Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


Бұлшық ет аппараты жəне төзімділік



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет67/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   168

211

Бұлшық ет аппараты жəне төзімділік

Спортшының  төзімділігі  өз  кезегінде  бұлшық  ет  талшықтары-

ның  арнайы  құрылымдық  жəне  биохимиялық  қасиеттерімен 

анықталатын  оның  бұлшық  ет  аппаратының  физиологиялық 

ерекшеліктеріне едəуір мөлшерде тəуелді болады. 

Бұлшық  ет  композициялары.  Адамның  бұлшық  ет  талшық-

тары екі негізгі баяу (І) жəне жылдам (ІІ) типтерге жататыны белгілі 



(осы тараудағы 41-суретті қараңыз).

Жылдам талшықтардың: жылдам тотығу-гликолиздік (ІІ-А) жəне 

жылдам гликолиздік (ІІ-В) сияқты 2 түрі бар. Баяу талшықтар жыл-

дам талшықтарға қарағанда төзімділік жаттығуларын орындауға тəн 

энергия өнімділіктің аэробтық типі басым келетін ұзақ, салыстырма-

лы күшті емес қайталап жиырылуға жақсырақ бейімделген.

Төзімділіктің  көрінуімен  қатар  жүретін  спорт  түрлерінің  ай-

тулы  өкілдерінде  бұлшық  ет  композицияларының  ажыратылатын 

ерекшелігі олардың бұлшық еттерін құрайтын баяу талшықтардың 

салыстырмалы  жоғары  пайызы  болып  табылады.  Мұнда  баяу 

талшықтар пайызы мен ОМП арасында тура байланыс бар. Осымен 

қатар спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда спортшылар-

да баяу талшықтардың бірдей пайызы кезінде ОМП жоғары болады. 

Кейбір  мəліметтер  бойынша  ұзақ  қашықтыққа  жүгірушілерде 

(стайер) жаттықпаған адамдарға қарағанда, орта есеппен шамамен, 

1,5  есе  көп  болатын  баяу  талшықтар  барлық  зерттелген  бұлшық 

ет  талшықтарының 80%-ға  жуығын  құрайды.  Мұның  теориялық 

жағынан  екі  себебі  бар.  Бірінші  себеп,  бұлшық  еттердегі  баяу 

талшықтардың  басым  түсуі  туа  пайда  болған,  генетикалық  алдын 

ала  анықталған  болуы  мүмкін.  Бұлшық  ет  аппаратының  мұндай 

ерекшеліктері  бар  адам  атап  айтқанда,  неғұрлым  баяу («төзімді») 

талшықтардың  белсенді  қатысуын  қажет  ететін  спорт  түрлерінде 

жоғары  нəтижелерге  жетуде  зор  мүмкіндіктерге  ие.  Екінші  себеп, 

баяу талшықтар пайызының артуы төзімділікке жаттықтыру сал-



дары болып табылады жəне жылдам талшықтар санының сəйкесін-

ше,  азаюы  есебінен  жүреді.  Қазіргі  уақыттағы  бар  мəліметтер 

бірінші жорамалды растайды. 

Біріншіден,  баяу  талшықтардың  өте  жоғары  пайызы  ешқашан 

спортпен айналыспаған адамдарда да байқалады. Бұл жағдайда олар 

жақсы  ұзақ  қашықтыққа  жүгіруші  (стайер)  болуға  табиғат  берген 

мүмкіндікті пайдаланбаған деп болжау орынды.




212

Екіншіден

тіпті, 


көптеген 

айлар 


бойы 

төзімділікке 

жаттықтырудың өзі дегенмен төзімділікке қатысты айқын əсерлерді 

тудыра отырып, яғни спорттық нəтижені, ОМП, баяу талшықтардың 

жуандығын жəне тотығу метаболизмі ферменттерінің белсенділігін 

жоғарылатса да, бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу талшықтардың 

қатынасын өзгертпейді.

Үшіншіден, қарқынды жаттықтырылған бұлшық еттерде тотығу 

потенциалы  жəне  т.б.  биохимиялық  сипаттамасы  жоғары  болса  да 

осы жəне аз жаттықтырылған бұлшық еттердегі баяу жəне жылдам 

талшықтардың пайызы бір маманданған спортшыларда мөлшермен 

бірдей болады. Аяқ бұлшық еттеріне көп жүктеме түсе орындалатын 

жаттығушыларда бұл бұлшық еттердегі баяу талшықтардың пайызы 

қол бұлшық еттердегі шамасындай болады.

Төртіншіден, монозиготалы (генетикалық идентивті) жəне дизи-

готалы  (генетикалық  идентивті  емес)  егіздерді  зерттеу  нəтижелері 

біріншілерде бұлшық еттердегі талшықтардың екі типі қатынасының 

(тіпті,  егер  екеуінің  бірі  спортпен  белсенді  шұғылданып,  ал 

екіншісі  шұғылданбаса  да)  өте  таяу,  ал  екіншілерде  бұлшық  ет 

композицияларының  көп  вариациялы  болуының  мүмкін  екендігін 

көрсетеді.

Сонымен бірге төзімділікке жаттықтыру кезінде жаттықтырыл-

ған  бұлшық  ет  композициясында  бəрібір  де  белгілі  арнайы  қайта 

құрылулар жүреді. Спортшының жүктеме түскен бұлшық еттерінде 

жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ-В) жоқ десе де болады жəне жыл-

дам талшықтардың негізгі массасын жылдам тотығатын талшықтар 

(ІІ-А) құрайды. Осылайша төзімділікке жаттықтыру баяу жəне жыл-

дам бұлшық ет талшықтарының өзгеріссіз қатынасы кезінде жылдам 

талшықтардың  басым  бөлігінің  (немесе  бəрін)  жылдам  тотығатын 

талшықтарға (ІІ-А) айналуына себепші болады. Бұл ұзақ төзімділік 

жаттығуларын  орындауға  неғұрлым  бейімделген  жəне  негізінен 

аэробтық  метаболизмге  қабілетті  талшықтардың  жалпы  пайызын 

арттырады. 

Бұлшық  ет  талшықтарының  құрылымдық  ерекшеліктері

Төзімділікке жаттықтыру əсерлерінің бірі бұлшық ет талшықтары-

ның  жуандығының  артуы,  яғни  жұмыс  гипертрофиясы  болып  та-

былады. Бұл туралы спортшылар мен жаттықпаған ер адамдардағы 

түрлі  типтегі  бұлшық  ет  талшықтарының  көлденең  кесіндісі 

ауданындағы  айырмашылықтар  куəландырады.  Төзімділікке 




213

жаттықтыру  бұлшық  ет  талшықтары  саркоплазмалық  кеңістігінің 

ұлғаюымен  көп  мөлшерде  байланысты  саркоплазмалық  типті 

жұмыс гипертрофиясына əкеледі.

Елеулі  маңызды  өзгерістер  мұнда,  сонымен  қатар  бұлшық 

ет  талшықтарының  жеке  фибрилдер  аралық  құрылымдық 

компоненттерінде,  əсіресе,  митохондрияда  жүреді.  Төзімділікке 

жаттықтыру  үдерісінде  бұлшық  ет  талшықтарының  митохондрия-

лық мембранасын құрайтын белоктар синтезі күшейеді. Нəтижесінде 

бұлшық ет талшықтары ішіндегі митохондрия саны мен өлшемі ар-

тады. Жоғары білікті спортшыларда, мысалы, орталық жəне шеткі 

митохондрияның  көлемдік  тығыздығы  жаттықпаған  адамдарға 

қарағанда сəйкесінше, 50 жəне 300% көп. Спортшы жəне спортпен 

шұғылданбайтын əйелдерде митохондрияның көлемдік тығыздығы 

мен өлшемі ер адамдарға қарағанда азырақ келеді. Қаншалықты ми-

тохондрия саны мен көлемі артқан сайын (жəне сəйкесінше тотығу 

метаболизмі  митохондриялық  ферменттер  белсенділігі  жоғары), 

соншалықты  бұлшық  еттердің  оған  қанмен  жеткізілген  оттегіні 

утильдеу қабілеті жоғары болады.

Бұлшық  ет  талшықтарының  капиллярлануы.  Төзімділікке 

жаттықтыру  бұлшық  ет  талшығын  қоршап  жатқан  капилляр-

лар  санының  артуын  тудырады,  сондықтан  ең  əуелі  бір  бұлшық 

ет  талшығына  келетін  капиллярлар  саны  өседі.  Сондықтан 

талшықтардың  жуандауына  (гипертрофиясына)  қарамастан  капил-

лярдан неғұрлым олардың ішіндегі алыстау (орталық) митохондрияға 

дейін  арақашықтық  қалай  дегенмен  жаттықтыру  алдындағы 

арақашықтықпен  салыстырғанда  азаймайды.  Жаттықпаған  адам-

дарда  бұлшық  ет  талшығының  көлденең  кесіндісінің 1 мм² 

капиллярлардың орташа саны 325, ал жаттыққан адамдарда 400 бо-

лады.

Жақсы  жаттыққан  спортшыларда  бұлшық  ет  талшығы 



5-6  капиллярлармен  қоршалуы  мүмкін.  Ер  адамдарда  бұл  сан 

əйелдерге  қарағанда  бірнешеге  жоғары  болады.  Баяу  жəне  жыл-

дам  талшықтарда  ортақ  капиллярлар  болуы  мүмкін,  бірақ  орта 

есеппен жылдам талшықтарға қарағанда (спортшылардағы сияқты 

жаттықпаған адамдарда да) баяу талшықтар айналасындағы капил-

лярлар тығыздығы жоғары, ал жылдам гликолиздік (ІІ-В) талшықтар 

айналасына қарағанда жылдам тотығатын (ІІ-А) талшықтар айнала-

сында көп болады. 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау