Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет101/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   168

314

тын,  ортаңғы  бөліміне  келіп  жетеді.  Сондықтан  жоғары  биіктікте 

қанмен О

2

 байланыстыру мен тасымалдау қабілеті дереу төмендейді. 



Артериялық  қанның  оттегімен  қанығуының  қалыпты  шама-

дан 80%-ға  дейін  төмендеуі  «биіктік  ауруы»  атауымен  белгілі 

ауыр  гипоксиялық  симптомдар  кешенін:  бас  ауруы,  шаршау  күйі, 

ұйқының, ас қорытудың бұзылуы, т.б. тудырады.

Жоғары гипоксия жағдайындағы бұлшық ет жұмысы уақытында 

артериялық  қандағы  О

2

  мөлшері  жəне  парциалдық  кернеуі 



төмендеген,  ал  веналық  қанда  шамамен,  кəдімгі  жағдайдағыдай 

болған. Сондықтан оттегі бойынша жүйелік артерия-веналық айыр-

ма бірдей жұмыс орындау кезінде жазыққа қарағанда тау жағдайында 

азырақ. 


Неғұрлым  биіктік  жоғары  (гипоксия  дəрежесі  күштірек)  жəне 

неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым артериялық 

қандағы О

2

 қанығу мен кернеуі айтарлықтай төмендейді. 



Биіктікте бұлшық ет жұмысын орындау кезіндегі бұлшық ет пен 

қандағы сүт қышқылы концентрациясының артуы теңіз деңгейіне 

қарағанда неғұрлым төмен жүктемелер кезінде жүреді (анаэробтық 

табалдырық  төмендеуі).  Бірдей  жүктеменің  əсер  етуі  кезінде  теңіз 

деңгейіне  қарағанда  биіктік  жағдайында  бұлшық  еттер  мен  қанда 

сүт  қышқылы  концентрациясы  жоғары,  ал  қандағы  рН  мəні  төмен 

болады.  Субмаксималды  аэробтық  жүктемені  орындау  кезінде 

биіктікте  жоғарылаған  лактацидемия  өкпе  вентиляциясы  күшеюі 

үшін қосымша стимул болып табылады. 

Биіктікте жұмыс істеудің алғашқы күндері қандағы лактаттың 



максималды  концентрациясы  мəні  теңіз  деңгейінде  қаншалықты 

болса,  соншалықты  болады.  Сəйкесінше,  максималды  анаэробтық 

қуаттылық,  тіпті,  болмағанда  лактацидті  (гликолиздік)  жүйемен 

анықталатын бөлігі биіктікте төмендемейді. Бұл туралы сол сияқты 

максималды  оттектік  қарыздылықтың  биіктікте  болудың  алғашқы 

күндері теңіз деңгейіндегідей болатыны да куəландырады. 



Қан  айналым  қызметі.  Биіктікте  қанның  оттегімен  төмен 

қанығуы субмаксималды аэробтық жұмысты орындау кезінде ЖЖЖ 

жоғарылауы  есебінен  қамтамасыз  етілетін  жүректің  минуттық  қан 

көлемінің  артуымен  өтеледі.  Систолалық  көлем  мұнда  қалыпты 

жағдайдағыдай немесе одан тіпті, бірнешеге азырақ болады. 

Артериялық  қан  қысымы  көрсеткіштерінің  көбіне  биіктікте 

диастолалық  қысымның  біраз  төмендеуі  байқалса  да  жазықтағы 



315

мөлшерден елеулі айырмашылықтары болмайды. Бұл перифериялық 

тамыр кедергісінің азаюымен байланысты. 

Шекті  аэробтық  жүктеме  кезінде  жүректің  минуттық  қан 



көлемінің,  ЖЖЖ  жəне  систолалық  көлемнің  максималды  шама-

сы  теңіз  деңгейімен  биіктік  жағдайында  бірдей  болады.  ЖЖЖ 

жəне  жүректің  минуттық  қан  көлемі  максималды  мəндерге 

гипоксиялық  жағдайларда  теңіз  деңгейіне  қарағанда  неғұрлым 

төмен қарқындылықты жұмыс кезінде жетеді. 

Биіктікке  көтерілу  барысында  коронарлық  қан  айналымы, 

оттегімен  жабдықталу  жəне  оны  миокардтың  пайдалануы 

тыныштық  күйде  азаяды.  Күш  сала  орындалатын  жұмыс  кезінде 

жүрек бұлшық етінің оттегіні шығындауын жабу үшін коронарлық 

қан айналым теңіз деңгейіне қарағанда биіктікте (шамамен,2500 м 

биіктікте 10%-ға жəне 4000 м биіктікте 30%-ға) көбірек болу керек. 

Биіктікте  жұмыс  кезінде  жүректің  минуттық  қан  көлемі 

артуының  маңызды  механизміне  күшейтілген  веноконстрика-

ция  жатады.  Осының  арқасында  орталық  қан  көлемі,  сəйкесінше, 

веналық қайтарылу артады. Ол артериялық қандағы СО

2

 кернеуінің 



төмендеуіне (гипокапния) жауап ретінде туындайды. 

Гипобаралық  қысым  жағдайында  бұлшық  ет  жұмысын  орын-

дау кезінде организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері жүректің 

минуттық  қан  көлемінің  артуынан  басқа  артериялық  қандағы  О

2

 

мөлшерінің  өсуіне  əкелетін  жұмыс  гемоконцентрациясы  күшеюі 



есебінен жоғарылайды. 

Сайып  келгенде,  биіктікте  орындалған  жұмыс  уақытында  ты-

ныс алған ауадағы оттегінің төмен қысымы (мөлшері) теңіз деңгейі 

жағдайымен  салыстырғанда  өкпе  вентиляциясының  қосымша 

күшеюін,  жүректің  минуттық  қан  көлемінің  жəне  жұмыс  гемо-

концентрациясы  дəрежесінің  артуын  тудырады.  Бұл  қосымша  ме-

ханизмдер  жұмыс  атқаратын  бұлшық  еттер  мен  дененің  басқа  да 

ұлпаларына  оттегі  тасымалдануын  күшейтеді.  Бірақ  орта  биіктік 

жағдайындағы бұл адаптациялық реакциялар альвеолалық ауадағы 

жəне артериялық қандағы О

2

 мөлшері мен парциалдық қысымының 



төмендеуін  толығымен  өтей  алмайды.  Сондықтан  гипобаралық 

гипоксия  жағдайында  максималды  аэробтық  қуаттылық  (ОМП) 

төмендейді жəне күшті бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету үшін 

анаэробтық энергия түзілуінің маңызы артады. 

Оттегі  пайдалану  жылдамдығы  жұмыс  басында  қалыпты 



316

жағдайға  қарағанда  баяу  өседі.  Айтарлықтай  шамада  бұл  қан  ай-

налу  жүйесінің  баяу  бабына  келуімен  негізделген.  Сондықтан  тау 

жағдайында  орындалған  жұмыс  үшін  жоғары  оттектік  тапшылық 

тəн. 

Тыныс  аппараты  мен  жүректің  күшейтілген  жұмысы,  соны-



мен  қатар  қозғалыс  координациясы  бұзылулары  теңіз  деңгейіне 

қарағанда  бұл  жағдайда  жұмыстың  энергиялық  құндылығының 

жоғары      болуына  əкеледі.  Мəселен, 3500 метр  биіктікте  жазыққа 

қарағанда бірдей сол жұмысты орындау кезінде О

2

 пайдалану 5%-ға 



көп. 

Биіктікте бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету бойынша тыныс 

алу мен қан айналу жүйелерінің қызметінің күшеюі теңіз деңгейіне 

қарағанда неғұрлым тез қажудың дамуына алғышарттар жасайды. 

Жоғары  биіктікте  болу  кезінде  жүйке  жүйесінің  функциялық 

күйінде өзгерістер жүреді. Осының нəтижесінде организм қызметі-

нің қалыпты реттелуі бұзылады.

ОМП  төмендеуі.  Биіктікте  болған  бетте  (немесе  гипобаралық 

камерада  көтерілу  кезінде)  тыныс  алатын  ауадағы  О

2

  парциалдық 



қысымына  немесе  барометрлік  қысымына  тура  тəуелділікте  ОМП 

төмендеуі байқалады. ОМП елеулі төмендеуі тек 1500 м биіктіктен 

бастап  (барометрлік  қысым 650 мм  сынап  бағанасынан  төмен) 

жүреді.  Осы  деңгейден  кейін  ОМП  əр 100 м  биіктік  сайын  неме-

се  тыныс  алатын  ауамен  О

2

  парциалдық  қысымының  əр 5 мм  сы-



нап  бағанасына  түсуіне  шамамен, 1% азаяды. «Жазықтағы»  ОМП 

қатысты 2000-2300 м  биіктікте  (Мехико-сити,  Цахкадзор  деңгейі) 

ОМП орта есеппен 10-17%, 3000 м биіктікте 20%, 4000 м биіктікте 

30%  төмендейді.  Барометрлік  қысым  теңіз  деңгейіндегі  қалыпты 

атмосфералық  қысымның  жартысына  жуығын  құрайтын 6000 м 

биіктікте теңіз деңгейіне қарағанда ОМП орта есеппен екі есе төмен 

болады. 

Биіктікте  ОМП  төмендеуі  артериялық  қандағы  О

2

  мөлшерінің 



азаюымен анықталады.

Теңіз  деңгейінде  де  байқалатын  ОМП-да  өте  үлкен  жеке 

айырмашылықтар  биіктіктің  артуымен  өсіп  отырады.  Неғұрлым 

жаттыққан  адамдарда  биіктікте  болған  сəтте-ақ  олардан  азырақ 

жаттыққан  адамдарға  қарағанда  ОМП-дың  тіпті,  көп  төмендеуі 

жүреді.



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау