178
сабақтары үдерісінде, əсіресе, анаэробтық қуаттылықты қайталама-
интервалдық жаттығуларды қолдану кезінде спортшының жоғары
жұмыс қабілеттілігін сақтай отырып, қанда жəне дененің басқа
сұйықтықтарында сүт қышқылының едəуір жоғары концентра-
циясына (жəне сəйкесінше рН едəуір төмен мəні) оның «шыдауы-
на» мүмкіндік беретін механизмдер дамиды. Əсіресе, бұл орташа
арақашықтық желаяқтарына тəн.
Н. Н. Яковлев мəліметтері бойынша күштік жəне жылдамдықты-
күштік жаттықтыру жаттықтырылған бұлшық еттерде белгілі
бір биохимиялық өзгерістер тудырады. Жаттықпаған адамдарға
қарағанда, оларда АТФ жəне КрФ мөлшері біршама жоғары (20-
30%-ға) болса да, оның жоғары энергиялық мəні жоқ. Фосфагендер
(АТФ, АДФ, АМФ, КрФ) айналымының (ыдырау жəне ресинтез)
жылдамдығын анықтайтын ферменттердің, соның ішінде миокина-
за мен креатинфосфокиназаның белсенділігінің жоғарылауы көбірек
маңызды.
Спорттық практикадағы жылдамдық түсінігі. Жылдамдық –
адамның қысқа уақыт аралығында көп қозғалыс жасай алу қабілеті.
Жылдамдық дене сапасы қарапайым жəне күрделі жан-жақты
қозғалыс деп шартты түрде екіге бөлінеді.
Қарапайым қозғалыс: əсер етушіге жауап жылдамдығы, бір
реткі қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс қарқыны жылдамдығы деп
бірнеше түрге бөлінеді.
Əсер етушіге жауап жылдамдығына – тітіркендіргіштерге (ды-
быс, жарық, ыстық – суық, т.б.) жауап беруге кететін уақыт мөлшері
алынады. Ол қарапайым жəне күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым түріне алдын ала белгілі əсер етуші тітіркендіргіш-
терге жауап беру уақыты жатады. Мысалы, сөреден жүгіріп шығуға
берілген дыбысқа кететін уақыт аралығы.
Күрделі жауапқа, алдын ала белгісіз жағдайға жауап беру-
ге кететін уақыт мөлшері алынады. Мысалы, спорттық ойын-
дар кезіндегі, күрес, жекпе-жек түрлеріндегі аяқ астынан болатын
өзгерістерге жауап беру уақыты. Күрделі жауап берудің: бірі талдау
арқылы, екіншісі қозғалыстағы затқа жауап беру жылдамдығы деген
екі түрі болады.
Бір реткі қозғалыс жылдамдығына сыртқы əсердің төменгі
жағдайында орындалған жəне көп күш жұмсалмаған жеке
қозғалысты орындауға кеткен уақыт мөлшері есептеледі.
179
Қозғалыс қарқыны белгілі бір уақыт аралығында орындалған
қозғалыс жиілігімен есептеледі.
Жоғарыда көрсетілген қозғалыс түрлері бір-бірімен тығыз
байланыста болмайды. Мысалы, сыртқы тітірткендіргішке жауап
жылдамдығы өте тез болғанымен, қажетті қозғалысты орындау баяу
болуы ықтимал.
Спорттық практикада жылдамдық түрлерінің бір-бірімен
қосылатындығын көруге болады. Мысалы, спринттік жүгіруде
сөреде берілген дыбыс белгісімен, сөреден ытқып шығу жəне жыл-
дам жиі аттаудың барлығының өзара қосындысын көруге болады.
Жылдамдық түрлерінің бір-біріне берілуін өзара ұқсас қозғалыс
түрлері кезінде байқауға болады. Мысалы, орында тұрып секіруді
жақсы орындау, қысқа қашықттыққа жылдам жүгіру, ядро итеру
т.б. жаттығуларының сапалы болуына əкеледі. Себебі көрсетілген
барлық спорт түрлерінде аяқтың жылдам серпіліп-жазылуы шешуші
рөл атқарады, бірақ дəл осы көрсеткішнің суға жүзуге, боксқа,
клавиштерді басуға қатысы шамалы.
Спорт түрлерінде кездесетін күрделі жаттығу түрлерінің
барлығындағы жылдамдық түрлерінің қосындысы шапшаңдықтың
дəрежесін көрсетеді.
Адам
организмінің
морфологиялық,
физиологиялық,
психологиялық ерекшелігі жəне спорттық шеберлігі дайындығы
деңгейі спортшының жылдамдық, шапшаңдық қабілетін анықтайды.
Жылдамдық дене сапасын анықтайтын көрсеткіштер
Адамның жылдамдық қабілеті көрсеткіштері оның туа біткен
морфологиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен
қатар, оған əсер етуші арнайы педагогикалық жаттықтыру
жұмыстары сапасынан тұрады.
Морфологиялық көрсеткіштер:
– адамның антропометриялық ерекшелігі (дене салмағы, бойы);
– адам денесі бұлшық етінде туа біткен ерекшелігі бойынша
жылдам талшықтардың көп болуы.
Жылдам талшықтар бойында гликоген көп болады, төзімділігі
аз, капилярлар мен миоглобин мөлшері аз болғанымен, қысқа уақыт
аралығында жылдам жəне күшті қозғалыстар жасауға бейім келеді.
Физиологиялық факторлар:
– жүйке жүйесіндегі қозу жəне тежелу үдерістерінің жылдам
өтуі;
180
– орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттерге команда келу
жылдамдығы;
– бұлшық еттің күші (АТФ адинозинтрифосфат), АТФ-
тың бөліну жылдамдығы жəне АТФ-тың қайта қалыпқа келу
жылдамдығы. АТФ-тың бастапқы қалпына келу жылдамдығына кре-
атинфосфат (КФ) əсер етеді.
Психологиялық жағынан, жылдамдыққа əсер етуші фак-
тор ретінде жүйке жүйесінің бұлшық еттердің жиырылуы мен
босаңсуына команда беру жылдамдығымен байланысты келеді.
Осы жағдайды ескере, спортшыны психологиялық жағынан бола-
тын алдағы жұмысқа дайындау негізгі үлкен жұмыс болып табыла-
ды. Жылдамдық сапасының əртүрлі болып келуі бұлшық еттердің
биомеханикалық ресинтездік жұмыстарды атқару мүмкіндігі жəне
адамның ерік-жігерінің күштілігімен анықталады.
Қимыл бірлігінің құрамына əртүрлі мөлшердегі бұлшық ет
талшықтары кіретіндігі белгілі. Мысалы, көз алмасының сыртқы
бұлшық еттерінде талшықтар саны 3-6, саусақта 10-25, қол бұлшық
етінде 500, балтыр бұлшық еттерінде 2000-7000 аралығында бола-
ды. Спортшылардың бұлшық ет талшықтары түрлерінің санына
қарай стайер жəне спринтерлер деп ажыратады. Стайер спортшы-
ларында баяу ет талшықтарының мөлшері 70%-дан кем болмайды.
Марофоншылардың балтыр бұлшық етінде баяу ет талшықтарының
мөлшері 93-99% жетсе, спринттік қашықтықжелаяқтарының балтыр
бұлшық етінде баяу ет талшықтарының мөлшері 23%-ды құрайды.
Спорттық шеберлікті жоғары дəрежеде меңгеру, оны үнемді түрде
жылдам жəне уақытында орындай білу жүргізілген педагогикалық
жұмыстардың сапасына байланысты болып келеді (Д. Оңғарбаева
жəне əріпт., 2013).
Төзімділіктің физиологиялық механизмдері.
Төзімділік туралы түсінік
«Төзімділік» түсінігі адамдардың дене (бұлшық ет) жəне ой
еңбегі түрлерінің ұзақ орындалу қабілетін сипаттай отырып, ауызекі
тілде өте кең мағынада қолданылады. Адамның қозғалыс дене са-
пасы (қабілеті) ретінде төзімділікке сипаттама беру салыстырмалы,
яғни ол əрекеттің тек белгілі бір түріне қатысты. Басқаша айтқанда,
Достарыңызбен бөлісу: |