Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет64/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   168

202

латын  максималды  ЖЖЖ  көбіне, 185-195 екп/мин.  тең  болады 



(10-кестені  қараңыз).  Бұл  ұзақ  көп  жылдар  бойы  жаттықтыру 

сияқты конституциондық (туа пайда болған) ерекшеліктер салдары-

нан  да  болуы  ықтимал.  Максималды  ЖЖЖ  төмендеуіне  жүректің 

өзінің көлемінің ұлғаюы да əкелуі мүмкін. 

Спортшыларда  максималды  жүректің  минуттық  қан  көлемі 

систолалық  көлемнің  артуы  есебінен  жоғарылайды.  Систолалық 

көлем  қаншалықты  дəрежеде  артса,  соншалықты  максимал-

ды  жүректің  минуттық  қан  көлемі  жəне  сəйкесінше  ОМП  да 

жоғарылайды.  Систолалық  көлемнің  артуы – бұл  жүрек-тамыр 

жүйесі жəне тұтас барлық оттегі тасымалдау жүйесі үшін төзімділік-

ке жаттықтырудың басты функциялық нəтижесі.

Төзімділіктің  көрінуін  қажет  ететін  спорт  түрлерінің  үздік 

өкілдерінде максималды систолалық көлем 190-210 мл-ге дейін жет-

се,  ал  жаттықпаған  ер  адамдарда  көбіне, 120-130 мл-ден  аспайды. 

Салыстырмалы төмен ЖЖЖ кезіндегі жоғары систолалық көлем ең 

бастысы ұлғайған оттектік пульсті, яғни жүректің əр жиырылуына 

келетін тұтынған оттегі мөлшерін анықтайды. 

Ұлғайған максималды систолалық көлем ең əуелі:

1. Жүрек  қуысының  (қарыншаларының)  үлкен  мөлшері,  яғни 

ұлғайған  қарыншалардың  соңғы-диастолалық  жəне  функциялық 

қалдық сыйымдылығы;

2. Атап  айтқанда,  салыстырмалы  жоғары  қан  айналымдағы 

қанның  жалпы  көлемі  мен  қанның  орталық  көлемі  есебінен 

қамтамасыз  етілетін  жүрекке  қанның  веноздық  қайтарылуының 

ұлғаюы;


3. Қарыншалардың  неғұрлым  толық  босауын,  яғни  неғұрлым 

жаттыққан  жүректің  қанның  резервті  көлемін  толық  пайдалану-

ын  қамтамасыз  ететін  миокард  жиырылғыштығының  жоғарылауы 

арқасында мүмкін болады.

Сонымен  қатар  жаттықпаған  адамдарда  систолалық  көлем 

көбіне,  ОМП 40%-ға  дейін  жұмыс  жүктемесінің  артуымен 

өсетінін  атап  өткен  жөн.  Жүктемені  əрі  қарай  жоғарылату  кезінде 

ол  айтарлықтай  өзгермейді  жəне  жүректің  минуттық  қан  көлемі 

ЖЖЖ артуы есебінен өседі. Жаттыққан спортшыларда систолалық 

көлем  көбіне,  максималды  аэробтық  жүктемеге  дейін  артады.  Бұл 

олардағы  систолалық  көлемнің  өсуі  (ЖЖЖ  жоғарылауымен  бірге) 

максималды аэробтық жүктемеге дейін үлкен қуаттылықты жұмыс 




203

кезінде жүректің минуттық қан көлемінің артуының резерві болып 

табылатындығын көрсетеді. Бұдан басқа спортшы жүрегінің əр жи-

ырылуы  кезінде  тіпті,  ЖЖЖ 185-190 екп/мин.  болғанның  өзінде 

қанның көп көлемін айдауға қабілетті екенін көруге болады. Бұл тек 

миокардтың  жоғары  жиырылғыштығының  арқасында  ғана  мүмкін 

болады. Əлі неғұрлым жоғары ЖЖЖ кезіндегі систолалық көлемнің 

диастоланың (босаңсу уақыты) жəне (немесе) систоланың (жиыры-

лу  уақыты)  критикалық  қысқаруынан  азаюы  ықтимал.  Бұл  жақсы 

жаттыққан спортшыларда неліктен максималды ЖЖЖ 190 екп/мин-

тан сирек асатындығын түсіндіреді.

Оттегі  пайдалануы  бірдей  максималды  емес  аэробтық 



жүктемелер  кезінде  жүректің  минуттық  қан  көлемі  жақсы 

жаттыққан  спортшыларда  орта  есеппен  жаттықпаған  адамдардағы 

сияқты  болады.  Тек  біраз  зерттеушілер  ғана  оның  өте  кішкене 

төмендеуін жоғары жаттықтыру күйіндегі («спорттық формадағы») 

спортшыларда байқаған.

Спортшыларда  жүректің  жиырылу  жиілігі  жаттықпаған 

адамдардағы  сияқты  жүктеменің  немесе  оттегі  пайдалану 

жылдамдығының  артуымен  сызықтық  түрде  жоғарылайды.  Бірдей 

абсолютті (оттегі пайдалану жылдамдығы бірдей) жүктеме кезінде 

спортшыларда  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда 

ЖЖЖ  төмен,  ал  сəйкесінше,  систолалық  көлем  жоғары  болады. 

Неғұрлым спортшының жаттықтырылу дəрежесі мен оның аэробтық 

мүмкіндіктері (ОМП) жоғары болған сайын кез келген максималды 

емес  аэробтық  жүктемені  орындау  кезінде  ЖЖЖ  соғұрлым  төмен 

болады.

Кез келген максималды емес аэробтық жүктемені орындау кезін-



де ЖЖЖ төмендеуі төзімділікке жаттықтырумен байланысты жүрек 

қызметінің ең тұрақты жəне ең айқындалған функциялық өзгерістері 

болып  табылады.  Салыстырмалы  үлкен  систолалық  көлем  кезінде 

салыстырмалы  төмен  ЖЖЖ  жүректің  тиімді  жұмысын  көрсетеді. 

Жаттыққан адамдардағы тыныштық күйдегі брадикардия негізінен 

парасимпатикалық  (вагус-кезеген)  тежелудің  күшеюінің  нəтижесі 

болып табылса, ал салыстырмалы жұмыс брадикардиясы жүрекке 

симпатикалық қоздырғыш ықпалдың азаюымен байланысты болуы 

ықтимал.

Аэробтық  мүмкіндіктері  əртүрлі  деңгейдегі  спортшылар 

мен  жаттықпаған  адамдар  арасындағы  үлкен  айырмашылықтар 



204

тек  бірдей  абсолютті  жүктемелер,  яғни  л/мин.  айқындалатын 

бірдей  оттегі  пайдалану  жылдамдығы  кезінде  ЖЖЖ  (екп/мин) 

абсолютті  көрсеткіштерін  салыстырғанда  ғана  айқындалады. 

Бұл  айырмашылықтар  салыстырмалы  аэробтық  жүктемелерге 

тең,  яғни  жеке-дара  «оттектік  төбеден» (ОМП %) пайызбен 

айқындалатын бірдей салыстырмалы оттегі пайдалану жылдамдығы 

кезіндегі  ЖЖЖ  салыстырғанда  күшті  азаяды.  Бұл  жағдайды  егер 

бұлшық  ет  жұмысы  кезіндегі  нейроэндокриндік,  соның  ішінде 

симпатикалық-адреналдық  ықпал  қарқындылығының  ОМП % бо-

йынша  анықталатын  оттегі  тасымалдау  жүйесіне  абсолюттік  емес, 

салыстырмалы жұмыс жүктемесіне пропорциялы екендігін ескерсе 

түсінуге болады. 

Жаттықтырылу  деңгейі  əртүрлі  адамдарда  жүктемеге  пульстік 

реакция айырмашылығы, егер тек жүктеме ғана емес, сонымен бірге 

ЖЖЖ салыстырмалы мөлшерде айқындалса толығымен жоғалады. 

Басқаша айтқанда, жаттықтырылу дəрежесі əртүрлі (ОМП əр түрлі) 

адамдарда бірдей салыстырмалы аэробтық (ОМП % бірдей) жүктеме 

кезінде салыстырмалы жұмыстық пульстік реакциясы (максималды 

ЖЖЖ %-ы) орта есеппен бірдей болады. 

Спорттық жүрек өлшемі, жұмыс тиімділігі жəне метаболизм

Жүрек  қызметінің  (жүректің  минуттық  қан  көлемінің)  ұлғаюын 

қамтамасыз ететін маңызды механизмдерге жүрек өлшемінің артуы 

(дилятация),  миокард  жиырылғыштығының  жоғарылауы,  сонымен 

қатар жүрек жұмысы тиімділігінің өсуі жататыны айтылып өткен бо-

латын. Барлық бұл механизмдер өзара байланысты. 



«Үлкен (спорттық) жүрек». Төзімділіктің көрінуін талап ететін 

спорт түрлері өкілдерінде басқа спорт түрлері өкілдері мен спорт-

пен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  рентгенограммамен 

анықталған жүректің жалпы көлемі орта есеппен айтарлықтай үлкен 

болады. 

Төзімді  спортшыларда  жүректің  жалпы  көлемі 1000 см³-ден 

(максималды 1700 см³-ге  дейін)  асады,  ал  басқа  спортшылар-

да  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда  біраз  жоғары, 800 см³-ге 

жуық болады. Жүректің жалпы көлемінің дене салмағына қатысы, 

яғни  жүректің  салыстырмалы  көлемі  бойынша  тағы  да  үлкен 

айырмашылықтар  айқындалады.  Төзімділікке  жаттығатын  спорт-

шыларда  жүректің  салыстырмалы  көлемі  орта  есеппен, 15 см³/кг-

ға (максималды 20 см³/кг-ға дейін) тең, ал жаттықпаған адамдарда 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау