Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет29/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   168

93

дында тұрған жұмыстың орындалуына бейімделеді. Ол үдеріс бары-

сында: 

1)  қозғалысты  жəне  вегетативтік  үдерістерді  басқаратын 



жүйкелік жəне нейрогуморалдық механизмдердің құрылулары;

2)  қажетті  қозғалыс  стереотипін  (сипаты,  түрі,  амплитудасы, 

жылдамдығы, күші жəне ырғағы бойынша) біртіндеп қалыптастыру, 

яғни қозғалыс координациясын арттыру;

3)  бұлшық ет əрекетін қамтамасыз ететін вегетативтік қызмет-

тің қажетті деңгейіне жету жүреді.

Бабына  келудің  бірінші  ерекшелігі – аталмыш  кезеңдегі 

вегетативтік  үдерістердің  жүйкелік  жəне  гуморалдық  реттелуі 

сипатымен  айтарлықтай  шамада  байланысты  осы  үдерістердің 

күшеюіндегі  салыстырмалы  баяулығы,  вегетативтік  қызметтің 

инерттілігі. 

Бабына  келудің  екінші  ерекшелігі – гетерохронизм,  яғни 

организмнің  жеке  қызметтерінің  күшеюінің  бір  уақытта  болма-

уы.  Қозғалыс  аппаратының  бабына  келуі  вегетативтік  жүйелерге 

қарағанда,  тезірек  жүреді.  Вегетативтік  жүйелер  қызметінің  түрлі 

көрсеткіштері,  бұлшық  ет  пен  қандағы  метаболизмдік  заттар  кон-

центрациясы  əртүрлі  жылдамдықпен  өзгереді.  Мысалы,  жүректің 

минуттық  қан  көлемі  мен  қан  қысымына  қарағанда,  ЖЖЖ 

тезірек  өседі,  оттегі  пайдалануға  қарағанда,  ӨВ  тезірек  күшейеді                                 

(М. Я. Горкин, 1986).

Бабына  келудің  үшінші  ерекшелігі – орындалатын  жұмыс 

қарқындылығымен  (қуаттылығымен)  физиологиялық  қызметтер 

өзгерістері  жылдамдығы  арасындағы  тура  тəуелділіктің  болуы, 

яғни орындалатын жұмыс қарқынды болған сайын, соғұрлым оның 

орындалуымен тікелей байланысты организм қызметінің бастапқы 

күшеюі  тезірек  жүреді.  Сондықтан  бабына  келу  кезеңі  ұзақтығы 

жаттығу қарқындылығымен (қуаттылығымен) кері тəуелділікте бо-

лады. Мысалы, оттегі пайдаланудың қажет деңгейіне жету үшін ба-

бына келу кезеңі аз аэробтық қуаттылықты жаттығуларда шамамен, 

7-10  мин,  орташа  аэробтық  қуаттылықты  жаттығуларда 5-7 мин, 

субмаксималды қуаттылықты жаттығуларда 3-5 мин, максималдыға 

жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 2-3 мин-қа дейін, макси-

малды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 1,5-2 мин-қа созылады. 

Бабына 


келудің 

төртінші 

ерекшелігі – спортшының 

жаттықтырылу  деңгейі  жоғары  болған  сайын  соғұрлым  сол  бір 

жаттығуды орындау кезінде бабына келу үдерісі тезірек өтеді. 




94

Жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуін қамтамасыз 

ететін  тыныс  алу  жəне  жүрек-тамыр  жүйесінің  қызметі  біртіндеп 

күшейеді.  Кез  келген  жұмыстың  басында  бұлшық  ет  жиырылуы 

негізінен  анаэробтық  механизмдер  энергиясы  есебінен,  яғни  сүт 

қышқылының  түзілуімен  анаэробтық  гликолиз,  АТФ,  КрФ  ыдыра-

уы  есебінен  жүзеге  асырылады.  Жұмыс  басындағы  организмнің 

(жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіге қажеттілігі мен бабы-

на келу кезеңіндегі олардың арасындағы шынайы қанағаттануының 

сəйкес келмеуі оттектік тапшылыққа əкеледі.

Ауыр  емес  аэробтық  жаттығуларды  (тіпті,  субмаксимал-

ды  аэробтық  қуаттылықты  жұмыстарға  дейін)  орындау  кезінде 

оттектік  тапшылық  «тұрақты»  күйдің  бастапқы  кезеңінде  оттегі 

пайдаланудың біраз артық мөлшері есебінен сол жаттығу кезінде-ақ 

жабылады («төленеді»). Максималдыға жуық аэробтық қуаттылық-

ты жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылықтың тек біразы 

сол  жұмыс  кезінде-ақ  жабылуы  мүмкін,  ал  оның  көп  дəрежеде 

қалпына  келу  кезеңіндегі  оттектік  қарыздың  айтарлықтай  бөлігін 

құрай  отырып,  жұмысты  тоқтатқаннан  соң  жабылуы  орын  алады. 

Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде 

оттектік  тапшылық  оттектік  қарыздылықтың  өте  елеулі  бөлігін 

құрай отырып, қалпына келу кезеңінде тұтасымен жабылады.

Оттегі  тапшылығы  түзілуіне  əкелетін  жұмыс  басында  оттегі 

пайдаланудың  баяулап  артуы  ең  алдымен,  тыныс  алу  жəне  қан 

айналу  жүйелері  қызметінің  инертті  күшеюімен,  яғни  бұлшық 

ет  əрекетіне  оттегі  тасымалдау  жүйесінің  баяу  бейімделуімен 

түсіндіріледі.  Бірақ  оттектік  тапшылық  туындауының  жұмыс 

атқарушы бұлшық еттердегі энергиялық метаболизмінің өзінің ки-

нетикасы ерекшеліктерімен байланысты басқа да себептері бар. 

Бабына  келу  үдерістері  неғұрлым  тезірек  (қысқарақ)  болған 

сайын  соғұрлым  оттектік  тапшылық  азырақ  болады.  Сондықтан 

бірдей аэробтық жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылық 

жаттықпаған адамдарға қарағанда, жаттыққан спортшыларда азырақ 

болады.


«Өлі нүкте» жəне «екінші тыныс алу»

Жаттықпаған  адамда  ұзақ  жəне  ауыр  бұлшық  ет  жұмысын 

орындай  бастағаннан  бірнеше  минуттан  кейін  жұмысты  əрі  қарай 



95

жалғастырудың  мүмкін  болмауы  мен  толық  əлсіреуді  субъективті 

сезінуімен қатар жүретін жұмыс қабілеттіліктің шұғыл төмендейтін 

ерекше  күйі  туындауы  мүмкін. «Өлі  нүкте»  деп  аталатын  бұл  күй 

кейде  жаттыққан  спортшыларда  да  байқалады.  Жұмысты  шектен 

тыс қарқынды бастау бұл күйдің көріну мүмкіндігін жоғарылатады. 

Ол ауыр субъективті сезімдермен, солардың ішінде бастысы ентігуді 

сезінумен  сипатталады.  Осымен  қатар  адамда  кеуденің  қысылу 

сезімі, бас айналу, ми тамырларының лүпілін сезіну, кейде бұлшық 

ет  ауырсынуын  сезіну,  жұмысты  тоқтату  ниеті  байқалады. «Өлі 

нүкте» күйінің объективті себептеріне жиі жəне салыстырмалы беткі 

тыныс алу, оттегі пайдаланудың жоғарылауы, дем шығарған ауадағы 

СО

2

 бөлінуінің артуы, жоғары оттегінің вентиляциялық эквиваленті, 



ЖЖЖ жоғарылауы, қанда жəне альвеолалық ауада СО

2

 мөлшерінің 



жоғарылауы,  қандағы  рН  төмендеуі,  тер  бөлінудің  артуы  жатады 

(8-кесте).

«Өлі  нүктенің»  пайда  болуының  жалпы  себебі  бабына  келу 

үдерісінде  туындаған  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердің  оттегіге 

жоғары  қажеттілігі  мен  организмді  оттегімен  қамтамасыз  ететін 

оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің жеткіліксіз деңгейі арасындағы 

сəйкессіздіктен  туындауы  ықтимал.  Нəтижесінде  бұлшық  ет  пен 

қанда анаэробтық метаболизм өнімдері, ең алдымен, сүт қышқылы 

жинақталады.  Бұл  жұмыс  басында  активті  жəне  активті  емес  дене 

мүшелері  мен  ұлпалары  арасындағы  жүректің  қан  айдауының 

(жүректің минуттық қан көлемінің) баяу қайта таратылуынан салы-

стырмалы гипоксия күйін сезінетін тыныс алу бұлшық еттеріне де 

қатысты. 

Уақытша «өлі нүкте» күйін жеңу үлкен ерік күшін қажет етеді. 

Егер жұмыс жалғаса берсе, онда ең алдымен жəне көбінесе, қалыпты 

(«комфортты»)  тыныс  алудың  пайда  болуымен  көрінетін  кенеттен 

жеңілдену сезіміне ауысады. Сондықтан «өлі нүкте» ауысқан күйді 



«екінші  тыныс  алу»  деп  атайды.  Бұл  күйдің  пайда  болуымен  ӨВ 

көбіне  азаюы,  тыныс  жиілігінің  баяулауы,  ал  тыныс  тереңдігінің 

артуы,  ЖЖЖ  біраз  төмендеуі  жүреді.  О

2

  пайдалану  жəне  дем 



шығарған ауаға СО

2

 бөліну азаяды, қандағы рН өседі. Тер бөлінудің 



күшеюі  байқалады  (8-кестені  қараңыз).  «Екінші  тыныс  алу»  күйі 

организмнің  жұмыстардың  орындалуын  қанағаттандыру  үшін 

жеткілікті мобилді екенін көрсетеді. Неғұрлым жұмыс қарқындырақ 

болса, соғұрлым «екінші тыныс алу» ертерек пайда болады.




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау