
ац
иял
ау
Ойынд
ы
қ ү
лгі
лер


90
  идеяларды  генерациялау    əдіс  мəселе  қарастырылатын  кезең  бойына
сарапшылардың  тікелей  қатынас  жасау  қағидасына  негізделеді. Бұл  топқа
кеңінен танымал болған «ой шабуылы» жатқызуға болады;
  ойындық  үлгілеу    əдіс  ойын  теориясының  аппаратын  қолданады.
Əдетте, сарапшылар  ұжымы  мен  есептеу  машиналарының  өзара  қарқынды
əрекеттесуінің үйлесімі арқылы жүзеге асырылады.
3. Құрама  əдістер – бастапқы  ақпарат  ретінде  фактографиялық  жəне
сараптамалық мəліметтер қолданылатын аралас ақпараттық негізі бар əдістер.
Іс жүзінде əдетте аталған əдістердің жиынтығы қолданылады.
Жоспарларды  құрастыру  барысында  ұйым дамуының басымдылықтарын
айқын  ұғына  білу  қажет. Кез  келген  жоспар, өзі  қолданылатын  салалардағы
жоспарлы  шешімдердің  үйлестірілуін  алдын  ала  қарастыруы  тиіс
(кəсіпорынның  маркетингтік  жəне  сату  саясатын  қалыптастыру  барысында,
жекеменшік  жəне  несиелік  қаржы  қорларын  пайдаланудың  бағыттарында,
неғұрлым  озық  техникалық  жəне  технологиялық  шешімдерді  қолдануда,
кəсіпорынның 
өндірістік 
бағдарламасын 
қалыптастыру 
барысында,
кəсіпорынды  материалдық-техникалық  қамсыздандырудың  неғұрлым  ұтымды
сұлбасын  талдауда, кадрлық  саясатты  жүзеге  асыру  барысында, т.б.).
Кəсіпорынның  барлық  құрылымдық  бөлімшелері 
өзара 
байланыста
болғандықтан, олардың  біреуіне  немқұрайлы  қарау, түгел  кəсіпорынның
жұмысына əсерін тигізуі мүмкін.
Нарықтық  экономика  жағдайында  жоспарлау  үшін  жауапкершілік,
толығымен  кəсіпорын  басшысына  артылады, ол  өз  кезегінде  кəсіпорынның
құрылтайшылары  алдында  есеп  береді. Басшы  кəсіпорынның  таңдаған
жоспарының  қолайлылығын, орындалу  мүмкіндігін, оны  жүзеге  асыру
барысында  пайда  болатын  тəуекелдерді  бағалап, жоспардың  орындалуы  үшін
жеке жауап беруі тиіс.
Кəсіпорындағы  жоспарлаумен  байланысты  жұмыс  негізгі  бес  кезеңге
бөлінуі мүмкін (5-сурет).
1. Кəсіпорынның  сыртқы  жəне  ішкі  орта  факторларын  талдау.  Бұл
кезеңде кəсіпорынның шынайы жағдайы мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ сыртқы
факторларының  өзгеру  үрдістерін  анықтау  мақсатында, кəсіпорынның  сыртқы
жəне  ішкі  факторларының  негізгі  компонеттерін  зерттеу  мен  талдау  іске
асырылады. Бұл жерде нарық сұранысы мен мүмкіндіктері, нарықта орын алған
жəне  алуы  мүмкін  бəсекелестері, ғылыми-техникалық  ілгерілеудің  даму
бағыттары  туралы  шынайы  маркетингтік  ақпараттың  жеткілікті  көлемінің
болуы үлкен рөл атқарады.
Сонымен  қатар, қолда  бар  құрал-жабдықтардың  саны  мен  өндірісділігі,
мамандардың  біліктілігі , т.б. туралы  мағлұмат  беретін  ішкі  құжаттар  да
белсенді  түрде  пайдаланылады. Осы  сатыда  кəсіпорынның  алдыңғы  кезеңдегі
атқарған қызметінің нəтижелері бағаланады.
2. Кəсіпорынның мақсаттары мен оларға жету əдістерін белгілеу. Бұл
кезең, кең  мағынасында, стратегиялық  жоспарлау  болып  табылады. Əдетте,
кəсіпорынның  миссиясы (тұжырымдамасы) мен  мақсаттарын  белгілеуге  тек


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау