Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет74/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   168

232

арнайы  дайындық  барысында  басқа  спорт  түрлерінде  кездесетін 

жаттығулар түрлерін де қолдану тиімді.

Негізгі арнайы дайындықта қолданылатын жаттығулар қарқыны 

жарыстық кездегі қарқын талабы бойынша орындалады, немесе 85-

90% көлемінде, кей жағдайларда жаттығу қарқыны жарыстық талап-

тардан да артып кетеді. 

Сайып  келгенде,  спортшының  дене  дайындығы    жалпы  дене 

дайындығы  (ЖДД),  алдыңғы  арнайы  дайындық  (АДД 1), негізгі 

арнайы дайындық  (НАД 2) сатыларынан тұрады. Бұл сатылардың 

өтуі бір-бірімен тығыз байланысты. Мəселен, бастапқы жалпы дене 

дайындығының  жақсы  өтуі  кейінгі  сатылардың  нəтижелі  болуын 

қамтамасыз етеді. 

Сондықтан,  жылдық  жаттығу  жұмыстарын  іске  асыру  кезінде 

барлық дайындық сатыларының бір-бірімен орынды алмасып оты-

руы, болашақ спорттық жетістіктердің тұрақты болуына ықпал етеді.

Дене  дайындығын  арттырудағы  көрсетілген  үш  саты  барысын-

да, бірінші кезеңде жаттығу жұмыстарының көлемі ұлғая отырып, 

қарқыны  орташа  сақталатын  болса,  келесі  бөлімдерде  көлемі  азая 

отырып, есесіне қарқыны арта түседі. 

Дене  дайындығын  арттырудың  барлық  сатылары  жылдық 

жаттығу жұмыстарында іске асырылып, бірінші жəне екінші саты-

сы дайындық кезеңінде, ал үшінші негізгі арнайы дайындық сатысы 

жарыстық кезеңінде жүргізіледі. 



Жаттықтыру үдерісінің физиологиялық негіздері  

Организмнің 

дене 

сапалары 



дамуы 

мен 


қызметтік 

мүмкіндіктерінің  өсуі  нəтижесінде,  жалпы  (арнайы  емес, 

мамандандырылмаған)  дайындық  базасында  ғана  таңдаулы  спорт 

түрінде  спортшы  дайындығының  мамандандырылған  түріне  ал-

масуы  жүзеге  асырылады.  Бұл  үдеріс  мүмкіндігінше  үздіксіз  болу 

қажет, яғни үзілістер болмауы шарт, өйткені жүйелі түрде өткізілген 

сабақтардағы үзілістер осыған дейін меңгерілген қимыл дағдылары 

мен    қол  жеткізген  қимыл  əрекеттерінің  сапалық  көрсеткіштері 

деңгейінің  дереу  төмендеуіне  əкеледі.  Мысалы,  жасөспірімдерде 

бір жыл жаттығу барысында қол жеткізген бұлшық ет күшінің өсуі 

жаздық демалыстан кейін толығымен жойылатындығы анықталған 

(Солодков А.С., 1999). 




233

Жаттығу  үдерісінің  циклділігі  арнайы  жұмысқа  қабілеттіліктің 

ең жоғары деңгейге өтуінің дайындық кезеңдері (3-4 ай) барысында 

біртіндеп  жүзеге  асырылуымен  байланысты.  Жарыс  кезеңдерінде 

спортшы  жұмысқа  қабілеттіліктің  жоғары  деңгейіне  жетеді, 

алайда,  бұл  қол  жеткен  адамның  функциялық  жəне  психикалық 

мүмкіндіктерінің ең жоғары деңгейін тек шектеулі уақыттарда (4-5 

айдан  көп  емес)  ғана  ұстап  тұра  алады.  Осыдан  кейін  белгілі  бір 

тынығу  қажет  жəне  басқа  əрекет  түріне  ауысып,  жүктемені  азайту 

керек. Жылдық жаттығу циклі (немесе жылына 2 цикл) аралық мезо-

циклден, ол апталық микроциклдерден тұрады, яғни жылдық цикл, 

мезоцикл,  апталық  микроцикл  болып  бөлінеді.  Мұндай  циклділік  

адам  организмінің  табиғи  биоырғақтарына  сəйкес  келеді  жəне 

осымен  қатар  қолданатын  дене  жүктемелерін  түрлендіріп  отыруға 

мүмкіндік береді.  

Тынығудың  оптималды  интервалдарын  жасай  отырып, 

дене  жүктемелерін  ауырлығы  бойынша  дұрыс  кезектестіру 

организмнің  суперкомпенсациясын,  яғни  «қайта  қалпына  келуін» 

қамтамасыз  етеді.  Бұл  келесі  жаттығу  сабақтарының  бастапқымен 

салыстырғанда  жоғарырақ  жұмысқа  қабілеттілікпен  басталуына 

əкеледі.  Мұндағы  режимде  спортшы  нəтижелері  бұлжытпай  өседі 

жəне оның денсаулығы сақталады.  Өте ұзақ интервалдар ешқандай 

өсімге əкелмесе, ал жеткіліксіз интервалдар жұмысқа қабілеттіліктің 

төмендеуі мен организмнің функциялық күйінің нашарлауына əкеліп 

соғады. 

Жаттығу  жүктемелері  қызметтік  мүмкіндіктердің  қол  жеткен 

деңгейіне байланысты біртіндеп жоғарылап отыру керек, əйтпесе, 

тіпті, жүйелі түрде жүргізілген сабақтар кезінде де тек оларды ұстап 

тұратын ықпал ғана қамтамасыз етіледі. Мысалы, дене жүктемелері 

кезінде  жүректің  жиырылу  жиілігі  (ЖЖЖ)  жастарда 150 екп/мин. 

жоғары  болу  керек,  ал  егде  жастағы  адамдарда 130 екп/мин.  асу 

қажет.


Жоғары  спорттық  нəтижелерге  жету  үшін  жаттығудың 

функциялық  пен  құрылымдық  ізін  қалдыра  отырып,  орталық 

жүйке жүйесінің (ОЖЖ), қозғалыс аппаратының жəне вегетативтік 

жүйелердің қызметтік қорларының  мобильденуін тудыратын мак-



сималды жүктемелер қолданылуы тиіс.  

Жаттығу əсерін анықтайтын факторларды анализдеу нəтижесінде:

1. Жаттығудың негізгі функциялық əсерлері;



234

2. Жаттығу  əсері  туындауға  қажетті  табалдырыққа  тең  (сыни) 

жүктемелер;

3. Жаттығу əсерінің арнайылылығы;

4. Жаттығу əсерінің кері қайтымдылығы;

5. Жаттығу əсерінің мөлшерін анықтайтын жаттығудың дəрежесі 

сияқты физиологиялық заңдылықтар айқындалған (Коц Я. Ц.,1986).

Жаттығудың 2 негізгі функциялық əсері.

Дене  жаттығуларының  белгілі  бір  түрімен  жүйелі  түрде 

шұғылдану:

1. Шынығу  жаттығуларының  орындалуын  қамтамасыз  ететін 

тұтас  организмнің  жəне  оның  жетекші  жүйелерінің  максималды 

қызметтік мүмкіндіктерінің күшеюі;

2. Бұлшық  ет  қызметін  арнайы  жаттықтыру  барысында  тұтас 

организмнің  жəне  оның  мүшелері  мен  жүйелері  қызметтері 

тиімділігінің (үнемділігінің) жоғарылауы сияқты екі негізгі жағымды 

функциялық əсер береді. 

Бірінші əсерге шекті, максималды, тестілер (жаттығулар) орын-

дау  кезінде  айқындалған  максималды  көрсеткіштердің  өсуі  дəлел 

болады.  Бұл  көрсеткіштер  аталмыш  бұлшық  ет  əрекетінің  түрін 

орындауға қажет организмнің максималды қызметтік мүмкіндіктерін 

көрсетеді.  Мысалы,  төзімділік  жаттығуларының  əсері  жөнінде 

организмнің  максималды  аэробтық  мүмкіндіктерінің – максимал-

ды аэробтық қуаттылық пен максималды аэробты сыйымдылықтың  

(белгілі  бір  қуаттылықты,  мысалы,  ОМП  деңгейіндегі  аэробты 

бұлшық ет жұмысын орындау ұзақтығының) артуы куəландырады. 

Ал екінші əсер болса, стандартты максималды емес жүктемелерді 

орындау кезінде организмнің түрлі жетекші жүйелері мен мүшелері 

қызметтерінің  өзгерістерінің  азаюымен  көрінеді.  Мəселен, 

бірдей  жүктемені  орындау  кезінде  жаттыққан  адамда  спортпен 

шұғылданбаған адаммен салыстырғанда немесе белгілі бір жаттығу 

кезеңінен  кейін  сол  адамның  өзінде  функциялық  (ЖЖЖ,  өкпелік 

вентиляция, қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу белсенділігі деңгейі 

мен мөлшері, дене температурасы, қандағы лактат, катехоламиндер 

жəне басқа да гормондардың концентрациясы, симпатикалық жүйке 

белсенділігі  жəне  т.б.)  өзгерістер,  сонымен  қатар  сол  жүктемені 

орындау кезінде энергиялық шығындардың төмендеуі (мысалы, О

2

  

пайдаланудың  кемуі)  азырақ  байқалады.  Соңғы  аталған  феномен 



орындалуы қозғалыстың күрделі координациясын меңгерумен жəне 


жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау