Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет123/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   168

381

(Алиакбарова 1995), 1950 жылдары ол көрсеткіштер 146,6 см, 37,03 

кг, 70,67 см (Шəкенов, 1960) болған. 

Өсу мен даму акселерациясының бірнеше белгілері бар:

4) Жаңа туған нəрестелердің ірі болуы (1970-1980 жылдары Ал-

матыда  туған  нəрестелер 1950-1955 жылдары  туған  нəрестелерден 

3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр);

5) Белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің 

ірі болуы (жоғарыдағы Мəскеу мен Алматы қаласындағы оқушылар 

мəліметтері);

6) Ерте  жыныстық  жетілу  (қазіргі  жастарда  жыныстық 

жетілу  белгілері 1,5-2 жыл  ерте  басталып,  ерте  аяқталады;  оның 

белгілері:мысалы, (жоғарыдағы  Ленинград  (қазіргі  Санкт-Петер-

бург) оқушылары мəліметтерін қараңыз) қыздардың етек кірінің 10-

12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің 

өсуі);


7) Баланың  сүйегі  ерте  қатады  (сүйектің  қатуының  белгісі: 

баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері пайда бо-

лады, маңдай еңбегі ерте жабылады – қазіргі кезде баланың маңдай 

еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі);

8) Жастардың  бойының  өсуі  ерте  тоқталады:  қалыпты 

жағдайларда жігіттерде 22-24 жаста (25 жасқа дейін), қыздарда 20-

20  жаста (23 жасқа  дейін)  бойының  өсуі  тоқталса,  акселераттарда 

өсу 2 жылдай бұрын аяқталады, яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, 

қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.   

Даму үдерісі жылдамдаған акселерат-балалармен қатар дене да-

муы мен жыныстық жетілуі кешеуілдеген, баяу дамитын ретардант-

балалар  да  бар.  Сондықтан  бір  күнтізбелік  жастың  биологиялық 

жағынан əртүрлі балалар контингентін біріктіруі сирек жағдай емес. 

Дене  тəрбиесі  мен  спорттық  жетілдіру  үдерісінде  спортпен 

шұғылданушылардың  тек  күнтізбелік  жасын  ғана  емес  олардың 

биологиялық жасын, дамуының жеке-дара ерекшеліктерін де ескеру 

қажет. 

Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері

Организмнің өсуі мен қалыптасуы, оның сыртқы ортамен өзара 

əсерінің тиімділігі көбінесе, жүйке жүйесінің дамуына, ең бастысы 

оның жетекші бөлімі – ми қыртысына байланысты. 




382

Жоғары жүйке қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері

Балалар  дамудың  жас  кезеңдерінің  жеке  сатыларында  жоғары 

жүйке қызметінің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады. 

Бастауыш мектеп жасында жоғары жүйке қызметінің жетілуі 

тəн. Бұл кезеңде жүйке үдерістерінің күші мен жылдамдығы артады, 

ішкі  тежелу  күшейеді,  нəтижесінде  қозу  мен  тежелу  үдерістерінің 

өзара əсері мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда жоғары тепе-

теңділікпен  (салмақтылықпен)  сипатталады.  Оларда  шартты  мен 

өшу сияқты ішкі тежелулер түрлері 5-7 жастағы балаларға қарағанда 

айтарлықтай  жылдамырақ  түзілетіні  байқалған.  Мысалы,  шартты 

тежелу 5 жастағы балаларда 30 рет бекітілмей барып бірақ түзілсе,  

ал 12 жастағы балаларда 4 рет бекітілмеген соң түзіледі. 

Бастауыш  мектеп  жасында  шартты  рефлекстік  байланыс 

түзу  қабілеттілігі  жоғарылайды.  Мəселен, 10-12 жастағы  ба-

лаларда  қарапайым  (жай)  тітіркендіргіштерге  сияқты  күрделі 

тітіркендіргіштерге  де  оң  шартты  рефлекстер  жедел  қалыптасады 

жəне  айтарлықтай  тұрақтылықтарымен  сипатталады.  Осылармен 

қатар  балаларда  рефлекстік  реакциялар  көбіне  жайылған  сипатта 

болады.  Бұл – қозу  үдерісінің  айқын  иррадиациясының  нəтижесі. 

Осының салдарынан ішкі тежелу күші əлі жеткіліксіз, ересектерге 

қарағанда  дифференциациялау  (ажырату)  қиынырақ  қалыптасады. 

Аса күшті əсер еткен кезде балаларда шектен тыс тежелу салыстыр-

малы жылдам дамиды. 

10-12  жаста  ересектерге  тəн,  яғни  секундына 10-12 тербеліс 

болатын  мидың  биоэлектрлік  белсенділігінің  альфа-ырғағы 

жиілігі  көрінеді.  Сонымен  қатар  балалар  электроэнцефалограм-

масы  айтарлықтай  вариабелдікпен  сипатталады,  мидың  түрлі 

аймақтарында  электрлік  белсенділік  жиіліктерін  таратуда  едəуір 

айырмашылықтар байқалады.

Бастауыш мектеп жасында сөйлеу қызметі белсенді жүреді, ойлау 

қарқынды дами бастайды, бірінші жəне екінші сигналдық жүйелердің 

өзара байланысы жетіле түседі. Сөздік ақпарат неғұрлым нақтырақ 

жəне толық болады. Тітіркендіргіш ретінде сөз бен қозғалыс қызметі 

арасында уақытша байланыстар күшейе түседі. Осының  арқасында 

өз қозғалыстарын тереңірек əрі алуан түрлі сөзбен жеткізу қабілеті  

жоғарылайды. 

Дене  тəрбиесі  мен  спорттық  жетілдіру  сигналдық  жүйелердің 




383

барынша нəзік өзара қатынастарына əкеледі жəне сөз бен ойлаудың 

қозғалыс қызметіне ықпалын кеңейтеді. 

Жасөспірімдік  жас  (орта  буын)  жыныстық  жетілуге  сай 

бой  мен  дене  дамуының  қарқынды  дамуына  сəйкес  келеді.  Бұл 

үдеріс  қыздарда 11-12 жас,  ал  ұлдарда 13-14 жастарда  басталады. 

Жыныстық жетілу үдерісіне байланысты:

1-фаза – препубертанттық немесе жыныстық жетілу алды кезеңі;

2-фаза – жыныстық жетілудің күшеюі мен сыртқы белгілерінің 

көрінуімен сипатталатын пубертантты (жыныстық жетілу кезеңі);

3-фаза – жоғары  мектеп  буын  жасында  жалғасатын  жыныстық 

жетілудің  аяқталуымен  байланысты  постпубертантты  (жыныстық 

жетілуден кейінгі)  кезеңдер деп 3 фазаны бөліп қарастырады. 

Жасөспірімдік  шақ  бірнеше  айрықша  ерекшеліктерімен  си-

патталады.  Жасөспірімдерде  қозу  үдерістері  басымырақ  болады, 

дифференциациялық тежелу едəуір нашарлайды, тітіркенуге шарт-

ты  рефлекстік  реакциялар  азырақ  адекватты  (барабар)  келеді  жəне 

барынша  айқын  көрінетін    «екпінді,  ағынды,  қызулы»  сипат  тəн. 

Осымен  бір  жағынан,  жасөспірімнің  қимыл  əрекеттерінің  қажет 

емес  бұлшық  еттердің  жиырылуымен  қосымша  қозғалыстарының 

көп  болуымен  жиі  ерекшеленуі  түсіндіріледі.  Бұл  жастағы  бала-

ларда шартты рефлекстер мен ажыратудың (дифференциалдаудың)  

түзілуінде уақытша қиындықтар байқалуы мүмкін. 

Жасөспірімдер  қуаныштан  жабырқаңқылыққа    (көңілсіздікке) 

немесе  керісінше  қуанышты  күйге  тез  ауысуымен  көрінетін 

психикалық  тұрақсыздықпен  сипатталатын  мінез-құлықтарындағы 

жоғары эмоциялық күймен ерекшеленеді.  Бұл өзгерістер уақытша 

сипатта  болады,  аталмыш  жас  кезеңіне  тəн  нейро-гуморалдық 

өзгерістердің салдары болып табылады. 

Жыныстық  жетілу  кезеңі  ретінде  жасөспірімдік  жас  жы-

ныс  бездерінің  ішкі  секрециялық  қызметтерінің  белсенуімен 

ерекшеленеді. Гипофиз бен қалқанша бездермен жыныс бездерінің 

өзара  əсерлесуінен  алдыңғы  балалық  шаққа  тəн  организмдегі 

нейроэндокриндік  жəне  нейро-гуморалдық  қатынастар  өзгеріске 

түседі. 


Кəмелеттік (жігіттік) немесе жоғары мектеп жасына өту жоғары 

жүйке  қызметінің  əрі  қарай  жетілдірілуімен  байланысты.  Ми 

қыртысының анализ-синтездік қызметтерінің деңгейі жоғарылайды, 

жалпылау қызметі күшейеді, сөз сигналдарының рөлі артады, сөздік 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау