Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет35/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87

138
139
туралы  эзотерия  (белгісіз,  бейсана)  туралы  ілімге  негізделген. 
Педагогикалық  үдеріс – бұл  қарым-қатынас,  хабарлама  емес 
ақиқатқа жеткізу. Эзотериялық технологияда баланың өзі ғаламмен 
ақпараттық қарым-қатынас жасау орталығы болып табылады. 
Тұлғаға  бағдарлы  педагогикалық  технология  дамуының 
бастауы  Бахтин-Библер  мəдениетінің  тұжырымдамасында  жатыр. 
Бұл  ережеде  жалпылама  диалог  адам  санасының  негізі  деген  идея 
жатыр. 
Кез  келген  педагогикалық  технологиялардың  дəстүрлі 
дидактикалық  жүйесінің  негізінде  түсіндіру  жатса,  тұлғаға 
бағытталған білім беруде түсінушілік пен өзара түсінушілік жатыр. 
В.  С.  Библер  бұны  былайша  түсіндіреді:  түсіндіру  кезінде  жалғыз 
сана, бір ғана субъект, монолог; түсінушілікте екі субъект, екі сана, 
өзара түсінушілік, диалог. Түсіндіру – үнемі жоғарыдан төмен қарау, 
ақыл, өсиет болса, түсіну бұл қарым-қатынас, ынтымақтастық, өзара 
қарым-қатынастағы теңдік. 
Түсіндіруден  түсінуге,  монологтан  диалогқа,  əлеуметтік 
бақылаудан  дамуға,  басқарудан  өзін-өзі  басқаруға  көшу  тұлғаға 
бағдарлы  педагогикалық  технологияның  іргетасын  қалайды. 
К.  Н.  Вентцельдің  айтуы  бойынша,  педагогтің  негізгі  бағдары – 
«затты»  танып  білуге  емес,  қарым-қатынас  жасауға,  оқушылармен 
өзара  түсінушілікке,  оларды  шығармашылық  үшін  «босатуға» 
бағытталуы  қажет.  Жеке  тұлғалық  білім  беру  кеңістігінде 
шығармашылық,  ізденушілік  негізгі  тəсіл  болып  табылады.  Бірақ 
балалардың  өз  бетінше  білім  берудегі  шығармашылық  міндеттері 
мен  өмірлік  мəселелерді  шешу  үшін  рухани,  дене  жəне  ақыл-ой 
мүмкіндіктері  жете  дамымағандықтан  педагогикалық  қолдау  мен 
көмек көрсету қажет. 
Қолдау  бастауыш  сынып  мұғалімінің  балаға  деген  ізгілік 
ұстанымын  көрсетеді.  Балалар  мұғалімнен  көмек  жəне  қорғауды 
күтсе,  мұғалім  өз  тарапынан  бала  өміріне,  денсаулығына, 
эмоционалдық  жай-күйіне,  дамуына  деген  жауапкершілікті 
саналылықпен сезінеді. 
Ш.Амонашвилидің  іс-əрекетінде  қолдау  үш  принципке 
негізделген:  біріншісі – баланы  жақсы  көру;  екіншісі – бала  өмір 
сүретін ортаны адамдандыру; үшіншісі – балалық шағын өткізу.
В.  А.  Сухомлинский  педагог  өзінде  балалық  шақтың  сезімін 
сақтап қалуы керектігін атап айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдерінің 
алдында тұрған басты  мақсаты: баламен болып жатқан өзгерістерді 
жəне  оны  түсінуге  қабілеттілігін  дамыту;  баланың  қылықтарына 
ақылмен  қарау;  бала  бір  нəрсені  əдейі  бұзбайтынына,  қаталесуіне 
сену; ол туралы жаман, əділетсіз ойламау; ең бастысы баланың жеке 
тұлғалық қасиеттерін бұзбай қатесін түзетіп, дамыту. 
Тұлғаға  бағдарлы  технологиялар  əр  баланың  тұлғалық 
ерекшеліктеріне  сəйкес  келетін  оқыту  мен  тəрбиелеудің  əдіс-
тəсілдерін  табуға  тырысады.  Психодиагностикалық  əдістерді 
қолданып, баланың іс-əрекетін ұйымдастыру мен қарым-қатынасты 
өзгертеді.  Оқытудың  алуан  құралдарын  пайдаланады,  білім  беру 
мазмұнын  үйлестіреді.  Шетел  зерттеушісі  К.Роджерс  педагогтің 
негізгі  міндеті  баланың  жеке  тұлғалық  өсуіне  көмек  беру  деп 
санайды. Оның ойынша педагогика емдеу сияқты: ол үнемі балаға 
дене жəне психикалық денсаулық сыйлауы қажет. 
Тұлғаға бағдарлы технологиялары бойынша өтілген сабақтарда 
мұғалім жеке тұлғаның дамуы үшін жағымды жағдай тудыруы қажет. 
Оқу үдерісі барысында мұғалім балалардың кез келген сұрақтарына 
жауап беріп, өздеріне деген сенімдерін нығайтқаны дұрыс. Мұғалім 
əр  оқушының  жəне  бүкіл  сыныптың  алдында  тұрған  мақсат  пен 
міндеттерді  шешуге  көмектесіп  қана  қоймай,  бүкіл  топтың  көңіл-
күйін  сезіне  алады.  Мұғалім  топтық  қарым-қатынас  жасауда 
белсенділік көрсетуі қажет. 
Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі 
əдіснамалық  бағдар,  ол  өзара  байланысты  түсініктер,  идеялар 
мен  тəсілдер  арқылы  өзіндік  тануын,  өзін-өзі  қалыптасуын  жəне 
бала  тұлғасының  қабілеттерінің  жүзеге  асуын,  оның  қайталанбас 
даралығының дамуын қамтамасыз етеді жəне қолдайды.
Жеке  тұлғаға  бағытталған  əдіс  негізіндегі  педагогикалық 
технологиялар:
Жеке бағытталған білім беру технологиясы (Якиманская И.С.);
Дербес дамытудың технологиясы (Селевко Г.К.);
Ынтымақтастықтың педагогикасы;
Адамгершілік жеке технологиясы ( Амонашвили Ш.А.);
Ойын технологиялары;
Дамыту технологиялары;
Проблемалық тəлім-тəрбие;
Деңгейлік саралау технологиясы.
Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл


140
141
Оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі;
Оқушы тұлғасын тану жəне қадірлеу; 
Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту; 
Балалармен ынтымақтастық; 
Оқытудың  түрін,  мазмұнын,  формасын  таңдауға  мүмкіндік 
беру; 
Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
Оқыту  үдерісінде  балалардың  тұлғалық  тəжірибесін  есепке 
алу.
Мақсаттарды қойғанда басты назар неге аударылады? 
• Əр бастауыш сынып оқушысының жеке танымдық қабілеттерін 
дамыту;
•  Бастауыш  сынып  оқушысының  жеке  (субъектік)  тəжірибесін 
көбірек анықтау, ынталандыру, пайдалану, «мəдениеттендіру»;
•  бастауыш  сынып  оқушысының  алдын  ала  жоспарланған 
ерекшеліктерін қалыптастырмай, оның өзін-өзі тануына, өмірде өз 
орнын табуына жəне қабілеттерінің іске асуына көмек көрсету.
Негізгі принциптері 
жеке даралық; 
тұлға; 
күн талабына сай келетін мəселелерді өзі шеше алатын тұлға; 
өзіндік ойын білдіре алатын; 
субъективтілік; 
«Мен» концепциясы; 
таңдау; 
педагогикалық қолдау; 
сенімділік пен қолдау. 
Əдістеменің  ерекшеліктері:  Оқу  үдерісі  оқушы  мен 
мұғалімнің оқу сұхбатына негізделген, ол бағдарламалық қызметті 
бірлесіп  құруға  бағытталған.  Бұл  жерде  оқушының  ынтасы,  оқу 
материалының  мазмұнын,  формасын,  түрін  жеке  таңдауы,  алған 
білімін оқытуға қатысты емес жағдайда, қажет болған соң өздігінен 
пайдалануға талабы есепке алынады.
Білім,  білік,  дағды. Сыртқы дүниеден қабылдағанның барлы-
ғына оқушы таңдаумен қарайды. Ғылыми-педагогикалық логиканың 
барлық  ережелері  бойынша  бір  жүйеге  біріктірілген  түсініктердің 
барлығын  оқушылар  игере  алады  деп  айта  алмаймыз,  оқушы, 
көбінесе, өзінің жеке тəжірибесінде пайдаланатын түсініктерді ғана 
меңгереді.  Сондықтан  оқу  үдерісін  ұйымдастырғандағы  бастапқы 
нүкте субъектік тəжірибені көкейтестілендіру, байланыстарды іздеу, 
дамудың жақын аймақтарын анықтау.
Оқу  қызметінің  тəсілі.    Бұл  технологияда  барлық  білім 
беру  жүйесінің  орталығы  баланың  даралық  қасиеттері  болып 
табылғандықтан,  оның  əдістемелік  негізінде  оқу  үдерісін  даралау 
жəне  саралау  принциптері  жатыр.  Кез  келген  пəндік  əдістеменің 
негізгі идеясы – əр оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін 
ашу болып табылады. Одан кейін бұл мүмкіндіктер ұтымды жүзеге 
асырылатын құрылым анықталады.
Оқу қызметінің тəсілі. Ең басынан əр бала үшін оқшауланған 
орта құрылмайды, керісінше, ол өзін көрсете алу мүмкіндігі болатын 
ашық жан-жақты мектеп ортасы құрылады. Бұл мүмкіндікті педагог 
кəсіптік тұрғыдан анықтаған кезде оның дамуы үшін қажетті жағдай 
тудыратын оқытудың саралау формасын ұсынуға болады;
Бастауыш 
сынып 
мұғалімдері 
сабақта 
қолданатын 
икемді,  жалықтырмайтын,  түсінікті  даралау  мен  саралаудың 
формалары  бастауыш  сынып  оқушысының  таңдаған  танымдық 
қызығушылығын,  олардың  көрінуінің  тұрақтылығын,  оқушының 
оны  оқу  қызметінің  тəсілдері  арқылы  жүзеге  асырудағы  өзіндік 
жұмысы мен белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұстанымы 
 Оқытудың субъектік тəжірибесін ынталандыру; 
 Əр оқушының даралығын дамыту; 
 Əр  бастауыш  сынып  оқушысының  жеке  басының 
ерекшеліктерін, өзіндік құндылықтарын тану;
Оқушы ұстанымы 
• Оқу-тəрбие үдерісінің элементтерін еркін таңдау; 
• Өзін-өзі тану, өз орнын табу, өз қабілеттерін жүзеге асыру. 
Технологиялық аспект 
Модульдік оқыту; 
Сұхбат; 
Іскерлік ойын ( имитациялық, зерттеушілік, іздеушілік); 
Тренинг; 
Кейс əдісі. 
Бақылау формалары: 
Курс портфелі (портфолио); 
Эссе; 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау