Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет31/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87

122
123
тиімділігі, оқытудың тиімді əдістерін іздестіру жолдары пəнаралық 
байланысты күшейтуге себебін тигізеді.
8.3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар 
курсындағы  пəнаралық байланыстың дүниетанымдық 
қызметі
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы 
пəнаралық  байланыс – түрлі  оқу  пəндерінің  арасындағы  өзара 
байланысын  айқындау  шарты  жəне  білім  беру  мен  оқыту 
талаптарының  бірі.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар 
курсындағы  пəнаралық  байланыстың  қажеттігі  дүниенің  бірлігін 
бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру 
міндеттерінен  туындайды.  Ол  оқу  пəндерінің  топтары  деңгейінде 
табиғаттың,  қоғамның,  адамдардың  өзара  əрекеті  жөніндегі 
жетекші  жəне  жалпылама  қағидаларды  қамтиды.  Оқу  пəндерінде 
қарастырылатын аталмыш қағидалар оларды білім беру мазмұнының 
біртұтас  жүйесінде  біріктіреді.  Бұл  жерде  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыстың 
дүниетанымдық қызметі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы  
пəнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі,олардың 
беріктігі  қамтамасыз  етіледі.  Пəнаралық  байланыс  бірқатар  оқу 
пəндеріне  ортақ  негізгі  қағидалар,  ұғымдар,  деректер,  ғылыми 
таным əдістері арасындағы өзара  байланысты   қамтамасыз етеді. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы  
пəнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалының 
қайталанбауы,  тиімді  орналасуы,  мұғалімдердің  бірлесе  жұмыс 
істеуі  сияқты  бірқатар  педагогикалық  ұйымдастыру  мəселелері 
шешіледі.
Келешек  ұрпаққа  білім  берудегі  күрделі  мəселелердің  бірі  –
біртұтас  педагогикалық  үдеріс  кезіндегі  сабақтарда  пəнаралық 
байланысты  жүзеге  асыру.  Пəнаралық  байланыстың  ең  негізгі 
дидактикалық міндеті – оқыту  үдерісінде  білім беру, тəрбие беру, 
дамытушылық сипатының  арасындағы  байланысты құру.
Классикалық  педагогика  жүйесінде  орын  алған  пəнаралық 
байланыс  идеясы  тарихи  дамуда  дəлелденіп,  қазіргі  педагогика 
ғылымының,  оның  ішінде  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар  курсындағы    пəнді  оқыту  əдістемесінің  басты 
мəселесіне  айналып  отыр.  Сонымен  қатар  пəнаралық  байланыс 
–  қазіргі  заманғы  ғалымдардың  бірігу  тенденциясы  жағдайында 
мектептер  жүйесінің  білім  мазмұнын  айқындаудың  басты  шарты 
болып табылады.
Қазіргі  педагогика  ғалымында  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар  курсындағы  дидактикалық  ұстанымдар  білім 
мазмұнының  негізін  құраушы  құрылым  бөлігі  болып  есептеледі. 
Сол себепті оқыту үдерісіндегі пəнаралық жəне əр пəннің пəнішілік 
байланыстылық ұстанымының да өздік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдерінің пен бойынша 
пəнаралық  білімдері  мен  іскерліктерді  игеруі – оқу  үдерісін 
пəнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы  
пəнаралық  байланыс  негізінде  оқушылардың  икемділік  пен 
дағдылары  анағұрлым  күшті  дамитындығын  педагог-ғалымдар 
дəлелдеген. Оқу үдерісі нəтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды 
оқушының ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен 
дағды пайда болды. Профессор Т. Сарыбаев оларды бірнеше топқа 
бөлді.
1.    Интелегентік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс 
істеу, т.б);
2.  Еңбекке  икемділік  пен  дағды  (сызба,  оқи  білу,  еңбек 
құралдарымен істей білу, т.б);
3.   Спорттық икемділік пен дағды;
4.  Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу  үдерісінің  барысында  оқушылар  танымдық,  тəжірибелік 
мақсатты – бағдарлы  іс-əрекеттермен  шұғылданады.  Осы  іс-
əрекеттердің нəтижесінде оқушылар пəнаралық байланыс іскерлігі 
қалыптасады.
А.  Бейсенбаева  «Пəнаралық  іскерлік»  ұғымын  былай 
тұжырымдайды:
«Пəнаралық    іскерлік  оқушылардың  бір  пəннен  меңгерген 
білім,  іскерлік,  ептілік,  дағдыларын  екінші  пəндерді  меңгеруде 
пайдалана,  қолдана  білу  қабілетін  анықтайды».  Бұл  пəнаралық 
іскерлік  бастауыш  сынып  оқушыларымен  салыстырғанда  өзінше 
қалыптасып  дамиды.  Яғни,  пəнаралық  іскерлік  бастауыш  сынып 


124
125
оқушыларында  жас  ерекшеліктеріне  сəйкес  жəне  олардың  өзіндік 
даму сипатына орай жасалады.
Бастауыш  мектепте  бейнелеу  пəнін  оқытудағы    пəнаралық  
байланыс,  негізінен,  бес  пəннің  байланысын  қажет  етеді.  Ол 
пəндерге  музыка,  еңбекке    баулу,  қазақ  тілі,  ана  тілі,  математика 
жəне дүниетану жатады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі пəнаралық  байланыстың 
маңызын сипаттаңыз.
2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пəнаралық 
байланыстың философиялық  негізін айқындаңыз.
3. Бастауыш мектепте оқытылатын пəннің кез келген тақырыбы 
бойынша пəнаралық байланыс қалай жүзеге асатындығын саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
– Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
2.  Беспалько  В.  П.  Педагогика  и  прогрессивные  технологии 
обучения. – М., 1995.
3. Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до фило-
софии. – М.: «Сентябрь», 1996.
4. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. 
Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
5. Кукушкин В. С. Общие основы педагогики. – Ростов-на-Дону, 
2000.
6. Левитес Д. Г. Практика обучения современные образовательные 
технологии. – М., 1998.
7.  Селевко  Г.  К.  Авторские  программы,  педагогические 
технологии,  инновационные  школы. – Ярославль:  Изд-во  ИПК 
ПиРРО, 1997.
8.  Чупрасова  В.  И.  Современные  технологии  в  образовании. – 
Владивосток, 2000.
9. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ПƏНДЕРІНІҢ 
НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА 
СИПАТТАМА
Жоспар:
9.1. Бастауыш білім беру парадигмасы.
9.2.  Бастауыш  мектепте  қазіргі  заманғы  технологияларды 
пайдалану мүмкіндіктері.
9.3.  Бастауыш  білім  берудегі  оқытудың  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологиялары.
9.1. Бастауыш білім беру парадигмасы
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды 
дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Тəуелсіз ел тірегі – білімді 
ұрпақ  екенін  ескерсек,  бастауыш  білім – үздіксіз  білім  берудің  
алғашқы  басқышы.  Осы  орайда  бастауыш  сынып  мұғалімдері 
жас  жеткіншектерді  оқытуда  қазіргі  заманғы    педагогикалық 
технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең жəне жан-
жақты  игерудің  жолдарын,  əр  пəннің  ғылыми  негіздерін  меңгерту 
мəселелерін, шəкірттің ойлау қабілеті мен шығармашылық əрекетін 
дамыту  сияқты  ең  ұтымды  əдіс-тəсілдерді  қолдану  қажеттілігі 
туындайды.
Қазақстан  Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім 
беруді  дамыту  тұжырымдамасының  жобасында  «Жоғары  білімді 
дамытудың  негізгі  үдерісі  мамандар  даярлау  сапасын  арттыру, 
қарқынды 
ғылыми-зерттеу 
қызметімен 
ықпалдастырылған 
инновациялық  қажеттіліктерімен  тығыз  байланысты  білім  беру 
жəне техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі 
білім  беру  саласындағы  басты  мəселе:  əлеуметтік  педагогикалық 
ұйымдастыру  тұрғысынан  білім  мазмұнына  жаңалық  енгізудің 
тиімді жаңа əдістерін іздестірумен жəне оларды жүзеге асыра алатын 
болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
  Қазіргі  заман  педагогтерінің  негізгі  мақсаты – білім 
алушылардың  білімін  сапалы  ету,  оның  толыққанды  жеке  тұлға 
болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау