Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет119/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   168

368

жаттықтыру аэробты мүмкіндіктерді жоғарылатады жəне тиісінше, 

анаэробты табалдырық бойынша бірдей аэробты жұмысты орындау 

барысында  жаттықпаған  əйелдерге  қарағанда  спортшы  əйелдерде 

қандағы  лактат  концентрациясы  төмен  болады.  Осымен  қатар  ма-

мандануы бір болып келетін ерлерге қарағанда əйелдерде анаэробты 

табалдырық кем келеді. 

Ер  адамдарға  қарағанда  əйелдерде  ОМП-дан 80-85%-ға  төмен 

деңгейде  аэробты  жүктемелер  кезінде  жұмыс  атқарушы  бұлшық 

еттердің майларды (тотығуы) пайдалануы артық (ДК төмен) бола-

ды.

Əйелдер мен ер адамдарда бірдей аэробты жұмыстың энергиялық 



құндылығын  сəйкестендіру  кезінде  бірнеше  факторларды  ең  алды-

мен,  əсіресе  бірдей  сол  жаттығуларды  орындау  техникасындағы 

айырмашылықтардан  əртүрлі  болатын  жұмыстың  механикалық 

тиімділігін ескеру қажет.  

Мəселен, əйелдер мен ер адамдарда велосипед тебудің энергия-

лық  құндылығын  анықтау  кезінде  айтарлықтай  айырмашылықтар 

байқалған,  алайда,  жұмыстың  калориялық  құндылығын  дене 

салмағына шаққанда ол айырмашылықтар жоғалған. Сайып келген-

де,  адамның  жасы  да,  дене  құрылысы  да  немесе  композициясы  да 

энергиялық шығынға айрықша ықпал етпейді. 

Сонымен  қатар    дене  салмағына  шаққандағы  калориялық 

шығындар  ер  адамдарға  қарағанда  əйелдерде  түрлі  қашықтыққа 

жүру  кезінде 6-7%-ға,  ал  жүгіруде 10%-ға  жоғары  болған.  Басқа 

қырынан алып қарағанда, дене салмағына шаққандағы О

2

  пайдала-



ну  жылдамдығы  бірдей  тредбанда  жүгіру  кезінде  əйелдерде  жеке-

дара көрсеткіштердің вариациялығы артық болғанымен, екі жыныс 

өкілдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер байқалмаған.

Төзімділікке  жаттықтыру  нəтижесіндегі  физиологиялық 

өзгерістер 

Жоғарыда  айтылып  өткендей,  төзімділік  жаттығулары  туды-

ратын  физиологиялық  өзгерістер  тұтасымен  алғанда  əйелдерде  ер 

адамдармен  ұқсас  келеді.  Бірдей  (стандартты)  максималды  емес 

аэробты жұмыстарды орындау барысында «тұрақты күй» кезеңінде 

төзімділік жаттығуының белгілі бір кезеңіне дейін жəне одан кейін 

физиологиялық  көрсеткіштерді  салыстыруда  келесідей  өзгерістер 

айқындалған:

1.  О

2

  пайдалану  жылдамдығы  сол  қалпында  қалған  (кейде  тек 



біраз төмендеу тенденциясы байқалған);


369

2. Өкпелік желдену азайған;

3. Жүректің қан айдау қызметі өзгеріссіз қалған;

4. ЖЖЖ төмендеген;

5. Систолалық көлем артқан;

6. АВА-О


2

өзгермеген немесе тек аздап төмендеген;

7. Қандағы лактат концентрациясы кеміген.

Максималды  аэробты  жұмыс  кезінде  тіркелген  максимал-

ды  көрсеткіштердің  жаттықтыру  алдындағы  көрсеткіштерден 

жаттықтырудан кейінгі ерекшеліктері:

1. ОМП артады;

2. Максималды өкпелік желдену ұлғаяды;

3. Максималды жүректің қан айдауы жоғарылайды;

4. Максималды ЖЖЖ біршама төмендейді;

5. Максималды систолалық көлем көбейеді;

6. Максималды АВА-О2  артады;

7. Максималды қандағы лактат концентрациясы жоғарылайды.

Бұл  көрсеткіштердің  барлығы  негізінде  энергия  өнімділіктің 

тотығу үдерістеріндегі оттегіні утилдейтін қаңқа бұлшық еттерінің 

аэробтық  мүмкіндіктері  мен  əйел  организмінің  оттегі  тасымал-

дау  мүмкіндіктерінің  күшеюі  жатқан  аэробтық  мүмкіндіктердің 

жоғарылауын  көрсетеді.  Ер  адамдардағыдай  аз  дəрежеде  болса  да, 

əйелдерде төзімділік жаттығулары нəтижесінде бұлшық еттік мито-

хондриялар  көлемі  мен  саны,  аэробты  метоболизмнің  (тотығу)  ар-

найы  ферменттерінің  белсенділігі  мен  мөлшері,  бұлшық  еттердегі 

негізгі  энергиялық  субстраттардың  (гликоген  мен  триглицерид-

тер)  саны  артады,  көмірсуларды,  əсіресе,  майларды  тотықтыратын 

бұлшық еттердің қабілеті жақсарады.  

Етеккір циклі жəне дене жұмыс қабілеттілігі

Əйелдердің  түрлі  жүйелерінің  физиологиялық  күйі  мен 

тұтасымен  дене  жұмыс  қабілеттілігі  етеккір  циклі  фазаларымен 

белгілі  бір  тəуелділікте  болады.  Сонымен  қатар  дене  жүктемелері 

оның өтуіне де ықпал жасауы мүмкін. Етеккір циклі барысындағы 

физиологиялық өзгерістердің сипаты мен қарқындылығы бойынша 

өте айтарлықтай жеке-дара вариациялар кезінде жиі қайталанатын,  

барынша типтік өзгерістерді бөліп қарастыруға болады.




370

Еттекір  циклінің  орта  кезінде-ақ  эритроциттер,  гемоглобин, 

лейкоциттер  мен  тромбоциттердің,  сонымен  қатар  денедегі  су  мен 

тұздың  кешеуілдеуінен  туындайтын  гемодилюциямен  (қандағы 

плазма  көлемінің  артуымен)  байланысты  қандағы  белоктар  азая     

бастайды. Əсіресе, спортшы-əйелдерде етеккірдің басталуының ал-

дында  қандағы  эритроциттер  мен  гемоглобиннің  мөлшері  артады. 

Етеккір күндеріндегі эритроциттер мен гемоглобин жоғалту салда-

ры дəрежесі жоғалтылған қан көлеміне байланысты болатын қанның 

оттектік сыйымдылығының төмендеуіне əкеледі. Осы фазада тром-

боциттер саны мен фибринолизистік жүйелер белсенділігі кемуінің 

нəтижесі ретінде қан ұйығыштығы төмендейді. Қан жоғалту келесі 

эритропоэздің  күшеюі  үшін  қуатты  физиологиялық  тітіркендіргіш 

болып  табылады.  Шамамен,  етеккір  циклінің  ортасына  таман 

қанның оттектік сыйымдылығы максимум мəнге жетеді.

Етеккір  алды  жəне  етеккір  фазаларында  негізгі  алмасу  мен 

дене  температурасы  төмен  болады.  Етеккір  фазасында  бұлшық  ет 

жұмысы  кезінде  тер  бөліну  циклдің  басқа  фазаларына  қарағанда 

ертерек басталады. Бұл тер бөлінуіне тежеуші ықпал ететін эстро-

гендер (əйел жыныс гормондары) мөлшерінің төмендеуімен байла-

нысты болуы ықтимал. Осыған орай етеккір кезінде бұлшық еттің 

жұмысқа қабілеттілігі қоршаған ортаның жоғары температурасына 

ерекше сезімтал келуі мүмкін.

Етеккір  циклі  барысында  анаэробты  энергиялық  жүйелердің 

сыйымдылығы көрсеткіші ретінде ОМП немесе О

2

 қарыздылықтың 



ешқандай айтарлықтай өзгерістері орын алмайды. Сол бір аэробты 

жүктемеге  пульстік  реакция  біраз  өзгеруі  мүмкін.  Тіпті,  пульстік 

реакция  мен  О

2

  пайдалану  жылдамдығы  өзгеріссіз  бола  тұра 



етеккір  кезеңіндегі  орындалған  дене  жүктемесі  субъективті  түрде 

неғұрлым ауырырақ болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан етеккір 

циклінің дене жұмыс қабілеттілігіне ықпалы көбіне, əйел адамның 

психикалық күйіне байланысты болады.

Максималды  бұлшық  еттің  ерікті    күші  көбіне,  етеккір 

басталғанға  бірнеше  күн  қалғанда  төмендейді  де,  етеккірдің  басқа 

барлық күндерінде солай болып қала береді.

Əдетте, етеккір циклі спорттық жұмысқа қабілеттілікке барын-

ша ықпал етпейді. Дегенмен, үлкен жеке-дара вариациялар болады. 

Мұнда спорт түрінің белгілі бір маңызы бар. Етеккір спринтерлердің 

(қысқа  қашықтыққа  жүгірушілердің)  жұмысқа  қабілеттіліктеріне 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау