Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет105/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   168

326

себебі аэробтық өнімділіктің төмендеуі болып табылады. Жұмысқа 

қабілеттіліктің  төмендеуіне  байланысты  ықпал  ететін  жаттығу 

жүктемелерінің қарқындылығы биіктік сайын азаяды.

Биіктік 

гипоксиясына 

адам 

организмінің 



бейімделу 

механизмдерінің  дамуына  қарай  өте  айтарлықтай  дəрежеде 

жəне  барлық  жағдайда  болмаса  да,  дегенмен  оның  сол  биіктікте 

дене  жұмыс  қабілеттілігі  жақсарады.  Мұнда  биіктікте  неғұрлым 

ұзақ  жаттығуларды  орындауға  бейімделу  үшін  соғұрлым 

акклиматизацияның  ұзағырақ  кезеңі  қажет  етіледі.  2000 м  жəне 

одан  жоғары  биіктікте  максималдыға  жуық  жəне  максималды 

аэробтық  қуаттылықты  жаттығуларды  орындау  барысында  жақсы 

нəтижелерге жету үшін акклиматизацияның минималды кезеңі (2-3 

апта) қажет болады. Орта биіктік жағдайында бұдан əрі қарай болу 

аэробтық жұмысқа қабілеттілікті жақсарта қоймайды, сондықтан да 

оның ешқандай мəні жоқ.

Жақсы  жаттыққан  адамдар  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда 

жоғары биіктікке тезірек немесе неғұрлым тиімдірек акклиматиза-

цияланбайды. Биіктік жазық тұрғындарының жұмыс қабілеттілігіне 

сияқты таудың тұрғылықты халқының да жұмыс қабілеттілігіне ық-

пал етеді. Жазық тұрғындары сияқты таудың тұрғылықты халқының 

да  спорттық  нəтижелері  жазықтағы  нəтижелерімен  салыстырғанда 

арақашықтық артқан сайын (жұмыс мезгілі) төмендейді.

Орта  биіктік  жағдайындағы  жаттықтырудың  теңіз 

деңгейіндегі аэробтық жұмыс қабілеттілікке ықпалы. Жоғарыда 

баяндалған  мəліметтерден  биіктік  гипоксиясына  акклиматизация 

теңіз  деңгейіндегі  төзімділікке  жаттықтыру  үдерісінде  жүретін 

өзгерістермен  көп  жағынан  ұқсас  физиологиялық  өзгерістер  туды-

ратыны көрінеді. Аталмыш екі жағдайда да аэробтық энергия өндіру 

үшін  ұлпалардың  (жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердің)  оттегіні      

утилдеу  қабілетімен  жəне  организмнің  оттегі  тасымалдау 

мүмкіндіктерімен  байланысты  оның  аэробтық  мүмкіндіктері 

жоғарылайды.  Биіктікте  жаттықтыру  жазықта  спортшылардың 

аэробтық  өнімділіктерін  жəне  физикалық  аэробтық  жұмыс 

қабілеттіліктерін 

(төзімділіктерін) 

күшейтетін 

қосымша 

физиологиялық  өзгерістер  тудыра  ма,  басқаша  айтқанда  биіктікте 

болғанан кейін теңіз деңгейіндегі жұмыс қабілеттілік жоғарылай ма, 

теңіз  деңгейіндегі  жаттықтыруға  қарағанда  биіктікте  жаттықтыру 

неғұрлым  тиімдірек  пе  деген  сұрақтар  туындайды.  Жазық 

жағдайында  төзімділікті  жоғарылату  мақсатында  биіктікте  мекен-




327

деу  мен  жаттықтырудың  əсері  туралы  ғылыми  мəліметтер  қарама-

қайшылықтарға толы. 

Егер төзімділік жарыстары теңіз деңгейінің тұрғылықты спорт-

шылар  жағдайында  жүргізілген  болса,  тау  жағдайында  тұрақты 

мекендейтін адамдарда артықшылықтар бар екені күмəн келтірмейді. 

Орта  биіктікте  максималды  аэробтық  жұмыс  кезінде  таудың 

тұрғылықты  тұрғындарында  сол  жаттықтыру  деңгейіндегі  жазық 

тұрғындарына қарағанда неғұрлым қанның оттектік сыйымдылығы, 

жүректің  минуттық  қан  көлемі,  жүйелі  АВА-О

2

  жəне  сəйкесінше, 



ОМП жоғары болады.

Басқа  жағынан  алып  қарағанда,  жоғары  биіктікте  үнемі  не-

месе  ұзақ  уақыт  мекендеу  жазықта  көрінетін  аэробтық  төзімділік 

жағынан  артықшылық  əкелмейді.  Жақсы  жаттыққан  спортшылар-

да орта биіктікте бірнеше апталап тұру жəне қарқынды жаттықтыру 

теңіз  деңгейіндегі  эквивалентті  жаттықтырумен  салыстырғанда 

əрқашан  қосымша  əсер  бере  бермейді.  Тіпті,  өте  жоғары  биіктікте 

ұзақ  уақыт  болудың  өзі  жазықтағы  аэробтық  жұмыс  қабілеттілік 

көрсеткіштеріне нақты ықпал етпейді. 

Орта биіктікте дайындалудың жазық жағдайындағы орындалған 

нəтижелерге  ықпалын  сараптау  кезінде  айтарлықтай  жеке-дара  ва-

риацияларды  ескеру  қажет:  бір  спортшыларда  мұндай  дайындық 

жазықтағы  нəтижелердің  жоғарылауына,  екіншілерінде,  керісінше, 

төмендеуіне  əкелсе,  ал  үшіншілерінде,  мүлде  елеулі  өзгерістер  ту-

дырмайды. Осымен қатар реакклиматизация кезеңінде функциялық 

күй  мен  спорттық  жұмысқа  қабілеттілігінің  фазалық  сипатта  бо-

латынын,  яғни  спорттық  жұмыс  қабілеттіліктің  жоғарылауы  оның 

уақытша төмендеуімен кезектесіп отыратынын ескерген жөн (61-су-



рет).

Жазықтағы жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату мақсатында тау 

жағдайында  жаттықтыру  үдерісін  арнайы  ұйымдастыру,  сонымен 

қатар реакклиматизация кезеңі де маңызды рөл атқаруы ықтимал. 

Тау  жағдайында  ұзақ  уақыт  болу  үдерісінде  осы  арнайы 

жағдайларда  жұмыс  қабілеттіліктің  жоғарылауына  əкелетін  ор-

ганизмде  адаптациялық  өзгерістер  туындайды.  Осымен  бірге  бұл 

өзгерістер басқа арнайы жағдайларда, соның ішінде теңіз деңгейінде 

жұмыстарды  орындау  кезінде  елеулі  артықшылықтар  бермейді. 

Осының барлығы спорттық жаттықтыру жарыс өткізілетін жағдайда 

жүргізілу қажеттілігін көрсетеді.



328

61-сурет. Орта биіктік жағдайынан оралғаннан кейінгі 2 ай барысында 

ОМП (А) жəне 1 ай барысында спорттық нəтижелердің (Ə) динамикасы 

(Ф. П. Суслов бойынша)

(Тауларда болғанға дейінгі жазықтағы көрсеткіштер 100% деп алынған)



Жаңа климаттық орта жағдайындағы спорттық жұмысқа 

қабілеттілік

Эволюция  үдерісінде  қалыптасқан  организмнің  қоршаған  ор-

тамен байланысы оның тіршілік етуі үшін қажетті жағдай екенінін 

И.М. Сеченов еңбектерінің өзінде көрсетілген болатын. Табиғи фак-

торлар кезеңдік өзгерістерге ұшыраған. Адам организмінің тіршілік 

əрекетінің барлық көріністері де тұрақты болып қалмайды, ырғақтық 

сипатта болады. Мұнда басты орынды тəуліктік ырғақ алады.

Адамның  биологиялық  ырғақтары.  Биологиялық  ырғақ – 

тіршілік барысында, өсіп-дамуда, организм жүйелерінің қызметінде, 

зат алмасуда, олардың үнемі белгілі бір уақытта, маусымда күшейіп 

жəне  баяулап  отыратын  табиғи  құбылыс.  Басқаша  айтқанда,  тірі 

организмдердегі  биологиялық  үдерістер  мен  құбылыстардың  си-

паты  мен  қарқындылығының  кезеңмен  қайталанатын  өзгерістері. 

Биологиялық  ырғақтың  тəуліктік,  апталық,  айлық,  маусымдық, 

жылдық  жəне  бірнеше  жылдық  болатыны  анықталған.  Ол 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау