Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет131/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168

405

тəн деңгей –  2710 кгм/мин дейін артатынын 27-кестеден байқауға 

болады. 

27-кесте

Велоэргометрде жұмыс қуаттылығының жасқа сай өзгерістері 

(А. З. Колчинская бойынша)

Жас, жылмен

Қуаттылық, кгм/мин

8-9


509

10-11


745

13

916



14

1045


15-16

1219


22

2710


Төзімділік  түрлі  жас  кезеңдерінде  біркелкі  артып  отырмайды.  

Мəселен,  аэробты  қуаттылықты  жаттығулар  кезінде  төзімділіктің 

ең жоғары өсімі 15-16-дан 17-18 жастағы жасөспірімдер мен бозба-

лаларда анықталған. Анаэробты қуаттылықты жаттығуларда жұмыс 

ұзақтығының  айтарлықтай  артуы 10-12-ден 13-14 жасқа  дейін 

аралықтарда байқалған.

Жас  спортшылар  тек  төзімділіктерінің  жоғары  болуымен  ғана 

емес жəне айтарлықтай көбірек болатын жасқа сай өсімдерімен си-

патталады. Мəселен, жүзумен айналысатын қыз балаларда 8-ден 15 

жасқа  дейін  велоэргометрде  орындалатын  жаттығуларда  жұмысқа 

қабілеттілік 3 есе, ал ұлдарда 3,4 есе артқан. Демек, неғұрлым жас 

спортшылар  есейген  сайын,  сəйкесінше  спортпен  айналысу  өтілі 

(стажы) көбейген сайын соғұрлым олар спортпен шұғылданбайтын 

тұлғалардан  көп  ерекшеленеді.  Алайда,  дене  белсенділігі 

жағдайында бола тұра ядро серпу, диск лақтыру, марафон жəне бас-

кетбол сияқты спорт түрлерінде жұмыс өнімділігінінің жасқа байла-

нысты төмендейтіндігін 74-суреттен көруге болады.

Ептілік. Бұл қимыл сапасы қозғалыстың күштік, уақыттық жəне 

кеңістіктік параметрлерін басқара білумен сипатталады. 

Ептіліктің 

қалыптасу 

факторларының 

бірі 


кеңістікті 

бағдарлаудың дəлдігі болып табылады. Қозғалысты кеңістіктік диф-

ференциалдау  (ажырату)  қабілеті 5-6 жаста  елеулі  күшейеді.  Бұл 

қабілеттің барынша өсуі 7-ден 10 жасқа дейін байқалады. 10-12 жа-

ста ол тұрақтанып, 14-15 жаста біраз төмендеп, ал 16-17 жаста қимыл 

бағдарлау  көрсеткіштері  ересектерге  тəн  деңгейге  жетеді.  Жүйелі 




406

түрде  жаттығу  қозғалыстың  кеңістіктік  параметрлеріне  неғұрлым 

сапалы анализ жасай білуін дамытады.  

74-сурет. Дене белсенділігі жағдайында бола тұра жасқа байланысты 

жұмыс өнімділігінің өзгерістері (D. H. Moore (1975) Nature 253:264-265. 

NBA Register, 1992-1993 Edition)

Жас  артқан  сайын  қозғалыс  темпін  дифференциалдау  қабілеті 

өзгеріп отырады. 7-8 жаста велосипед педалын айналдыру жиілігінің 

айтарлықтай  вариациялары  байқалған. 13-14 жаста  қозғалыстың 

қажетті темпін жаңадан өндіру қабілеті жақсарады да, ол ересектер-

ге тəн көрсеткіштерге жуықтайды. 

Ептіліктің жасқа сай жетіле түсуі бұлшық еттің күш салуын диф-

ференциациялау қабілетін көрсетеді. 5-10 жастағы балаларда келесі 

жас  кезеңдеріне  қарағанда  қажетті  күшті  жаңадан  өндіру  дəл  бол-

майды. Бұлшық еттік ширығу деңгейін ең нақты дифференциация-

лау 15-17 жастағы жасөспірімдер мен бозбалаларға тəн. 

Спорттық  жаттығу  ықпалынан  қозғалыстарды  басқару  қабілеті 

артады. Қозғалыс координациясы дамуының жоғары дəрежесі басқа 

қимыл сапаларының барынша жақсы қалыптасуына негіздейді. 



Иілгіштік.  Организмнің  дамуы  барысында  иілгіштік  біркелкі 

өзгермейді.  Мəселен,  арқа  жазғанда  омыртқа  жотасының 

қозғалғыштығы  ұлдарда 7-ден 14 жасқа  дейін,  ал  қыздарда 7-ден 

12  жасқа  дейін  едəуір  жоғарылайды.  Неғұрлым  үлкен  жаста  оның 

өсімі  төмендейді.  Арқаны  бүккен  кездегі  омыртқа  жотасының 



407

қозғалғыштығы  ұлдарда 7-10 жаста  елеулі  жоғарыласа,  ал 11-13 

жаста  төмендейді.  Иілгіштіктің  жоғары  көрсеткіштері  ұлдарда 

15  жаста,  ал  қыздарда 14 жаста  байқалған.  Пассивті  қозалыстарға 

қарағанда активті қозғалыстар кезінде иілгіштік біраз азырақ бола-

ды. 


Жас спортшылардың физиологиялық сипаттамасы

Балалар  мен  жасөспірімдердің  спорттық  толық  жетілуінің  бас-

ты ерекшелігі оларда қимыл мен вегетативтік қызметтердің дамуы, 

жұмысқа  қабілеттіліктің  артуы  организмдегі  өсу  мен  қалыптасу 

үдерістері  əлі  аяқталмаған  кезде  жүріп  жатуы  болып  табылады.  

Сондықтан  да  жас  спортшы  үшін  жылдамдатылған  даярлық,  аясы 

тар дене жаттығуларын қолдану, жаттықтыру жүктемелерін шектен 

тыс  жəне  мезгіліне  сай  емес  арттыру    аса  зор  қауіп  тудыратынын 

атап өткен жөн. 

Спорттық жұмысқа қабілеттіліктің жасқа сай ерекшеліктері

Организмнің  дамуы  барысында  оның  дене  жұмыс  қабілеттілігі 

жоғарылайды.  Спортта  бұл  тіптен,  салыстырмалы  кішкене  жас 

диапазонының  өзінде  жүгіру,  жүзу,  ескек  есу,  т.б.  ұзақтығы  мен 

қарқындылығын  арттыру,  қозғалыс  жылдамдығының  жоғарылауы-

мен көрінеді (28-кесте). А. З. Колчинская кестесі бойынша велоэр-

гометрмен жұмыс кезінде жастан жасқа жұмыс  қуаттылығының ар-

татыны жоғарыда айтып өтілген болатын.  



28-кесте

Жасөспірімдердегі 200 м арақашықтықта максималды темп-

те байдаркада ескек есу кезіндегі жұмысқа қабілеттілік мен 

оттектік сұраныс (В. С. Мищенко бойынша)

Көрсеткіштер

Жас, жылмен

13

14



15-18

Ескек уақыты (с)

70,7 ± 0,5

66,0 ± 0,6

61,5 ± 0,6

Минутына есу саны

81,3 ± 0,4

82,0 ± 0,6

93,0 ± 0,7

Оттектік сұраныс, мл/мин. 

мл/кг- мин

3360 ± 40

62,4 ± 0,3

3562 ± 48

64,0 ± 0,4

4070 ± 60

68,0 ± 0,45

Спорттық  жаттықтыру  дене  жұмыс  қабілеттілігінің  артуы-

на  əкеледі.  Жас  спортшылар  спортпен  шұғылданбайтындарға 

қарағанда жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие болып келеді. Мұнда 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау