Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет103/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   168

320

бөлінудің күшеюі нəтижесінде жалпы дегидратация салдарынан бо-

лады. Тауларда болғандағы алғашқы күндері суды жеткіліксіз пайда-

лану дегидратацияны күшейтуі мүмкін. Бұл кезеңдерде қатты шөлдеу 

сезімі  болмайтындықтан  тіпті,  сұйықтыққа  субъективті  қажеттілік 

туындамаса  да  оны  қабылдау  керек.  Биіктікте  əрі  қарай  болу 

үдерісінде қан айналымдағы плазма көлемі бастапқы («жазықтағы») 

деңгейге дейін қалпына келеді. Орта биіктік жағдайында бұл үшін 

бірнеше ай қажет болады. 

Қандағы  эритроциттер  мен  гемоглобин  мөлшері  биіктікте 

болудың  алғашқы  күндері  гемоконцентрациямен  байланысты 

жоғарылайды.  Гемоконцентрация  артериялық  қандағы  оттегінің 

қалыпты  мөлшерін  ұстап  тұруды  қамтамасыз  етеді  жəне  осыған 

орай организмнің гипоксиялық жағдайға тез бейімделуінде маңызды 

рөл атқарады. 

Тауда алғашқы күндері болғанда қандағы эритроциттер санының 

шынайы  артуына  əкелетін  эритропоэз  күшейеді.  Ол 3000 м-ден 

жоғары биіктікте 3-4 күн болғанда-ақ байқалады. Қан айналымдағы 

үлкен  өлшемдегі  эритроциттер  мен  ретикулоциттер  саны  арта-

ды. 4800 м-ге  дейінгі  биіктікте  эритроциттердің  жалпы  саны  мен 

сəйкесінше концентрациясының артуы дəрежесі таулардың биіктігі 

жəне  онда  болу  ұзақтығымен  сызықтық  тəуелділікте  болады. 6000 

м-ге дейінгі биіктіктің артуы кезінде эритропоэз төмендейді. Шыңға 

өрмелеушілерде  (альпинистерде) 7000 м-ден  асатын  биіктікте 

бірнеше күн болған соң эритроциттер мөлшері 8,5 млн/мм³-ге жетеді. 



15-кестеде  көрсетілгендей  таудың  тұрғылықты  тұрғындарында 

неғұрлым мекен орнының биіктігі артқан сайын соғұрлым эритро-

циттер мөлшері көбірек болады.

15-кесте

Биіктікке байланысты қандағы эритроциттер мөлшері

Биіктік (м)

0

1000 1500



2500

3500


4500

5500


6500

Эритроциттер 

мөлшері (млн/

мм

3



)

5,3


5,4

5,5


5,8

6,2


6,6

7,3


8,2

Эритроциттердің жалпы саны (массасы) артуы есебінен биіктікке 

акклиматизацияланған  адамдарда  қан  айналымдағы  қан  көлемі 

жоғары болады. 




321

Биіктікке  акклиматизацияның  бастапқы  кезінде  жүретін  гемо-

концентрация  жəне  одан  кешірек  байқалатын  қан  айналымдағы 

эритроциттер  санының  шынайы  артуы  гематокрит  пен  қан 



тұтқырлығының  жоғарылауына  əкеледі.  Ал  бұл  өз  кезегінде 

перифериялық  тамыр  кедергісінің  жоғарылауына  əкеле  отырып, 

осылайша  гемодинамикаға  ықпал  етеді.  Эритроциттер  мөлшерінің 

(гематокрит) біраз өзгерістері қан тұтқырлығына елеулі ықпал жа-

самайды.  Тек  олардың  концентрациясының  (мысалы,  биік  таулы 

аудандардағы тұрғындарда байқалатын) айтарлықтай артуы қан ай-

налымына белгілі теріс ықпал ете алады.

16-кесте

Əртүрлі биіктіктерде тыныштық күйде 

акклиматизацияланған адамдардың қан жүйесі көрсеткіштері

Биіктік, 

м

Қан 


айналымдағы 

қан көлемі 

(ҚАҚК), 

мл/кг дене 

салмағына

Гемоглобин 

концент-

рациясы, 

г %

Қанның 


оттектік 

сыйымды-


лығы,

%

О



2

 

қанығу 



пайызы, 

%

Артерия-



лық 

қандағы О

2

 

мөлшері, %



0 (теңіз 

деңгейі)


79,6

15,3


20,0

97

20,0



3100

83,0


16,8

22,5


91

20,5


3600

96,0


18,8

25,2


87

21,9


4600

104,0


20,7

27,8


81

22,4


6500

-

24,8



33,3

65

21,7



Гемоглобиннің қосымша мөлшерінің түзілуі басында эритроцит-

тер санының өсуімен салыстырғанда біршама кідіреді. Бірақ аккли-

матизация үдерісінде біртіндеп күшейеді, қандағы гемоглобин кон-

центрациясы  артады,  осылайша  қанның  оттектік  сыйымдылығы 

жоғарылайды (16-кесте).

Мұнда  эритроциттердегі  гемоглобиннің  орташа  концентрация-

сы өзгеріссіз қалады. Гемоглобин концентрациясының жоғарылауы 

оның  оттегімен  қанығу  пайызының  төмендігіне  қарамастан 

артериялық  қандағы  оттегінің  қалыпты  немесе  тіпті,  біршама 

жоғары мөлшерін ұстап тұруға мүмкіндік береді. 

Орта  биіктік  жағдайында  эритроциттер  саны  мен  гемоглобин 

концентрациясының  артуы  өте  баяу  жүреді.  Ол  неғұрлым  биіктік 




322

жоғары  жəне  онда  ұзақ  уақыт  болған  сайын  соғұрлым  көбірек  бо-

лады. Өте үлкен биіктіктерде қандағы гемоглобин концентрациясы 

жылдам жəне айтарлықтай мөлшерде өседі. Ол таудың тұрғылықты 

тұрғындарында 20 г %-дан  асады.  Əр 300 м  биіктік  артқан  сайын 

қандағы  гемоглобин  концентрациясы  ер  адамдарда  орта  есеппен 

2,1%-ға жəне əйел адамдарда 1,8%-ға артады. 

Оксигемоглобин диссоциациясы қисық сызығы биіктікке аккли-

матизация  үдерісінде  оңға  жылжиды,  бұл  ұлпалардың  оттегімен 

жабдықталуын жеңілдетеді. Бұл əсіресе, жұмыс атқарушы бұлшық 

еттер  үшін  маңызды.  Мұндай  ығысу  механизмдерінің  бірі  тауда 

үнемі  мекендейтін  адамдарда  байқалатын  эритроциттердегі 2,3-

ДФГ  концентрациясының  жоғарылауы  болуы  мүмкін.  Бірақ  тіпті, 

биіктікке  толық  акклиматизациядан  кейін  де  əсіресе,  бұлшық  ет 

жұмысы  кезінде  артериялық  қандағы  О

2

  парциалдық  кернеуінің 



төмендеуінен ұлпалардың оттегімен жабдықталуы қиындайды. 

Қан айналу жүйесіндегі өзгерістер. Биіктікте болудың алғашқы 

күндері жүректің минуттық қан көлемі субмаксималды аэробтық 

жүктемені орындау кезінде теңіз деңгейіне қарағанда көбірек бола-

ды. Одан соң ол біртіндеп төмендейді жəне бірнеше апта барысында 

жазық жағдайына тəн мөлшерге жетеді. Оның градуалды төмендеуі 

қанның  оттектік  сыйымдылығының  (гемоглобин  концентрациясы) 

жоғарылауы бойынша жүреді. 

ЖЖЖ  салыстырмалы  аз  жүктеменің  əсер  етуі  кезінде 

биіктікте  болудың  алғашқы  кезеңінде  жоғарылайды,  бірақ 

акклиматизацияның  соңғы  сатыларында  теңіз  деңгейіндегідей  бо-

лады.  Бұл  көрсеткіш  қуаттылығы  өте  үлкен  жұмыстарды  орындау 

кезінде  акклиматизацияланған  адамдарда  жазықтағы  мөлшерге 

қарағанда тіпті, төменірек болады. 

Максималды  жүректің  минуттық  қан  көлемі  орта  биіктік 

жағдайының бастапқы кезеңдерінде өзгермегенмен, алайда биіктікте 

болу барысында біршама төмендейді. Бұл систолалық көлемнің аза-

юы  нəтижесі  болып  табылады,  өйткені  максималды  ЖЖЖ  көбіне, 

өзгеріссіз  қалады.  Осымен  қатар  үлкен  биіктікте  систолалық 

көлемнің  азаюымен  қатар  ЖЖЖ  төмендеуі  есебінен  максималды 

жүректің  минуттық  қан  көлемі  айтарлықтай  төмендейді.  Биіктік 

гипоксия  жағдайында  максималды  ЖЖЖ  төмендеуі  биіктікке 

бейімделу механизмдерінің бірі – парасимпатикалық белсенділіктің 

күшеюімен байланысты.




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау