Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет32/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168

103

Қажудың  пайда  болуында  жоғары  жұмыс  қабілеттілігі 

сақталатын, ерік күшімен демелетін жасырын, жеңуге болатын қажу 

болады.  Қозғалыс  əрекетінің  үнемділігі  бұл  жағдайда  төмендейді, 

жұмыс  жоғары  энергия  жұмсалумен  орындалады.  Бұл  өтелетін 

қажудың түрі. Жұмысты əрі қарай орындау кезінде өтелмейтін қажу 

пайда  болады.  Бұл  күйдің  басты  белгісі  жұмыс  қабілеттілігінің 

төмендеуі  болып  табылады.  ОЖЖ-нде  қорғану  тежелуінің  дамуы 

жұмысты тоқтатуға əкеледі. Өтелмейтін қажу кезінде бүйрекүсті безі 

қызметі төмендейді, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі азаяды, 

анаэробтық  гликолиз  үдерістерінің  екіншілік  күшеюі  жүреді.  Дене 

жаттығуларын орындау кезінде дамитын қажу олардың тиімділігінің 

жəне спорттық нəтиженің төмендеуіне əкеледі.

Қажудың  даму  механизмін  тереңірек  ұғынбай  жаттықтыру 

үдерісін  дұрыс  ұйымдастыру  мүмкін  емес.  Қажу  физиологиясын-

да  кеңінен  тараған  нейрогендік  қағиданың  негізін  И.  М.  Сеченов 

қалаған.  Ол  өзінің  эргографиялық  жұмыстары  арқылы  белсенді 

тынығу  феноменін  ашып,  бұлшық  ет  жұмыс  қабілеттілігінің 

төмендеуі жүйке орталығына байланысты екендігін көрсетті. Оның 

бұл көзқарасы басқа физиологтардың еңбегінде одан əрі дамыды.

И.  П.  Павлов  қажу  мен  қалпына  келуді  бір  үдерістің  екі  жағы 

деп  түсіндіреді.  Олардың  қатынастары – тірі  құрылымның  əрекет 

күйі немесе төмен белсенділікке ауысуы негізі. И. П. Павлов идея-

ларын Г. Ф. Фольборт дамытып, қажуды түгесілу мен қалпына келу 

үдерістері  арақатынастарына  тəуелді  күй  ретінде  қарастырудың 

принциптік дұрыстығын көрсетті. 

Н. Е. Введенский мен А. А. Ухтомскийдің зерттеулері бойынша, 

қажу орталық тежелуден жəне жұмыс əрекетінің үйлеспеушілігінен 

шығады.  Л.  А.  Орбели  жəне  оның  шəкірттері  қажуды  жүйке 

орталығына  əсер  ететін  шашыраңқы  вегетативтік  əсерленістерден 

туады деп санады.

Кез келген жаттығуды орындау кезінде бұлшық ет əрекетін жəне 

оның вегетативтік қамтамасыз етілуін реттейтін жүйке орталықтары 

күйінің  функциялық  өзгерістері  жүреді.  Мұнда  қажуға  неғұрлым 

«сезімтал»  ми  қыртысындағы  жүйке  орталықтары  болып  табыла-

ды. Орталық жүйкелік қажу қызметтердің, соның ішінде қызметтер 

(соның ішінде, қозғалыс) координациясының бұзылуымен, шаршау 

сезімінің туындауымен көрінеді. И. М. Сеченов (1903) өз еңбектерін-

де  «шаршауды  сезіну  көзі  кəдімгі  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттер 

болса, мен оны . . . ОЖЖ-не жатқызамын», – деп жазған. 




104

Орталық-жүйкелік  қажу  механизмдері  көп  қырынан  əлі  де 

ашылмаған. И. П. Павлов теориясына сəйкес жүйке жасушаларының 

қажуы – олардың  қарқынды  немесе  ұзақ  белсенділік  əсерінен  ту-

ындайтын  қорғаныс  тежелуінің  көрінуі.  Мұндай  тежелу  жұмыс 

кезінде  ОЖЖ  барлық  деңгейіне,  тіпті,  ми  қыртысына  дейін 

жеткізілетін жұмысшы бұлшық ет, буын рецепторларынан қарқынды 

пропиоцептивті  импульсация  нəтижесінде  туындайды.  Тежелу – 

жүйке  жүйесін  сақтайтын,  ал  ол  арқылы  нəтижесі  организмнің 

тіршілік қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін болатын барлық мүшелер 

мен ұлпаларды түгесілуден қорғайтын əмбебап механизм. 

Қажу  вегетативтік  жүйке  жүйесі  жəне  ішкі  секреция  бездері 

қызметтерінің өзгерістерімен байланысты болуы ықтимал. 

А.  А.  Виру  бойынша  екіншісінің  əсіресе,  ұзақ  жаттығулар 

кезінде маңызы зор. Бұл жүйелер қызметінің өзгерістері бұлшық ет 

əрекетінің  энергиялық  қамтамасыз  етілуін,  вегетативтік  қызметін 

реттеудегі бұзылуларға əкелуі мүмкін. 

Қажудың  туындау  себептері  вегетативтік  қамтамасыз 



ету  жүйелерінде,  ең  алдымен,  тыныс  алу  жəне  жүрек-тамыр 

жүйелерінде орын алған көптеген физиологиялық өзгерістері болуы 

мүмкін. Мұндай өзгерістердің басты салдары жұмыс атқарушы адам 

организмінің оттегі тасымалдау қызметтерінің төмендеуі болып та-

былады. 

Қажу орындаушы аппараттың, яғни жұмыс атқарушы бұлшық 

еттің  өзінде  жүретін  өзгерістермен  де  байланысты  болуы  мүмкін. 

Мұнда бұлшық еттік (шеткі) қажу немесе бұлшық ет талшығы жиы-

рылу аппаратының өзіндегі, немесе жүйке-бұлшық ет синапсындағы, 

немесе  бұлшық  ет  талшықтарының  электрлік-механикалық  байла-

ныс жүйесіндегі туындайтын өзгерістер нəтижесі болып табылады. 

Кез келген осы локализациялар кезінде бұлшық еттік қажу бұлшық 

еттің жиырылу қабілетінің төмендеуімен көрінеді (31-сурет). 

Соңғы  жылдары  адам  бұлшық  етінің  қажуын  түсіндіру  үшін 

ұсынылған  ми  қыртысы  теориясы  бойынша,  қажуға  орталық 

жүйке  жүйесінің  күйі  (эмоция,  сезу  тітіркендіргіштері,  белсенді 

тынығу, автоматты (дағдылы) қимылдар, т.б.) зор ықпалын тигізеді. 

Өйткені  қажудың  орталық  механизмдері  ми  қыртысы  деңгейінде 

тұйықталатындығы көрсетіледі. Қажу кезінде жұмыс қабілеттіліктің 

динамикасы қозғалыс талдағышының тежелуші элементтерімен бай-

ланысты.  Жұмыстың  бастапқы  кезінде  жоғары  өрлейтін  импульс-



105

тер  қозғалыс  талдағышының  орталығын  сергітеді,  оның  қабілетін 

арттырады.  А.  А.  Ухтомскийдің  айтуынша,  жүйке  орталығының 

нəрленісі  (трофикасы),  ширақтығы  көтеріледі,  ол  ырғаққа  үйрену 

деп аталады. Жұмыс үстінде бұрынғы қалпына келу белсендіріледі, 

ол іс-əрекеттің физиологиялық ырғағын жеделдетеді.



31-сурет. Статикалық жұмысқа дейін жəне одан кейін жұмыс атқарушы 

бұлшық ет жүйкесін стандартты электрлік тітіркендіруге жауап ретінде 

олардың электрлік белсенділігі (ЭБ) мен жиырылу қабілетінің (ЖҚ) 

төмендеуімен көрінетін бұлшық еттік қажу  (Я. М. Коц, С. П. Кузнецов 

бойынша)

Нейрофизиологиялық  зерттеулер  торлы  құрылымның  жоғары 

жүйке  орталықтарын  сергітетін,  яғни  жеңілдеткіш  ықпалын 

көрсетеді. Қажу кезіндігі ми қыртысы орталықтары жұмыскерлігінің 

төмендеуі тек мүмкіндік қорының азаюымен ғана емес, оларда туа-

тын тежелу үдерістеріне байланысты. Олар өзара шиеленісіп, жүйке 

орталығының ширақтығын, яғни əрекеттер көрінісін əлсіретеді.

Бұлшық еттің қажуы. Бұлшық етті ұзақ уақыт белгілі бір ыр-

ғақпен  тітіркендіріп  отырса,  ол  қажиды,  оның  жиырылу  қабілеті 

біртіндеп төмендеп, ақыры мүлде жауап бермей қояды. Бұл уақытша 

құбылыс.  Біраз  үзіліс  жасап,  тынықтырса,  ет  қайтадан  жиырыла 

бастайды,  біртіндеп  жиырылу  қасиеті  бастапқы  қалпына  келеді. 

Бұлшық еттің қажуын жазып алуға болады, ол эргограмма деп ата-

лады. Бұлшық еттің жиырылуы пессимум жиілігінен де тоқталады. 

Бірақ  қажу  мен  пессимум  жиілікте  жиырылу  тоқтағанмен  бұл 

екі  құбылыстың  себебінде  жəне  физиологиялық  қасиеттерінде 

ерекшеліктер  бар.  Бұлшық  еттің  қажуы  ұзақ  уақыт  жиырылу 

қызметін атқару нəтижесі, дем алған соң еттің жұмыс қабілеттілігі 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау