Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет27/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   168

87

Сөре алдыңғы қызметтердің өзгерістері өзінің табиғаты жағынан 

шартты  рефлекстік  жүйкелік  жəне  гуморалдық  реакциялар  болып 

табылады. Аталмыш жағдайда шартты рефлекстік тітіркендіргіштер 

ретінде  орындалатын  əрекеттің  орны,  уақыты,  сонымен  қатар 

екінші  сигналдық,  сөздік  тітіркендіргіштер  болып  саналады. 

Мұнда  эмоциялық  реакциялар  маңызды  рөл  атқарады.  Сондықтан 

организмнің  функциялық  күйінің  неғұрлым  шұғыл  өзгерістері 

спорттық  жарыстар  алдында  байқалады.  Мұнда  сөре  алдыңғы 

өзгерістер дəрежесі мен сипаты көбіне, спортшы үшін сол жарыстың 

маңыздылығымен тура байланыста болады. 

Сөре  алдында  оттегі  пайдалану,  негізгі  алмасу,  ӨВ  тыныштық 

күйдің  кəдімгі  деңгейінен 2-2,5 есе  жоғарылауы  мүмкін.  Қысқа 

қашықтыққа  жүгірушілерде,  тау  шаңғышыларында  сөре  кезінде 

ЖЖЖ  минутына 160 екп/мин-на  жетуі  мүмкін.  Бұл  мидың  лим-

бия  жүйесімен  (гипоталамус,  ми  қыртысының  лимбиялық  үлесі) 

белсенетін симпатикалық-адреналдық жүйе қызметінің күшеюімен 

байланысты. Бұл жүйелер белсенділігі жұмыстың басталуына дейін 

артады.  Ол  норадреналин  жəне  адреналин  концентрациясының 

жоғарылауынан  көрінеді.  Катехоламиндер  жəне  т.б.  гормондар 

ықпалынан  бауырдағы  гликоген,  май  қорындағы  майлардың  ыды-

рау  үдерістері  жылдамдайды.  Сондықтан  жұмыстың  басталуына 

дейін қанда глюкоза, бос май қышқылдары сияқты энергиялық суб-

страттар мөлшері жоғарылайды. Холинэргиялық жүйкелер арқылы 

симпатикалық  белсенділіктің  күшеюі  қаңқа  бұлшық  еттеріндегі 

гликолизді интенсификациялап, олардың қантамырларының кеңеюін 

(холинэргиялық вазодилятация) тудырады. 

Сөре  алдыңғы  өзгерістер  деңгейі  мен  сипаты  көбіне,  сол 

жаттығудың өзін орындау кезінде жүретін функциялық өзгерістердің 

ерекшеліктерімен  сəйкес  келеді.  Мысалы,  неғұрлым  жүгіру 

арақашықтығы  қысқа  болған  сайын,  яғни  жаттығуды  орындау 

кезінде  ЖЖЖ  жоғары  болған  сайын  сөре  алдында  орташа  ЖЖЖ 

соғұрлым  артады.  Орташа  қашықтыққа  жүгіруді  күту  кезінде 

систолалық көлем қысқа қашықтыққа жүгіру алдындағы мөлшерге 

қарағанда,  салыстырмалы  көбірек  артады.  Сонымен  сөре  алдыңғы 

физиологиялық қызметтердің өзгерістері негізінен арнайы болады. 

Сөре алдыңғы күйдің ерекшеліктері көбінесе, спорттық жұмыс 

қабілеттілікті анықтауы мүмкін. Барлық жағдайлардың бəрінде сөре 

алдыңғы күйде орын алған өзгерістер спорттық нəтижеге жағымды 



88

ықпал  жасай  бермейді.  Психологиялық  сөре  алдыңғы  күйдің: 

жауынгерлік даярлық күйі, старттық қызба (лихорадка) жəне сөрелік 

апатия  (мең-зеңдік)  сияқты 3 түрін  бөліп  көрсетеді.  Жауынгерлік 



даярлық  күйі  жүйке  орталықтары  лабилділігі  (мүмкіндігі)  мен 

қозғыштығының  қалыпты  жоғарылауымен  сипатталады.  Жеке 

мүшелер  мен  жүйелердің  функциялық  күйі  жұмысты  орындауға 

даярлықты қамтамасыз ететін оптималды деңгейде болады. Қалыпты 

эмоциялық  қозу  жоғары  спорттық  нəтижеге  жетуге  мүмкіндік 

береді. Старттық қызба күйі қозғыштықтың, тітіркендіргіштіктің 

жоғарылауымен, оқытушымен (жаттықтырушымен) жəне жолдаста-

рымен конфликті (даулы) қатынасқа бейім тұруымен ерекшеленеді. 

Қарапайым қозғалыс рефлексінің жасырын (латентті) кезеңінің аза-

юы мен ажырату тежелуінің əлсіреуі айқын (объективті) байқалады. 

Шұғыл көрінген қозу ықпалынан спорттық жұмыс қабілеттілігінің 

жоғарылауы сияқты төмендеуі де байқалуы мүмкін. 

Шектен  тыс  сөрелік  қозу  (күшті  жəне  ұзақ  қозу)  спорттық 

нəтиженің  төмендеуіне  келіп  саятын  сөрелік  апатияға  əкеледі. 

Бұл  жағдайда  қорғану  тежелу  үдерістері  басым  бола  бастайды. 

Ішкі  мүшелер,  қозғалыс  қызметі  көрсеткіштері  төмендейді.  Шек-

тен  тыс  қозу  сияқты  сөрелік  апатия  да  психогендік  факторлар 

кешенімен  қалпына  келуі  мүмкін.  Спортшының  психологиялық 

күйінің  қалпына  келуінде  аутогендік  жаттықтырудың  маңызы  зор. 

Аутогендік  жаттықтыру  ерте  сөре  алдыңғы  күйде  физиологиялық 

жəне психологиялық қызметтерді қалпына келтіруде ерекше мəнге 

ие.


Сөре алдыңғы реакциялар жасқа байланысты өзгереді. Төменгі 

сынып  балалары  мен  жасөспірімдерде  сөре  алдыңғы  өзгерістер 

дəрежесі мен орындалатын жүктеме мөлшері арасында заңдылықты 

байланыстар əрқашан байқала бермейді. Кəмелеттік жаста неғұрлым 

сөре алдыңғы өзгерістер көп болған сайын, соғұрлым орындалатын 

жұмыс  немесе  жарыс  күрделірек  болып  келеді.  Бұл  функциялық 

күйді  реттеуде  екінші  сигналдық  тітіркендіргіштердің  рөлінің 

жоғарылауы салдарынан болып табылады. Төменгі сынып балалары 

мен жасөспірімдерде сөре алдыңғы өзгерістердің барабар (адекват-

ты) еместігі немесе аз айқындалуы шартты рефлекстік қозғалыс ре-

акцияларын нақты ажырату мен нығайту үшін қажетті тəжірибенің 

жеткіліксіздігімен байланысты болады. 




89

Бой жазу 

Жаттығуларды  (жаттықтыру  немесе  əсіресе,  жарыс)  орындау 

алдында  температуралық  гомеостазды  реттеу  үшін  сөре  алдыңғы 

(алдын  ала)  тірек-қимыл  жəне  кардиореспираторлық  жүйелер 

дайындығының, яғни бой жазудың маңызы зор. 

Бой  жазу  немесе  бой  қыздыру  дегеніміз – жарысқа  немесе 

жаттықтыру  сабағының  негізгі  бөліміне  түсер  алдында  орындала-

тын жаттығулар. Бой жазу сөре алдыңғы күйді жақсартуға мүмкіндік 

береді,  бабына  келу  үдерістерінің  жылдамдауын  қамтамасыз  етеді 

жəне жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатады. Бой жазудың жарыс не-

месе  жаттықтыру  əрекетіне  жағымды  ықпал  ету  механизмдері  сан 

алуан:


1. Бой  жазу  вегетативтік  жүйке  орталықтарының,  үлкен 

ми  сыңарлары  қыртысы  сенсорлық  жəне  моторлық  жүйке 



орталықтарының  қозғыштығын  жоғарылатады,  ішкі  секре-

ция  бездерінің  қызметін  күшейтеді.  Осының  арқасында  келесі 

жаттығуларды  орындау  кезінде  қызметтердің  оптималды  реттелу 

үдерістерінің тездетілуі үшін жағдай жасалады. 

2. Бой  жазу  оттегі  тасымалдау  жүйесінің  (тыныс  алу  жəне 

қан  айналу)  барлық  буындарының  қызметін  күшейтеді:  ӨВ, 

альвеолалардан  қанға  О

2

  диффузия  жылдамдығы,  ЖЖЖ  мен 



жүректің  минуттық  қан  көлемі,  қан  қысымы,  веноздық  қайтарылу 

жоғарылайды,  өкпедегі,  жүрек,  қаңқа  бұлшық  еттеріндегі 

капиллярлық  (қылтамырлық)  торлар  кеңейеді.  Бұлардың  барлығы 

ұлпалардың оттегімен жабдықталуының күшеюіне жəне сəйкесінше, 

бабына келу кезеңінде оттектік тапшылықтың азаюына, «өлі нүкте» 

күйінің  алдын  алып  немесе  «екінші  тыныс  алудың»  ашылуының 

жылдамдауына əкеледі. 

3. Бой  жазу  тері  қан  айналымын  күшейтеді  жəне  тер  бөліну 

табалдырығын  төмендетеді,  сондықтан  ол  жылу  шығарылуын 

жеңілдетіп,  келесі  жаттығуларды  орындау  кезінде  дененің  шектен 

тыс қызуының алдын алып жылу реттелуге жағымды ықпал жа-

сайды.

4. Бой  жазудың  көптеген  жағымды  əсерлері  дене  жəне 



əсіресе,  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттер  температурасының 

жоғарылауымен  байланысты.  Сондықтан  бой  жазуды  көбіне,  бой 

қыздыру деп те атайды. Ол бұлшық ет тұтқырлығының төмендеуіне, 


жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау