Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет70/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   168

220

Бірінші сатыда дəлдік, екіншіде дəлдік пен жылдамдық, үшіншіде 

дəлдік жəне жылдамдық өзгермелі жағдайда орындалады.

Ептілікті қалыптастырудың жолдары:

 

– жаңа қозғалыс түрлеріне тəрбиелеу;



 

– бұлшық еттердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

 

– барлық жағдайда тепе-теңдікті сақтауға үйрету (Д. Оңғарбаева 



жəне əріпт., 2013).

Сонымен,  ептілік  бір  жағынан  адамның  күтпеген  жағдайларда 

қимыл  əрекеттерін  тез  арада  қалыптастыра  алатын  белгілі  бір 

шығармашылық  қабілеті,  ал  басқа  жағынан  оның  координациялық 

(үйлесімділік) мүмкіншіліктері деп түсіндіріледі. 

Иілгіштіктің  даму заңдылықтары мен механизмдері

Иілгіштік  немесе  икемділік  үлкен  амплитудалы  буындарды 

қозғалта білу қабілеті, яғни буын қозғалмалығы ретінде анықталады. 

Буындар – араларында  «үзіктер»,  яғни  буын  қуысы  болатын 

сүйектердің  үзікті  қозғалмалы  байланысуы.  Адамның  иілгіштік 

қабілеті  деп  дене  жаттығуларын  үлкен  амплитудалық  жағдайда 

орындай  білуін  айтады.  Ол  арнайы  гониометр  құралдарыарқылы 

өлшенеді.

Ол  қозғалыс  аппаратын  басқара  білу  қабілетіне  жəне  оның 

морфологиялық-физиологиялық  ерекшеліктеріне  (бұлшық  ет 

тұтқырлығына,  сіңірлердің  серпімділігіне  (эластикалығына), 

омыртқа  аралық  дискілер  күйіне)  байланысты.  Иілгіштік  дене  са-

пасы баланың 15 жасқа дейінгі уақытында өзінің табиғи қалпымен 

өседі,  одан  кейінгі  уақытта  бұл  қабілеттілік  төмендей  бастайды. 

Сондықтан иілгіштік қабілетті ерте бала жастан тəрбиелеу пайдалы 

болып келеді. Бұл дене сапасы сыртқы қоршаған ортаның темпера-

турасына да байланысты өзгереді, тамақтанғаннан кейін төмендейді. 

Иілгіштік сапасы бұлшық еттерді қыздырған кезде жақсара түседі, 

ал суықта нашарлайды.   Күш пен иілгіштік бір-біріне кедергі болып 

жататын  кездер  де  байқалады,  бұл  жағдайды  арнайы  жаттығулар 

арқылы  реттеуге  болады.  Ол  ұйқы  кезінде  жəне  қажу  жағдайында 

төмендейді.  Иілгіштік  мөлшері  таңертең  минималды  болып,  түс 

кезіне таман (12-17 сағатта) максимум мəнге жетеді.  Иілгіштіктің 

артуы  сөре  алдыңғы  қозу  күйінде  жүректің  жиырылу  жиілігі 



221

жоғарылаған  кезде,  бұлшық  еттерден  қан  ағысы  жылдамдағанда 

көрініс  береді  жəне  бой  жазу  нəтижесінде  олардың  қыздырынуы 

орын алады.

Иілгіштіктің активті жəне пассивті түрлерін ажыратады: 

1.  Активті  иілгіштік  буындардағы  ерікті  қозғалыстар  кезінде 

көрінеді, яғни буындардың  бұлшық еттер көмегімен ең жоғарғы ам-

плитудада жұмыс жасай алу мүмкіндігін айтады. Үлкен амплитудада 

жұмыс жасау қабілетіне арнайы бұрылу, сілтеу, созу жаттығуларын 

орындату арқылы іске асырады. 

Жаттығу  кезінде  қосымша  салмақтарды  пайдалану  жаттығула-

рын енгізуге ерекше көңіл бөлу қажет. Қосымша салмақтарды пай-

далану  буынға,  бұлшық  еттерге  инерциялық  қозғалыс  созу  əсерін 

беру арқылы іске асырылады.

2. Пассивті иілгіштік сыртқы күш əсерінен бұлшық еттердің со-

зылуы  кезінде  байқалады,  яғни  сыртқы  күшті  пайдалану  арқылы 

(мысалы, адам күшін) үлкен амлитудаға жетуге бағыттап қолданады. 

Осы  жаттығулардан  басқа  статикалық  жаттығулар  да  кеңінен 

қолданылады. 

Статикалық  жаттығуларды  орындау  кезінде  буынның  ең  шекті 

амплитудада  жұмыс  жасауын  қозғалыссыз  жағдайда  ұстап  тұру 

қадағаланады.  Жаттығуларды  статикалық  жағдайда  орындау 

пассивті түрге қарағанда, иілгіштікті арттыруда тиімді болып сана-

лады.


Буынның қозғалмалылығын кемітетін сол буынның жанындағы 

бұлшық  еттер  болып  табылады.  Сондықтан  алдымен  буын 

жанындағы бұлшық еттердің созылғыштығын (эластикалығын) арт-

тыру қажет. Бұлшық еттердің созылғыштығы сол бұлшық еттердің 

дұрыс босай алмау жағдайынан болады, сондықтан бұлшық еттерді 

босаңсытуға арналған жаттығуларды көп беру қажет.

Ерлермен  салыстырғанда  əйел  адамдар  сіңір-бұлшық  ет 

аппаратының жоғары икемділігіне ие, осыған орай оларға көлденең 

шапқа отыру сияқты көптеген күрделі жаттығуларды меңгеру оңайға 

түседі. Кемел жас пен егде жастағы тұлғаларда барлығынан бұрын 

омыртқа  икемділігі  төмендегенмен,  саусақ  пен  алақан  икемділігі 

бəрінен  ұзақ  сақталады.  Егде  жаста  инволюциялық  (кері  даму) 

өзгерістер  сіңір  шоқтарының  дезорганизациясы  (құрылымының 

бұзылуы) мен сіңірлердің серпімділік қасиеттерінің кемуіне əкеледі. 

Сонымен қатар шеміршектердің эластикалық қасиеттері аталмыш  жас 

кезеңінде төмендей бастайды.




222

Спорттық практикадағы иілгіштік түсінігі

Тəжірибеде иілгіштіктің жалпы жəне арнайы түрлерін ажырата-

ды.

Жалпы  иілгіштік  барлық  жалпы  жетілдіру  дамыту  жаттығула-

рының түрлерін қолдану кезінде арттырылады.



Арнайы  иілгіштік  негізінен  спорт  түрінің  ерекшелігіне 

бағытталған  жұмыс  кезінде  іске  қосылатын  буындар  мен  бұлшық 

еттер  мүмкіндігін  жетілдіруге  арналады.  Сондықтан  арнайы 

жаттығулар түрлері таңдаған спорт түріндегі қозғалыстармен бірдей 

болып келеді.

Иілгіштіктің барлық түрлерін арттыруға қажетті ұсыныстар:

 

– буындардың  қозғалмалылығын  арттыру  үшін  берілген 



жаттығуды көп рет қайталау қажет. Сонымен қатар жаттығудың бір 

түрін  қайталай  беруге  болмайды.  Əртүрлі  жаттығуларды  қолдану 

адамның психикасына жағымды əсер етеді;

 

– əр  спортшыға  оның  спорт  түрінің  ерекшелігіне  арналған 



жаттығулар  арнайы  таңдалынып  алынады.  Мысалы,  кедергілерден 

жүгірушілерге  арналып  үш  түрлі  бағыттағы  жаттығулар  алынады. 

Бірінші  «шпагат»  аяқтарды  неғұрлым  горизанталды  бағытта  созу 

мүмкіндігіне  арналған  жаттығулар.  Екінші  кедергіден  еңкейіп  өту. 

Үшінші кедергіден өту кезінде аяқты жанына көтеру;

 

– иілгіштік қабілетті арттыруға арналған жаттығуларды бермес 



бұрын алдымен барлық денені жақсы қыздырыну;

 

– буын  амплитудасының  шегі  созылушы  бұлшық  етте  ауыру 



əсерінің  пайда болуы;

 

– бұлшық  еттердің  жаттығу  орындағаннан  кейінгі  келесі  күні 



пайда болуы, жаттығуды тым көп бергеннің көрінісі болып табыла-

ды;


 

– жаттығу  сабақтарында  берілген  бір  бағыттағы  жаттығулар 

саны 80-120 жеткен  кезде  оны  əрі  қарай  көбейтуді  доғарған  жөн, 

соңынан  қайталау  саны  кемігенімен  орындау  амплитудасын 

төмендетпеу қажет.

 

– жарыстық  уақыттарда  иілгіштік  қабілетті  аптасына 2-3 рет 



жаттығу санын 3-4 рет кемітілген жағдайда қайталап отырған тиімді;

 

– иілгіштікке  арналған  арнайы  жаттығуларды  орындауды 



кемітсе  иілгіштік  мүмкіндігі 2-3 айдан  кейін  мүлдем  төмендеп 

кетеді, сондықтан үзіліс əсіресе, үлкен адамдарда 1-2 аптадан арт-

пауы қажет.



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау