Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет60/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   168

190

анықтайды.  Сондықтан  алғаш  қарағанда  төзімділіктің  көрінуін  та-

лап  ететін  спорт  түрлері  өкілдерінде  спортпен  шұғылданбайтын 

адамдармен немесе басқа спорт түрлері спортшыларымен қандағы 



эритроциттер мен гемоглобиндер концентрациясының орта есеп-

пен бірдей немесе тіпті, одан да біраз төмен болуы күтпеген жайт 

болып табылады. 

Осымен қатар төзімді спортшыларда ҚАҚК қаншалықты артуы-

мен  оларда  қандағы  эритроциттер  мен  гемоглобиндердің  жалпы 

мөлшері  жоғары  пропорциялы  болады.  Мəселен,  жаттықпаған  ер 

адамдарда  жəне  жылдамдықты-күштік  спорт  түрлері  өкілдерінде 

қандағы  гемоглобиннің  жалпы  мөлшері  орта  есеппен 700-900 г 

немесе 10-12 г/кг (əйел адамдарда 500 г жуық немесе 8-9 г/кг), ал 

төзімді  спортшыларда  сəйкесінше, 1000-1200 г  немесе 13-16 г/кг 

(əйел адамдарда 800 г немесе 12 г/кг).

Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын спортшыларда  эритроцит-

тер мен гемоглобиндердің жалпы өнімі спортпен шұғылданбайтын 

адамдардан  асады.  Дегенмен,  эритропоэздің  жəне  гемоглобин 

түзілуінің күшеюі ҚАҚК артуымен эритроциттер мен гемоглобиннің 

«қалыпты» концентрациясын ұстап тұруын ғана қамтамасыз етеді. 

Мұндай  спортшыларда  эритропоэз  жəне  гемоглобин  түзілуінің 

қалыпты  арақатынасы  да  сақталады,  демек,  эритроциттердегі 

гемоглобиннің  орташа  концентрациясының  кəдімгі  мөлшерден 

айтарлықтай айырмашылығы болмайды. 

Эритропоэздің  (жəне  гемоглобин  түзілуінің)  күшеюіне  əсер 

ететін  механизмнің  біріне  (стимулдайтын)  күшті  жаттықтыру  мен 

жарыстар  əсіресе,  жүгіру  кезінде  жүретін  жұмыс  гемолизі  жата-

ды.  Бұл  туралы  спортпен  шұғылданбайтын  адамдармен (200 мг%) 

салыстырғанда  жаттыққан  желаяқтардағы  (орта  есеппен, 100 мг% 

жуық)  гаптоглобиннің  төмен  концентрациясы  бойынша  бағалауға 

болады. Мұнда кейбір жағдайларда өте ауыр жүктемелерден кейін 

қандағы гаптоглобин мүлдем байқалмауы да мүмкін.

Гаптоглобин  (Нр)  эритроциттер  бұзылуы  (гемолиз)  кезінде 

түзілген  бос  гемоглобинмен  байланысып,  оның  организмнен 

шығарылуының алдын алатын қан плазмасы гликопротеиді, күрделі 

белок.  Ол  бауырда,  май  ұлпаларында  жəне  өкпеде  синтезделеді. 

Түзілген 

гаптоглобин-гемоглобин 

кешені 


(Нр-Нb) 

бүйрек 


шумақтарынан өте алмағандықтан, организмде темірді  ұстап тұруға 

қабілетті келеді. Жəне соңғы жаңалықтар бойынша оның липидтер-




191

дің асқын тотығуы үдерісін тежейтін пероксидазалық белсенділікке 

де  ие  екендігі  анықталған.  Ұзақ  уақыт  гаптоглобин  мөлшерінің 

жоғары болуы ауру белгілері болып табылады. Қан плазмасындағы 

гаптоглобин  мөлшерінің  орташа  көрсеткіштері  жасқа  байланысты 

өзгеріп  отырады:  жаңа  туған  нəрестеде 50-480 мг/л, 6 айдан – 16 

жасқа дейін 250-1380 мг/л, 16-дан 60 жасқа дейін 150-200 мг/л, ал 60 

жастан асқан егде адамдарда 350-1750 мг/л. 

Спортшыларда  тыныштық  күйде  эритроциттер  концентрация-

сының  (азайған  гематокрит)  біршама  төмендеуінің  белгілі  бір 

артықшылығы  бар,  себебі  осылайша  жүрекке  жүктеме  түсуін 

азайтады.  Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  гемоконцентрация  гемогло-

бин  мөлшерінің  жоғарылауын  қамтамасыз  етеді  жəне  сондықтан 

жүктеме қуаттылығына пропорциялы қанның оттегі сыйымдылығын 

арттырады.  Осы  тұрғыдан  тыныштық  күйде  қанның  қызыл 

элементтері  көрсеткіштері  неғұрлым  төмен  (эритроциттер  мен 

гемоглобиндердің концентрациясы төмен) жəне ҚАҚК айтарлықтай 

болатын жақсы жаттыққан спортшылардың белгілі бір функциялық 

артықшылықтары бар, яғни оларда қандағы жұмыс өзгерістері диа-

пазоны  артқан,  ал  сəйкесінше  аз  жаттыққан  адамдарға  қарағанда 

оттегі тасымалдау мүмкіндігін жоғарылату үшін қызметтік қор (ре-

зерв) да көп болады. 



Артерия  қанындағы  О

2

  мөлшері.  Спортшыларда  дене 

жаттығуларымен шұғылданбайтын адамдардағы сияқты кез келген 

қуаттылықты  аэробтық  жүктеме  кезінде  артерия  қанындағы  оттегі 

мөлшері  тек  төмендеп  қоймай  тыныштық  күйіне  қарағанда  тіпті, 

жоғары  да  болады.  Мысалы,  максималды  қуаттылықты  аэробтық 

жұмыс  кезінде  ең  бастысы  оттегімен  гемоглобиннің  пайыздық 

қанығуының  төмендеуімен  байланысты  артерия  қанындағы 

оттегінің  біраз  төмендеуі (0,2 мл  О

2

/100  мл  қанға  жуық)  жұмыс 



гемоконцентрациясы  нəтижесінде  гемоглобин (2,5 мл  О

2

/100  мл 



қанға) концентрациясының жоғарылауы есебінен артық мөлшермен 

өтеледі.


Төзімділікке 

жаттығатын 

спортшыларда 

спортпен 

шұғылданбайтын адамдарға қарағанда эритроциттердегі 2,3-ДФГ 

концентрациясы 15-20% жоғары болады. Осының арқасында төзімді 

спортшылардың ұлпалық капиллярларында гемоглобинмен оттегінің 

берілуі  жеңілдетілген.  Бұл  қанның  оттегі  тасымалдау  қызметінің 

тиімділігін жоғарылатады.



192

Қандағы  сүт  қышқылы.  Төзімділік  жаттығуларында  жарыс 

арақашықтығының  ұзындығы  мен  қандағы  лактат  концентрация-

сы арасындағы сызықтық емес кері тəуелділік бар, яғни неғұрлым 

арақашықтық ұзынырақ (оның өту ұзақтығы көбірек) болған сайын, 

соғұрлым  қандағы  лактат  концентрациясы  азырақ  болады  (49-су-

рет).

Қандағы сүт қышқылының мөлшері бұлшық ет жұмысын орын-

дау кезінде 3 негізгі факторларға: 

1)  оттегі  тасымалдау  жүйесінің  жұмыс  атқаратын  бұлшық 

еттердің оттегі тұтынуын қанағаттандыру қабілетіне; 

2)  аэробтық  жəне  анаэробтық  (гликолиздік)  энергия  өндірудегі 

жұмыс атқарушы бұлшық еттердің мүмкіндіктеріне;

3)  жұмыс  атқаратын  бұлшық  еттерден  қанға  түсетін  сүт 

қышқылын организмнің утилдеу қабілеттеріне байланысты болады.

0

0



20

40

60



80

100


8

16

24



32

40

ȺɪɚΩɚɲɵΩɬɵΩ



 

ɤɦ

ɌɵɧɵɲɬɵΩ

ʘǬǹǰǬʡȇ


 

ǽʛǾ


 

ʙȇȄʙȇǷȇǹȇʖ

 

ǶǺǹȂDZǹǾǼǬȂǴȋǽȇ



Ǹǯ

 %



49-суретƏртүрлі арақашықтықта жүгіру соңындағы сүт қышқылы 

концентрациясы (Я. М. Коц бойынша)

Төзімділікке  жүйелі  жаттықтыру  үдерісінде  бұлшық  еттердегі 

жəне  қандағы  лактат  мөлшері  бірдей  максималды  емес  аэробтық 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау