Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет73/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   168

229

Дене  дайындығы – спортшының тұтас организмі мен мүшелері 

қызметінінің дамуына, олардың жұмыс қабілеттіліктерінің артуына, 

күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік сияқты дене сапала-

рын  арттыруға  ықпал  ететін  жəне  спорттық  жарыстар  барысында 

қажетті психологиялық тұрақтылыққа əкелетін арнайы жаттығулар 

арқылы жетілдіру.

Дене  дайындығы  жалпы  дайындық  (ЖД)  жəне  арнайы  дене 

дайындығы (АДД) деп бөлінеді. Арнайы дене  дайындығы өз тара-

пынан: 

1. Алдыңғы (АДД);



2. Негізгі  (АДД) деп екіге бөлінеді. 

Алдыңғы арнайы дене дайындығы кезінде арнайы дайындықтың 

негізі қаланады. Ал негізгі  арнайы дене дайындығы барысында тек 

спорт түрі ерекшелігіне сəйкес арнайы жаттығулар орындалады.

Спорттық  тəжірибе  көрсеткендей,  алдымен  жалпы  дене 

дайындығы  іске  асырылғаннан  кейін,  соның  негізінде  арнайы 

дене  дайындықтары  жаттығулары  қолданылады.  АДД  дайындығы 

арқасында жоғары спорттық көрсеткіштерге жету мүмкіндігі арта-

ды.

Жалпы  дене  дайындығы  (ЖДД)  арқылы  денсаулықты 

шынықтырып,  адамның  жұмыс  қабілеттілігін  жақсартуғаболады. 

Денсаулығы  шыныққан  адам  дене  жүктемелерін  жеңіл  атқарып, 

жылдам бейімделеді, спортшыға қажетті дағдыларды тез үйренеді. 

Жалпы дене дайындығы кезінде адам организміне жан жақты пай-

далы əсер етуші жаттығулар таңдап алынады. Мысалы, ұзақ уақыт 

жүгіру кезінде адам организмінің барлық мүшелері іске қосылады, 

берілген жүктемелерге бейімделу қалыптасады.

Жаттығу  мақсатына  байланысты  кей  жағдайларда  адамның 

кейбір мүшелерінің ғана жұмысын жетілдіру үшін арнайы шектеулі 

жаттығулар таңдалып алынады. Осы жұмыстардың барлығы біріге 

келіп, адамның жалпы дене дайындығы сапасын арттырады.  

Жалпы дене жаттығуларына арналған жаттығулар түрлері:

а) жаттығуларды бір орында тұрып (статикалық) жəне қозғалыста 

(динамикалық) құрал-жабдықсыз жеке немесе бірлесіп орындау;

б)  жаттығуларды  бір  орында  тұрып  жəне  қозғалыста  құрал-

жабдықпен  орындау;

в)  арнайы  жабдықтарда  жаттығу  (керме,  қос  сырық,  штанга, 

арқан, доп, т.б.);



230

г) акробатикалық жаттығулар (күшпен, секірулер арқылы).

д) жеңіл атлетке қажетті спорттық ойындар түрлерін қолдану.

Арнайы дене  дайындығы:

1. Алдыңғы арнайы дайындық (АДД 1);

2. Негізгі арнайы дайындық  (НАД 2) деп екіге бөлінеді. 

Алдыңғы арнайы дайындық (АДД 1) кезінде арнайы дайындық-

тың негізі қаланады. Негізгі арнайы дайындық  (НАД 2) барысында 

тек спорт түрі ерекшелігіне сəйкес арнайы жаттығулар орындалады.

Алдыңғы  арнайы  дайындық  (АДД 1) маманданған  спорт 

түріне қажетті дене дайындығы мен қозғалыс түрлерін жетілдіруге 

бағытталады. 

Қазіргі  спорттық  жарыстар  кезінде  спортшыдан  дене 

дайындығының  өте  жоғары  дəрежеде  болуы  талап  етіледі,  денеге 

түсетін  ауыр  жүктемелерді  еркін  көтеруге  дайын  болуымен  қатар, 

жаттығулар жүктемелерін орындағаннан соң организмнің қайтадан 

қалыпқа келуі басты талап болып саналады. Ол үшін спортшы ар-

найы  (АДД 1) мен негізгі арнайы (НАД 2) дайындықтарынан өтіп, 

көп жылдарға созылатын дене жаттығуларын меңгеруге дайын бо-

луы қажет.

Арнайы дайындықты іске асыру үшін қажетті міндеттер:

 

– маманданған спорт түріне байланысты адам организмі қызметі 



мүмкіндіктерін жетілдіру,  əлсіз дене сапалары деңгейін көтеру;

 

– дене дайындығын арттыру бағытында барлық дене сапаларын 



(күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік, ептілік) жетілдіру;

 

– спорт  түрі  моделіне  сай  келетіндей  дайындық  бағыттары 



жұмысын жетілдіру.

Жоғарыда  көрсетілген  міндеттерді  іске  асыру  мақсатында  алда 

атқарылатын  жаттығу  жұмыстары  жоспары  жасалады.  Жоспар 

спорт түрі ерекшелігін ескеріп жасалады. Мысалы, кросс –  жүгіру 

жаттығулары  үшін  арнайы  төзімділікті  тəрбиелеудің  жолы  болып 

табылады. Кроссқа жүгіруді орта жəне алыс қашықттықа жүгіретін 

желаяқтар көп пайдаланады. Басқалар жеңіл атлеттер үшін ол жал-

пы дайындық жаттығулары ретінде қолданылады.

Жаттығуды  жоспарлау  кезінде  спортшыны  жоғары  спорттық 

шеберлікке  жеткізу  мақсатында  əр  спортшының  өз  туа  біткен 

ерекшелігін ескере, жеке-дара жаттығу жолдарын табу маңызды бо-

лып келеді. 

Жеке-дара жолды іздеу спорт түрінің ерекшелігін толық ескере 



231

жан-жақты қарастырылған жұмысты ұйымдастырумен тікелей бай-

ланысты болып келеді.

Жаттығуды  күрделенген  жағдайда  орындату  арқылы  спортшы-

ның арнайы даярлығын арттыру өзінің пайдалы жақтарымен белгілі. 

Арнайы  дайындық  жұмыстары  кезінде  жүктеменің  қарқынын 

азайта  отырып,  көлемін  арттыру  əдістемесі  де  қолданылады.  Осы 

жағдайда  жұмыс  қарқыны,  ең  жоғары  қарқынның 75-80 пайызы 

жағдайында орындалады да, есесіне жұмыс орындау көлемі артады. 

Жаттығу  қарқынын  төмендету  жолымен  жұмысты    ұйымдас-

тырудың тағы бір пайдасы, дененің функциялық бейімделуі орталық 

жүйке  жүйесі  жұмысының  бейімделуінен  кейін  іске  асырылатын 

болғандықтан,  денедегі  морфологиялық  өзгерістер  соңынан  пайда 

болады. 


Егер  жаттығудың  қарқынын  арттыру  арқылы  жұмысты 

ұйымдастырған  болса,  онда  орталық  жүйке  қызметіне  көп 

салмақ  түсуі  салдарынан  организмнің  қызметтік  қорларын  қосу 

мүмкіндіктері  тежеледі.  Осының  салдарынан  организмде  шаршау 

орын алып адам жұмысы қабілеттілігі төмендейді.

Сондықтан  циклдік  спорт  түрлерінде  жаттығу  сапасын 

төмендетіп  алмас  үшін  жұмыс  қарқынын  ЖЖЖ 150-170 екп/мин 

мөлшерінде ұстаған дұрыс.   

Жаттығу  жұмыстарын  қайталау  санын  арттыру,  сонымен 

қатар  жұмыс  ұзақтығын  да  арттыру,  қазіргі  кездегі  жаттығу 

жұмыстарындағы пайдалы бағыт болып табылады.

Жаттығу жұмыстарының арнайы дайындығын қалыптастыру ба-

рысында спорт түріне қажетті жаттығулар таңдап алынады. Арнайы 

дайындық  жаттығуларын  аптасына  екі  реттен  кем  емес  жағдайда 

қайталатып  отыру  нəтижелі  болады.  Жаттығу  барысында  əсіресе, 

жарыстық жағдайда болатындай етіп қайталату тіптен дұрыс.

Арнайы  дене  дайындығы  (АДД 1) кезінде  қосымша  тапсыр-

малар  беру  орынды.  Мысалы,  жеке  спорт  түрлеріне  қажетті  ар-

найы  жылдамдық  пен  жиілікті  ұстау,  дене  буындары  қозғалысы 

мүмкіндігін арттыру, т.с.с. 



Негізгі арнайы дайындықта  (НАД 2) тек спорт түрі ерекшелігіне 

қажетті  арнайы  жаттығулар  орындалады.  Оған  маманданған  спорт 

түріне  байланысты  дене  дайындығы,  əдіс-тəсілдік  шеберлігінің 

дайындық  кезеңдерінде  көрсетілген  міндеттеріне  байланысты 

тапсырмаларға  сай  болуына  мүмкіндік  туғызу,  т.б.  жатады.  Негізгі 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау