Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет107/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   168

332

пен тынығу, сонымен қатар ас қабылдау режимін дұрыс ұйымдастыру 

қажет.  Тамақтанудың  дұрыс  режимінен  ауытқу  артық  салмаққа 

əкеліп, ол өз кезегінде организмнің өмірлік ырғағын бұзып, зат алма-

су өзгерістерін тудырады. Мысалы, егер жалпы калориясы 2000 ккал 

асты таңертең қабылдаса, салмақ азаяды, ал егер сол тамақты кешкі 

сағаттарда  қабылдаса,  онда  салмақ  артады. 20-25 жастағы  дене 

салмағын  сақтау  үшін  жеке  тəуліктік  энергия  жұмсалуына  сəйкес 

жəне біраз қарын ашу сезімі байқалатын сағаттарда күніне 3-4 рет 

тамақтану керек.

Бірақ бұл жалпы заңдылықтар биологиялық ырғақтардың жеке 

ерекшелігінің əр алуандығын ашып көрсетпейді. Барлық адамдарға 

жұмыс қабілеттіліктің бір типті тербелістері тəн емес. Осыған орай 

адамдарды таңертеңгілік («бозторғайлар»), күндізгілік («кептерлер») 

жəне кешкілік («жапалақтар») деп үш түрге бөледі.  «Бозторғайлар» 

деп  аталатын  адамдар  тобы  күннің  бірінші  жартысында,  ал 

«жапалақтар»  кешке  жақсы  жұмыс  атқарады. «Бозторғайлар» 

кешқұрым ұйқылары келіп ұйықтауға ерте жатады, бірақ ерте тұрып 

өздерін сергек жəне жұмысқа қабілетті сезінеді (62-сурет). Олардың 

ауқымды жұмыс қабілеті түске дейін байқалады. Ал «жапалақтар» 

керісінше,  кеш  жатып  кеш  оянады,  іске  баяу  қосылады,  жұмысқа 

қабілеті  кешке  қарай,  көбінесе,  түнде  көтеріледі. «Кептерлер» 

аралық типке жатады, оларда «бозторғайлар» мен «жапалақтардың» 

қасиеттері  болады.  Олар  ерте  тұрғанды  ұнатпайды,  оған  қоса  кеш 

жатқанды да жаратпайды. «Кептерлердің» жұмысқа қабілеттілігінің 

екі  шыңы: 10-12 жəне 15-18 сағаттарда  байқалады.  Мұндай  типті 

адамдар 7-8 сағат ұйықтағанды, қалыпты күн режимін сақтағанды 

ұнатады. Адам егер (күніне 3-5 рет) ыстық тағам мен адаптогендер, 

дəрумендік  комплекстер  қабылдаса,  ал  дене  жүктемелерін  оларға 

бейімделуі бойынша біртіндеп арттырып отырса тезірек акклимати-

зацияланады. Жылы аймақтан келген студенттердің суық климаттық 

жағдайға  бейімделу  барысында  орын  алған  иммунологиялық 

ауытқулар  кезінде  пантогематоген    жəне  аралия  адаптогендерін 

қабылдау  иммунитет  жүйесінің  функциялық  белсенділігінің 

жоғарылауын қамтамасыз еткен. 

Бұл жағдайларды сақтамаса десинхроноз (өзіндік паталогиялық 

жағдай)  туындайды.  Десинхроноз  құбылысы  əсіресе,  ыстық  жəне 

ылғалды  климатта  немесе  орта  биіктік  жағдайында  жаттыққан 

спортшыларда  байқалады.  Сондықтан  халықаралық  жарыстарға 



333

ұшып баратын спортшы жақсы дайындалу қажет. Қазір үйреншікті 

биоырғақтарды  сақтауға  бағытталған  тұтас  шаралар  жүйесі  бар. 

Адамның  биологиялық  сағаттары  үшін  тек  тəуліктік  емес  жəне 

де  төмен  жиілікті  (мысалы,  апталық)  ырғақтарда  дұрыс  жол  табу 

маңызды. 



62-сурет. Тəулік барысындағы жұмысқа қабілеттілік ырғағының қисық 

сызығы (В. М. Смирнов бойынша)

Қазіргі кезде апталық ырғақтың жасанды өндірілгені анықталған: 

адамда  туа  пайда  болған  жеті  күндік  ырғақтардың  болуы  туралы 

нақты мəліметтер жоқ. Бұл эволюция барысында қалыптасқан əдет 

екені күмəнсіз. Жеті күндік апта тіпті, ежелгі Вавилонда ырғақ пен 

тынығудың  негізі  болған.  Мыңдаған  жылдар  барысында  апталық 

əлеуметтік ырғақ қалыптасқан, яғни адам аптаның ортасында оның 

басына немесе соңына қарағанда өнімді еңбек етеді. 

Адамның биологиялық сағаттары тек тəуліктік табиғи ырғақтар-

ды ғана емес жəне ұзақтығы көп болатын маусымдық ырғақтарды да 

бейнелейді. Ол көктемде зат алмасудың жоғарылауымен жəне күзде, 

қыста  оның  төмендеуімен,  қандағы  гемоглобин  концентрациясы-

ның  артуымен  жəне  көктемгі,  жазғы  уақыттарда  тыныс  орталығы 

қозғыштығының  өзгерістерімен  көрінеді.  Жазғы  жəне  қысқы 

уақыттардағы организм күйі қандай бір дəрежеде оның күндізгі жəне 

түнгі  күйіне  сəйкес  келеді.  Мəселен,  қыста  жазбен  салыстырғанда 

қандағы қант мөлшері төмендейді (балама құбылыс түнде де жүреді), 

АТФ жəне холестерин мөлшері артады.



334

Биоырғақ жəне жұмысқа қабілеттілік

Жұмысқа  қабілеттілік  ырғақтары  физиологиялық  үдерістер 

ырғақтары  іспеттес  өзінің  табиғаты  бойынша  эндогендік  бо-

лып  келеді.  Дене  температурасы,  алмасу  реакциялары,  ұйқы 

жəне  сергектік  сияқты  физиологиялық  үдерістер  тəуліктік 

ырғақтары  жеткілікті  тұрақты  келеді.  Дене  жұмыс  қабілеттілігі 

ырғағы  тəуліктің  түрлі  кезеңінде  айқын  емес  жəне  жарыс  немесе 

төтенше  күш  сала  орындалатын  жаттығу  жүктемелері  ықпалынан 

айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістердің ырғағы көбіне, өмір 

салтының  стереотиптілігіне  сəйкес  келеді.  Жұмыс  қабілеттілік 

күндізгі сағаттарда жоғары, таңғы жəне түнгі уақытта төмен бола-

тыны  белгілі.  Мұнда  жылдамдықты-күштік  сипаттағы  жаттығулар 

(жеңіл  атлетикалық  секіру,  лақтыру,  т.б.)  көрсеткіштері  барын-

ша  өзгерістерге (7-10%-ға  дейін)  душар  келеді.  Айтарлықтай  емес 

өзгерістер төзімділік жаттығулары нəтижелерінде байқалады. Ресми 

жарыстарда спортшылардың жоғары нəтижелерді көрсетуі көпшілік 

жағдайларда ерте кешкілік сағаттарда орын алады. 

Жұмысқа қабілеттілік жеке немесе бірлесе əсер ететін көптеген 

факторларға  байланысты.  Бұл  факторларға  мотивация  деңгейі, 

ас  қабылдау,  сыртқы  орта  факторлары,  физикалық  дайындық, 

денсаулық күйі, жас, т.б. жатады. Жұмысқа қабілеттілік динамикасы-

на дегенмен, қалай ықпал ететіні толық түсініксіз болғанмен, қажу 

(таңдаулы  спортшыларды – созылмалы  қажу)  да  əсер  етуі  мүмкін. 

Жаттығуды (жаттықтыру жүктемелерін) орындау кезінде туындаған 

қажуға жеткілікті мотивацияланған спортшының өзінің мойынсын-

бауы  қиынға  соғады.  Қажу  жұмысқа  қабілеттілікті  төмендетеді, 

ал  қайталап  жаттығу  (біріншіден  кейін 2-4 сағат  интервалдан  соң) 

спортшының функциялық күйін жақсартады. 

Биологиялық  ырғақтарды  қалпына  келтіру  қарқынды  дене 

жүктемелерін орындауға мүмкіндік береді, ал бұзылған биологиялық 

ырғақтар кезіндегі жаттықтыру түрлі функциялық бұзылуларға, кей-

де сырқаттануға да əкеледі. 



Климаттық  белдеу  жағдайының  ауысымы.  Шығыстан 

батысқа  немесе  керісінше,  бағытта  орын  ауыстырғанда  (ұшқанда) 

бірнеше сағат белдеуін қиып өткеннен кейін жаңа белдеу уақытымен 

психофизиологиялық 

қызметтердің 

тəуліктік 

ырғақтарының 

келісімсіздігі  орын  алады.  Мұнда  оларда  ұшып  келгеннен  кейінгі 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау