Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет32/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87

126
127
Қазіргі  кезеңде  республиканың  білім  беру  жүйесінің  ең  басты 
мəселесі – қазақ  мектебі  түлегінің  білім  сапасының  деңгейін 
халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына 
сай  мемлекеттік  білім  стандартын  енгізу,  соған  сəйкес  кəсіби 
шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-
əдістемелік  бағытқа  ынталандыру,  жаңа  базистік  оқу  жоспары 
мен  жаңа  буын  оқулықтарына  көшу,  орта  білімді  ақпараттандыру, 
тағы  сол  сияқты  білім  беру  саласында  жүйелі  жұмыстар  атқару – 
еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. 
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз 
демекші,  бүгінгі  бала – ертеңгі  жаңа  əлем.  Демек  бұрыннан 
қалыптасқан  бағдарлама  мен  тəртіп  ол  үшін  ескірген,  тозған.  Ал 
қазір  ол  барлық  тұлғасымен  жаңа  тұрмысқа,  жаңа  оқуға,  жаңа 
қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, 
ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын 
мектеп шаңырағы қажет. 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, 
əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тəрбие 
үдерісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Себебі, 
білім    беру  парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып, 
жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас  пайда  болуда.  Келер 
ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің 
инновациялық  іс-əрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 
меңгеруі маңызды мəселелердің бірі.
Елбасымыз  Н.  Ə.  Назарбаевтың  «Қазақстан  дамуының  басты 
бағыты»  атты  жолдауында: «Білім  беру  реформасы  табысының 
басты  өлшемі – тиісті  білім  мен  білік  алған  еліміздің  кез  келген 
азаматы  əлемнің  кез  келген  елінде  қажетке  жарайтын  маман 
болатындай  деңгейге  көтерілу  болып  табылады.  Біз  бүкіл  елімізде 
əлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметіне  қол 
жеткізуге тиіспіз», – деп атап көрсетіп, білім сапасын арттыру үшін 
жауапты да ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айтқан. Сонымен 
қатар, Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесі дамытудың 
мемлекеттік  тұжырымдамаларында «Кез келген білім бағдарлама-
ның  табысты  орындалуы  мұғалімге  байланысты.  Оның  кəсіби 
шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарында биік деңгейде 
жүзеге асыруға ықпал етеді, ал кəсіби дəрменсіздігі құлдыратады», – 
делінген. Елбасының «Ұлттық бəсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте 
оның  білім  деңгейімен  айқындалады», – деген  байламы  бүгінгі 
мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан 
халқына    арналған  Жолдауында  «Біздің  жас  мемлекетіміз  өсіп 
жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз  онымен 
бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, 
олар бейбіт, айбынды, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі əлемге əйгілі 
əрі өз елінің патриоты болады», – деп көрсетілгендей, ертеңгі келер 
күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын 
алға  апаратын  құдіретті  күш-білімге  тəн.  Жас  мемлекетіміздің 
болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, 
олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған 
негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру 
саласында  төмендегідей  міндеттерді  шешу  көзделіп  отыр.  Олар: 
білім  сапасын  көтеру,  компьютерлендіру,  интернет,  компьютерлік 
желі,  электронды  жəне  телекоммуникация,  электронды  оқулықтар 
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім 
алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды 
оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері 
сөзсіз.  Болашақта  əр  оқушы  компьютерлік  технология  арқылы 
интернет, электронды желі, электронды пошта арқылы дүниежүзілік 
білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін, білімді толығымен 
алуға, қажет ақпараттық мəліметтерді, ғылым саласына байланысты 
озық  тəжірибелерді,  осы  мəселенің  шетелдегі  жағдайымен 
танысуына толық мүмкіндік туады. 
Қазақстан  Республикасы 2015 жылға  дейінгі  білім  беру 
тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай 
сапалы  білім  беру  жəне  ақпараттық  интеллектуалдық  ресурстарды 
өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму 
үстінде  болатын,  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер 
қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Болашақ ұрпаққа сапалы да саналы білім беру – қоғам талабы. 
Жас  ұрпақты  осындай  азамат  етіп  тəрбиелеу  үшін  оқу  үдерісіне 
көптеген  өзгерістер  мен  жаңалықтар  енгізілуде.  Ол  өзгерістер 
мен  жаңалықтарды  жүзеге  асыратын  ұстаздар  қауымы.  Мұның 
өзі  ұстаздарға  асқан  жауапкершілік  пен  ізденісті,  білім  беру 
көкжиегіндегі  жаңалықтарды  еркін  меңгере  отырып,  əлемдік 


128
129
білім  кеңістігіне  енуге  батыл  қадам  жасай  алатындай  болуды 
талап  етері  сөзсіз.  Ол  үшін  білім  беру  саласында  оқытудың  білім 
технологиясын  меңгерудің  қажеттілігі  туындайды.  Ол  мұғалімнің 
интеллектуалдық,  кəсіптік,  адамгершілік,  рухани  азаматтық  жəне 
басқа да көптеген адами  келбетінің қалыптасуына əсерін тигізеді. 
Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс-
əрекетін басқарудың бір буыны десек, оны жүзеге асыратын – бүгінгі 
мектеп мұғалімі.
Қоғамды алға апаратын күш – білім десек, болашақтың иегері 
–  жас  ұрпақты  саналы  да  білімді  етіп  тəрбиелеу  ұстаздардың 
қолында.  Осы  тұрғыда  Назарбаев  Университетінде  елбасы 
Н.  Ə.  Назарбаев  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты 
лекциясында: «Мұғалімдердің  жаңа  ұрпағы  білім  деңгейі  жөнінен 
əлдеқайда  жоғары  болуы  керек.  Ол  үшін  формацияның  педагогы 
қажет», – деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын; 
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4.  Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5.  Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  жаңа  заңының 
7-тарау 5-бабында педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен 
міндеттері  айқын  көрсетілген.  Заңды  құрметтей  отырып,  педагог 
қызметкерлер  өз  міндеттері  мен  жауапкершілігіне  сергек  қарауы 
қажет.  Оқушы  білімінің  санасы,  тəрбиесінің  нəтижесі  ұстаздың 
кəсіби шеберлігі мен интеллектуалдық байлығына тіреледі. Беделді 
ұстаз – мектептің жүрегі де тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы: білім 
мен білігіңді оқу арқылы толықтырып отыру.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың 
рухани,  ғылыми  жəне  шығармашылық  қабілеті  жоғары  болған 
жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген 
мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімнің айрықша 
басымдылық  алуы  қазіргі  қоғамдық  прогрестің  заңдылықтарынан 
туындайды. Өресі биік, білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық 
даму деңгейін айқындайды.
Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тəрбие  мен  білім  беруде 
мұғалімдердің  инновациялық  іс-əрекеттің  ғылыми-педагогикалық 
негіздерін  меңгеруі — маңызды  мəселелердің  бірі.  Ал  ғылым 
мен  техниканың  жедел  дамыған,  мəліметтер  ағыны  күшейген 
XXI  ғасырда  жан-жақты  дамыған  шығармашыл  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Дəстүрлі  оқыту  əдістемесінің  білімді  мемлекеттік  стандарт 
деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тəжірибесі 
көрсетіп  отыр.  Сондықтан  жаңартылған  əдістемелік  жүйенің 
оқыту үдерісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі 
туындайды.
9.2. Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды 
пайдалану мүмкіндіктері
Қазіргі бастауыш  мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық 
моделіне  өту  уақыты  мен  тəрбиелеудің  соңғы  əдіс-тəсілдерін, 
жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияны  игерген, 
психологиялық-педагогикалық  диагностиканы  қабылдай  алатын, 
педагогикалық  жұмыста  қалыптасқан  бұрынғы  ескі  сүрлеуден  тез 
арада  арылуға  қабілетті  жəне  нақты  тəжірибелік  іс-əрекет  үстінде 
өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, 
ойшыл бастауыш сынып мұғалімі болуын қажет етеді.
Қазіргі кезде  еліміздің білім беру саласында, оқытуда өзгерістер 
аз емес. Білім беру стандарттары мен бағдарламаларының, оқулықтар 
мен оқу құралдарының мазмұндары қайта қаралып, жаңашыл əдіс-
тəсілдерді іздеу, оларды өмірге ендіру жүргізіліп жатыр. 
Бүгінгі  күні  дидактикалық  «нені  оқытамыз?» «не  үшін 
оқытамыз?» «қалай  оқытамыз?»  деген  дəстүрлі  сұрақтармен 
бірге  «қалай  тиімді  оқытуға  болады?»  деген  мəселесі  ғалым-
əдіскерлер  мен  мектеп  мұғалімдерін  толғандыруда.  Осы  сұрақтың 
айналасында  бірқатар  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жүргізілген. 
Зерттеудің нəтижесін талдау барысы  педагогика ғылымында жаңа 
«педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасып 
келе  жатқанын  көрсетеді  жəне  ол  оқушының  өз  бетінше  білім 
алуын  ұйымдастыруға  бағытталған.  Əрбір  мемлекеттің  болашағы 
мектебінде  шыңдалады.  Ертең  осы  елге  ие  болып,  тізгінін  ұстар 
азаматтар – бүгінгі  мектеп  оқушысы  болғандықтан,  қазақстандық 
барлық  мектептерге  үлгі  болуға  тиісті  қазақ  тілінде  оқытатын 
мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері 
бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Қазіргі  кезде  инновациялық  мектептердің  бірнеше  түрі 
қалыптасты.  Олар  ерекшеліктерін,  онда  оқитын  оқушылардың 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау