Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет121/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   168

374

қызметінің  нейрогуморалдық  реттелу  сипаты  да  өзгеріп  отырады. 

Мысалы,  дамудың  ерте  кезеңдерінде  салыстырмалы  тыныштық 

күйде  ЖЖЖ  едəуір  болуымен  көрінетін  жүрек-тамыр  жүйесінің 

симпатикалық реттелу механизмдері басым келсе, жас келген сайын 

жүректің жиырылу ырғағының баяулауымен айқындалатын кезеген 

(вагус) жүйкенің ықпалының күшеюі орын алады. 

Адамның  дамуына  қозғалыс,  дене  жаттығулары  орасан  зор 

ықпал жасайды. Гипокинезия деп аталатын қозғалыс белсенділігінің 

шектелуі,  қозғалыстың  жетіспеушілігі  организмнің  қалыптасуына 

теріс  əсер  етеді.  Əсіресе,  балалық  шақта  организмнің  түрлі 

жүйелерінің  қызметі  қаңқа  бұлшық  еті  белсенділігімен  тура 

тəуелділікте болады. Қозғалыс белсенділігі зат пен энергия алмасу-

ын стимулдайды, организмнің жүйелерінің де барлық  қызметтерін 

жетілдіреді жəне оның жұмысқа қабілеттіліктерін жоғарылатады. 

Американдық ғалымдар 400 м жүгіру мен шахмат ойыны кезін-

дегі нəтижелерді жасқа байланысты салыстыра зерттеген (71-сурет). 

 

71-сурет. Жасқа байланысты əртүрлі спорт түрлеріндегі (400 м жүгіру мен 

шахмат ойыны кезіндегі) нəтижелер (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, 

Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c American, 2013)




375

Екі  спорт  түрінде,  яғни  дене  жаттығуы  мен  интеллектуалдық 

спорт  түрінде  де  бұлшық  ет  талшықтары  санының  азаюы,  жүрек-

тамыр жүйесі немесе жүйке импульстерінің берілу жылдамдығы 24 

пен 30 жас аралығында максимум мəнге жетіп, содан соң жұмысқа 

қабілеттіліктің дереу төмендеуі орын алады. Алайда, шахмат ойы-

нында бұл жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі баяулау өтеді. 

Еңбекке  даярлауда  қозғалыс  белсенділігінің  маңызы  зор. 

Жаңа  қозғалыстарды  меңгере  отырып,  адам  еңбек  пен  спорттық 

шынықтыруға қажетті күрделі қозғалыстарды, бұлшық ет жұмысын 

басқарып үйрене алады.  

Қозғалыс  белсенділігі  сезім  мүшелері  арқылы  сыртқы  ортадан 

түскен  ақпараттардың  меңгерілуіне  əкеледі.  Бұл  ақпараттың  тек 

дене  жұмыс  қабілеттіліктері  мен  ақыл-ой  қабілетін  жоғарылатуда 

ғана емес, адамның тұлға ретінде қалыптасуында да маңызы бар.    

Жас  кезеңдері  –  бұл  өсуі  мен  дамуы  ұқсас,  физиологиялық 

ерекшеліктері  бірдей  уақыт  мөлшерінің  шегі.  Белгілі  бір  жас 

кезеңінде  организмнің  даму  дəрежесі  бір  деңгейге  жетіп,  келесі 

деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Организмнің жеке дамуын 

онтогенез (грек. «ontos» – жекелей, «genes» – шығу тегі) деп атайды.  

Қазіргі кезде адам өмірін кезеңдерге бөлудің классификациясы 

жаңа талаптарға сəйкес келмейді. Себебі педагогика саласында жəне 

медицинада қолданып жүрген жас кезеңдерін атаудың салыстырма-

лы айырмашылығы бар (Х. Қ. Сəтпаева). 

Адам өмірі:

1) Құрсақта даму;

2) Балалық шақ;

3) Ересектік шақ деп үш сатыға бөлінеді.

18-кесте

Адам өмірін жас кезеңдерге бөлу

р/с

Жас кезеңдері

Жасы

Қысқаша сипаттамасы

1

Құрсақта даму (антенаталдық)

1.1


Эмбриогенез – 

ұрықтық даму

2 айға жуық

1.2


Фетогенез – 

нəрестелік даму

2-9 ай

2

Балалық шақ (постнаталдық құрсақтан тыс даму)



376

18-кестенің жалғасы

2.1


Жаңа туған 

(неонаталдық) 

немесе нəрестелік 

шақ


Туған күннен 

4 апта 


(қырқынан 

шыққанша 

созылады)

Организм сыртқы ортаның 

жаңа жағдайларына 

бейімделеді. Плацентарлық 

қан айналысы өзгеріп, өкпе 

арқылы тыныс қалыптасады. 

Осы алғашқы 1 аптаға жуық 

мерзім тез бейімделу кезеңі 

деп аталады

2.2


Еметін немесе 

бөбектік шақ

1 жасқа дейін Бөбек анасынан организмге 

қажетті тағамдық заттар өте 

мол болатын нəрлі уыз сүтін 

емеді, көп уақыты ұйқымен 

өтеді. Қозғалыс əрекеттері 

дамиды: мойны бекиді, 

отырады, еңбектейді, жүруге 

талпынады. Сүт тістері шыға 

бастайды, жеке сөздерге тілі 

келеді, омыртқа жотасында 

иілімдер пайда болады, қол-

аяқ бұлшық еттері де дами 

бастайды

2.3


Алғашқы балалық 

немесе сəбилік шақ 

1-3 жас

Жаңадан қозғалыс 



дағдылары қалыптаса 

бастайды, сəби еркін жүреді, 

сөйлейді. Айналасындағы 

заттарға əуестігі артады, əр 

нəрсені білгісі келеді, ойлау 

қабілеті дамиды,жаңадан 

шартты рефлекстер 

қалыптасады, 20 сүт тістері 

шығады

2.4


Бірінші балалық 

немесе естиярлық 

шақ 

4-7 жас


Баланың айналасындағы 

болып жатқан жағдайларға 

қызығушылығы артады. Бұл 

не? деген сұрақтарға жауап 

іздейді. Ми көлемі артып, 

дами түседі, анық сөйлейді. 

Маңызы зор, оның ішінде 

қимыл əрекетін қажет ететін 

ойындар арқылы қаңқасы 

мен бұлшық еттері дұрыс 

жетіле түседі



377

18-кестенің жалғасы

2.5


Екінші 

балалық  немесе 

бүлдіршіндік шақ 

8-12 жас 

(ұлдар)

8-11 жас 



(қыздар)

Бұл кезеңде мектепке 

барумен байланысты 

баланың іс-əрекетінде 

сапалық өзгерістер 

байқалады, жаңа 

дағдылар қалыптасады, 

жауапкершілікті, тəртіпті 

сезінеді. Ойлау қабілеті дами 

бастайды. Бойлары шамамен, 

140-150 см, салмағы 30 кг –

нан асады

2.6

Жеткіншектік 



немесе 

жасөспірімдік 

шақ (балиғаттық-

пубертаттықшақ) 

13-16 жас 

(ұлдар)


12-15 жас 

(қыздар)


Баланың өсуі мен дамуында 

жаңа өзгерістер пайда 

болады. Бұл кезеңде 

жыныстық жетілумен 

байланысты ұлдар мен 

қыздардың дене бітімінде 

айырмашылықтары айқын 

байқалады. Қыздарда 

алғашқы етеккір 12-13 

жаста басталады. Дене 

өседі, бұлшық еттері 

дамиды, тері астындағы май 

қабаты қалыңдай түседі. 

Кеудемен тыныс алу түрі 

айқын білінеді. Ұлдардың 

дауысы жуандайды, 

жыныстық жетілу белгілері 

пайда болады. Зат алмасу 

қарқындылығы артып, 

қозғалыс əрекеттердің  

үйлесімділігі жетіледі. 

Барлық физиологиялық 

үдерістер жедел жүреді

2.7


Кəмелеттік немесе 

жігіттік шақ

17-21 жас 

(бозбалалар)

16-20 жас 

(бойжеткен-

дер)

Барлық мүшелер мен 



мүшелер жүйесінің 

қалыптасуы толығымен 

жетіледі. Жүйке жүйесі мен 

ішкі секреция бездерінің 

қызметі бірімен-бірі 

үйлесімді жүреді.Ми 

қыртысының реттеу қызметі



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау