272
273
2
Ақпарат көзі
Берілген оқу материалдарын
меңгерудің мүмкін жолдары
мен тəсілдері туралы ақпарат
(оқытудың
жоспарланған
нəтижесіне қол жеткізуге
көмектеседі)
3
Дамыту
Оқу
материалдары
(оқу
элементтеріне құрылған)
4
Басқару
Тексеру жəне өзін-өзі тексеру
Сонымен, дидактикалық мақсаттар блогы мақсат кою функция-
сын атқарады, оқушыларға оқудың жақын көкжиектерін ғана емес,
алыстағы, болашақта, өз бетімен өмір сүру табалдырығын аттағанда
қол жеткізуі тиіс жетістіктерін сезіне білуге көмектеседі. Модульдік
оқытудың мақсаттары оқушыларға танымдық іс-əрекет барысында
қандай нəтиже күтіп тұрғанын көрсетуі тиіс. Мұндай жағдай
оқушылардың оқу үдерісіндегі оң мотивациясын қалыптастырады,
өзіндік əрекетін дамытады, белсенділігін қамтамасыз етеді. Оқушы
өзінің дамуының болашағын көзімен көріп, оң нəтижелерге қол
жеткізудің жолдары мен тəсілдерін түсінгенде, ол оқу үдерісінің тең
құқылы қатысушысы бола алады.
Модульдік оқыту өзінің көпжылдық өмір сүрген тарихында
айтарлықтай өзгерістерді бастан кешті. Оны қолданудың мақсаттары
ғана өзгеріссіз қалды, олар: оқыту үдерісін жеке оқушыға бағыттау,
оқу іс-əрекетін белсендіру, оқушылардың өзіндік əрекетін жəне
мотивациясын арттыру.
1967 жылы америкалық педагогикалық зерттеулер институ-
ты орта білім беретін мектептерге арналған оқу пакеттерін дайын-
дауды қолға алды. Модульдік оқытудың негізін салушылардың бірі
Дж. Д. Расселдің пайымдауынша, модуль оқу материалдарының
тұжырымдық бір бірлігін қамтитын оқу пакеті болып табылады. Бұл
пакеттің құрамына мыналар кірді:
- қоршаған орта (заттар, құбылыстар, үдерістер, құрылымдар
мен сапалар əлемі) туралы түсініктердің тізбесі;
- оқыту мақсаттарының тізімі, осы мақсаттарға жетуге байла-
нысты міндеттердің сипаттамасы;
- біздің жұмыс дəптерлерімізге ұқсас, жеке бөліктерге –
модульдерге бөлінген, жеке сабақтар өткізуге арналған оқу
құралдары: мұндай модульдер білімі, меңгеру қарқыны мен
қабілеттері əр түрлі оқушыларға арналған қиындығына қарай
бірнеше деңгейлі оқу материалдарын қамтиды;
- əрбір оқушының оқуының тиімділігін тексеруге байланысты
жеке жұмысты немесе шағын топтағы жұмысты ұйымдастыру тура-
лы мұғалімдерге арналған əдістемелік нұсқаулар;
- оқушының өз жұмысының сапасын бағалауына арналған
ұсыныстар.
Оқу пакеттерін оқушылар өзінің жеке темпі жəне меңгеру
мүмкіндігіне қарай орындайды.
Кеңес педагогикасында модульдік оқыту XX ғасырдың соңғы
онжылдығында оқыту технологияларының өріс алуына байланысты
дамыды. Көптеген зерттеушілер (В. П. Беспалько, О. В. Долженко,
В. Л. Шатуновский, П. А. Юцявичене, т.б.) оқыту технологияларын
құрылымдық-мазмұндық жағынан алдын ала жоспарланған оқу-
танымдық үдерістің тəжірибеде жүйелі жəне бірізді түрде жүзеге
асуы ретінде қарастырады. Олардың ойынша, модульдік оқытуға
осы анықтама анағұрлым сай келеді.
П. А. Юцявичене модульдік оқытудың мəні оқудың субъектісі,
негізінен, модуль түрінде ұсынылған оқу материалдарымен өздігінен
жұмыс істейтіндігінде деп көрсетеді. Жеке алынған модуль əрекеттің
мақсатты бағдарламасын, ақпарат банкін жəне оқушылардың алдына
қойылған мақсаттарға жетудің əдістемелік нұсқауын қамтиды.
Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның
білімді меңгертуде, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін жəне
танымдық үдерістерін: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру,
қимыл жəне т.б.)
ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы
жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондай-
ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас
жасау, ойын танымдық жəне шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша жəне жазбаша
тілде) дамытуға бағытталуында.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі – дарынды балалармен
тұрақты жəне жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде.
Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген
тəсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.
Модульдік оқыту іс-əрекет принципіне негізделген, оқушының