205
11 см³/кг-ға жуық болады. Төзімділікке жаттығатын спортшылар-
да бір жағынан, жүректің жалпы жəне салыстырмалы көлемдері
мен екінші жағынан, ОМП арасында оң корреляциялық байланыс
көрінеді. Мамандануы бір спортшыларда орта есеппен неғұрлым
спорттық біліктілігі (спорттық нəтиже) жоғары болған сайын,
соғұрлым жүректің көлемі үлкенірек болады.
Жүректің жалпы өлшемі оның қуысының көлеміне жəне олар-
дың қабырғасының жуандығына байланысты. Сондықтан ол диля-
тация (қуыс өлшемінің кеңеюі) есебінен сияқты миокард гипертро-
фиясы (қуыс қабырғасының жуандауы) есебінен де өзгеруі мүмкін.
Төзімділікке жаттығатын спортшылар жүрегіне қарыншалардың
үлкен дилятациясы мен олардың қабырғасының қалыпты неме-
се біраз ұлғайған жуандығы тəн. Дилятацияланған (кеңейген)
қарыншалар диастола кезеңінде өздеріне қанның көп мөлшерін сый-
дыра алады, бұл ұлғайған систолалық көлем үшін алғы шарт болады.
Жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдеріне керісінше,
көбіне жүрек қарыншалары қуысы өлшемінің қалыпты немесе
біраз ғана ұлғаюы, ал бірақ оның қабырғасының елеулі гипертро-
фиясы тəн. Бұл спортшылар жүрегінің жалпы көлемі спортпен
шұғылданбайтын адамдардан жоғары болуы мүмкін, бірақ екі топ
өкілдерінде де систолалық көлемді арттыру қабілеті бірдей десе де
болады.
Сонымен, жүрек гипертрофиясы арнайы болады, яғни оның типі
жаттықтыру əрекетінің ерекшеліктерімен анықталады. Төзімділік
жаттығулары көп реттік болып сипатталады, бірақ көптеген қаңқа
бұлшық еттерінің жиырылу күші бойынша салыстырмалы аз жəне
жүректің минуттық қан көлемінің көп мөлшерін ұстауды талап етеді.
Мұндай «көлемдік стрессорлар» деп атауға болатын жаттықтыру сти-
мулдары əсеріне жауап ретінде қанның көп мөлшерімен толығатын
жəне соңғы-диастолалық қысымның жоғарылауына əкелетін жүрек
қуысының дилятациясы туындайды. Сондықтан гипертрофияның
бұл түрін тоногендік дилятация (тонос – қысым) деп атайды.
Жылдамдықты-күштік жаттығуларды орындау кезінде артериялық
қан қысымының күшті қысқа мерзімдік жоғарылауы («абыр-
жу стрессоры») қажет. Бұл стимулға жауап ретінде қарыншалар
қабырғасының жуандауымен жүретін жүрек гипертрофиясы дами-
ды.
Миокард
гипертрофиясы
негізінде
миокардиалдық
206
талшықтардағы белок синтезінің күшеюі жатыр. Мұнда төзімділікке
жаттықтыру кезінде жүректе тек контрактильді белоктардың (актин,
миозин жəне т.б.) синтезі күшейіп ғана қоймай, сонымен бірге оның
тотығу метаболизмімен байланысты белоктардың, атап айтқанда,
митохондриялық белоктар мен ферменттердің синтезі де күшейеді.
Жүрек бұлшық етінің қанмен жабдықталуын жəне аэробтық
метаболизмін жақсартатын капиллярлар саны да параллельді қатар
артады.
Дилятацияланған жүрек жұмысының тиімділігі. Жүрек ди-
лятациясы оған бірнеше энергиялық артықшылықтар береді.
Спортшының дилятацияланған жүрегі салыстырмалы төмен ЖЖЖ
кезінде систолалық көлемнің артуы есебінен жүректің минуттық
қан көлемінің көп дəрежеде жоғарылауына мүмкіндік береді. Бұл
жүректің энергия жұмсауын төмендетеді жəне неғұрлым жоғары
ЖЖЖ есебінен осындай жүректің минуттық қан көлемін қамтамасыз
ететін жаттықпаған жүрекпен салыстырғанда оның механикалық
тиімділігін жоғарылатады. Бұдан басқа дилятацияланған жүректің
ұзын миокардиалдық талшықтары кəдімгі өлшемдегі жүрек
талшықтарына қарағанда (Франк-Старлинг механизмі) аз қысқаруы
кезінде көп ширығудыдамытады (Старлингтің «жүрек заңы»
ережесі: жүректің жиырылу күші ет талшықтарының диастола
кезіндегі ұзындығына байланысты немесе жүректің жиырылу күші
– ет талшықтары ұзындығының қызметі, жүрек диастола кезінде
қанға толып қатты керілсе, соғұрлым жиырылу күшін күшейтіп
жүректен шығатын қан мөлшері көбейеді). Нəтижесінде жүрек
қуысының көлемі үлкен спортшылар тіпті, жоғары ЖЖЖ кезінде де
үлкен систолалық көлемді ұстап тұруға қабілетті келеді.
Жүрек метаболизмі аэробтық жол арқылы ғана өтетіні белгілі.
Сондықтан да жүрек жұмысы тұтасымен оттегімен жəне энергиялық
заттармен (глюкоза, май қышқылдары жəне лактатпен) тұрақты жəне
жеткілікті жабдықталуына тəуелді болады. Төзімді спортшылар-
да жаттыққан жүрек метаболизмінің ең маңызды ерекшеліктеріне
келесілерді атаған орынды:
1. Жаттықпаған жүрекке қарағанда молынан капиллярлану мен
митохондрия жəне митохондриялық тотығу ферменттері мөлшері
көп болуының арқасында жаттыққан жүрекке оттегі жеткізілу мен
утилденуінің максималды жылдамдығы жоғары болады.
2. Бірдей субмаксималды аэробтық жұмыс кезінде жаттыққан
207
жүректе жаттықпаған жүрекке қарағанда қанмен жабдықталу жəне
оттегі пайдалану аз болады. Жаттыққан жүректен шығатын веналық
қандағы неғұрлым оттегінің жоғары парциалдық кернеуі барлық
миокардиалдық жасушалардың оттегімен жабдықталуы үшін
қолайлы жағдай тудыратынын көрсетеді.
3. Жаттыққан жүрек лактатты қаннан экстракциялау мен
утилдеудің жоғары қабілетіне ие. Артериялық қандағы лактаттың
бірдей концентрациясы кезінде төзімді спортшының жүрегі
жаттықпаған жүрекке қарағанда лактатты көбірек экстракциялай-
ды. Егер максималды аэробтық жұмыс кезінде барлық тотығатын
энергиялық заттар ішінде лактат үлесі жаттықпаған адамдар-
да шамамен, 60%-ға жетсе, ал өте төзімді спортшыларда 80%-дан
жоғары болады, Басқаша айтқанда, жаттыққан жүректің тотығу
метаболизмінің көпшілік бөлігі лактатты пайдалану есебінен жабы-
лады.
Жүректің минуттық қан көлемінің таратылуы, бұлшық
ет қан айналымы жəне АВА-О
2
. Жаттыққан спортшылардың
аэробтық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейі тек жүректің минуттық
қан көлемінің көп болуына ғана емес оны неғұрлым тиімді пай-
далану қабілетіне де байланысты. Бұл қабілет жүйелік АВА-О
2
өлшемімен, яғни оң жақ жүрек арқылы өтетін аралас веналық қан
мен артериялық қандағы оттегі мөлшерінің айырмашылығымен
бағаланады. Неғұрлым жүйелік АВА-О
2
көп болса, соғұрлым ор-
ганизм жүректің минуттық қан көлемін тиімді пайдаланады жəне
соғұрлым оның оттегі тасымалдау жүйесі үнемді жұмыс атқарады.
Жаттыққан спортшылардағы артериялық қандағы оттегі мөлшері
тыныштық күйде де, кез келген қуаттылықты аэробтық жүктеме
кезінде де спортпен шұғылданбайтын адамдардағы мөлшерден
ерекшеленбейді. Сондықтан төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде
жүйелік АВА-О
2
ұлғаюы аралас веналық қандағы оттегі мөлшерінің
төмендеуі есебінен, яғни қанмен тасымалданатын оттегінің
соншалықты толық пайдалануы есебінен болуы мүмкін.
Қалыпты жаттыққан жəне жаттықпаған ер адамдарда ара-
лас веналық қандағы оттегі мөлшерінің орындалатын жүктеме
қуаттылығы өлшемі бойынша шамамен бірдей төмендеуі байқалады.
Максималды аэробтық жұмыс кезінде аралас веналық қанның əр
литріне ол орта есеппен 55 мл О
2
жуық болады. Бұл жағдайларда
жүйелік АВА-О
2
шамамен, 140 мл О
2
/л болады. Өте төзімді спорт-
Достарыңызбен бөлісу: |