Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет29/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87

114
115
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің 
себептерін анықтауды;
 - қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда  қолданылатын 
оқу əрекеттерінің əдістерін оқушыларға үйретуді;
 - педагогикалық диагностиканың қарапайым əдістерін қолдана 
отырып,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  пайдалану 
тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық  қызметті  осылайша  ұйымдастыру – жаңаша 
оқытуға жеткізетін жол.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Сабақ»  ұғымын  сипаттап,  бастауыш  мектепте  өткізілетін  
сабақтың  құрылымын  сипаттап  беріңіз  (мақсаттары,  түрі,  əдістері, 
т.б.)
2.  Бастауыш  сынып  мұғаліміне  қойылатын  негізгі  талаптарды 
саралаңыз.
3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланып 
ұйымдастырылған  сабақ  пен  дəстүрлі    оқыту  əдісімен  өткізілген 
сабақты  салыстырыңыз.  Кез  келген  сабақ  үлгісі  негізінде  мысал 
келтіріп, жауабыңызды дəлелдеңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Барсай  Б.,  Таубаева  Ш.  Т.  Мұғалімнің  педагогикалық 
жаңалықтарын ұйымдастыру. – Алматы, 2007.
2.  Тұрғынбаева  Б.  А.  Біліктілікті  арттыру  жүйесінде 
мұғалімдердің  шығармашылық  əлеуетін  дамыту:  пед.ғыл.докт. 
...дисс. – Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2006.
3.  Кенеш  Ə.  С.  Болашақ  мұғалімдердің  əдістемелік  дайындық 
жүйесін дамыту. – Астана, 2003.
4.  Мырзабаев  А.  Оқушылар  шығармашылығын  дамытуда 
белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. – Алматы, 2005.
5.  Тұрғынбаева  Б.  Шығармашылық  қабілеттерін  дамыту. – 
Қазақстан мектебі. – №4, 2005.
6.  Тұрғынбаева  Б.  Жеткіншектердің  шығармашылық  қабілетін 
дамыту. – Қазақстан мектебі. – №8, 2004.
7.  Тұрғынбаева  Б.  Оқыту  барысында  бастауыш  сынып 
оқушыларының  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту. – Алматы, 
1998.
8. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.: 
Педагогическое общество России, 2000.
9. Лернер И. Я. Дидактические системы методов обучения. – М.: 
Просвещение, 1981.
10. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
11. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 
12. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
13.  Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен 
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
14.  Жүнісбек  Ə.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология 
негізі – сапалы білім. //Қазақстан мектебі, №4, 2008.


116
117
8. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯ ПƏНІНІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ 
ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН БАСҚА 
ПƏНДЕРМЕН ПƏНАРАЛЫҚ  БАЙЛАНЫСЫ
Жоспары: 
8.1.   Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызы.
8.2.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялардағы 
пəнаралық байланыстың философиялық  негізі.
8.3.     Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы  
пəнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі.
8.1. Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызы
Оқулықтардағы  негізгі  интеграция,  олардағы  пəнаралық 
байланыс. Туыстас пəндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 
жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді.
Оқу  үдерісінде  пəнаралық  байланыстың  маңызы  зор,  ол 
байланыс  білімді  толықтырады,  растайды,  оқушылардың  білімін 
«ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді 
жəне қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ  пəнаралық  байланыс  толық  интеграция  емес,  оқу 
үдерісіндегі  интеграция  оқу  үдерісіндегі  ерекше  жүйе,  яғни 
жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Сондықтан  бастауыш  сыныптың  оқу-тəрбие  үдерісінде 
пайдаланылатын 
пəнаралық 
байланыстың 
педагогикалық, 
психологиялық жəне философиялық негіздерін анықтайық.
Оқушының  адам  қасиеттеріне  сəйкес  бағыттылығы  мен 
тəжірибесін  негізінен  мектеп  қабырғасында  дұрыс  қалыптастыру 
қажеттілігі  туындайды.  Адамның  бағыттылығы  мен  тəжірибесіне 
негіз  болатын  құраушының  бірі – оның  білімі.  Білімнің  өзін 
мазмұндық  жəне  іс-əрекеттік  тұрғыда  қарастыру  көптеген 
зерттеулерде  орын  алған.  Мазмұндық  тұрғыда  оның  өмір  сүру 
формасы – оқу-əдістемелік əдебиеттерде тіркелген.
Осыған  сəйкес  М.Скаткин  жалпы  білім  беретін  пəндерге 
қатысты  өзара  байланысты  білімнің  түрлерін:  негізгі  ұғымдар  мен 
терминдер; əртүрлі нысандар мен болмыс құбылыстар арасындағы 
байланыстарды  жəне  қатынастарды  күнделікті  болмыстық  жəне 
ғылыми фактілер; берілген пəндік саланың құбылыстарын түсіндіру 
жəне  болжау  нысандарымен  əдістерінің  жиынтығын  анықтау 
жөніндегі  ғылыми  білімдер  жүйесін  қамтитын  теориялар;  ғылыми 
жəне  əлеуметтік  идеялар;  іс-əрекет  тəсілдері,  таным  əдістері  жəне 
білім беру тарихы, ғылыми тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы 
белгіленген  өмірлік  əр  түрлі  құбылыстарға  қатысты  нормалар 
жөніндегі білімдер деп  қарастырған.
Оқыту  мазмұнындағы  білім  мен  іскерліктің  адамның 
интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе 
екендігі  жөніндегі  ғылыми  көзқарастарды  қалыптастырудағы, 
алған білімді өмірмен, қоғамдық тəжірибесімен байланыстырудағы 
құралдардың бірі – пəнаралық байланыстар. Пəнаралық байланыстар 
өткен  ғасырдың  соңғы 20 жыл  төңірегінде  кеңінен  зерттелген 
мəселенің бірі ретінде де қарастырылды.
Зерттеулердің  нəтижесіне    сəйкес  пəнаралық  байланыстар 
оқытудың қағидасы жəне білім берудегі міндетті элементі ретінде де 
айқындалады(В. Краевский, И. Лернер, А. Байсенбаева   И. Зверев, 
В. Максимов жəне т.б.).
И.  Зверев    пəнаралық      байланыстарды      толықтай    көлемде     
жүзеге асыру тəсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту 
жəне  тəрбиелеу  функциясының  өзара  байланыстарын  ашпайынша 
бұл  мəселені  елестету  мүмкін  еместігін  айтады.  Пəнаралық 
байланыстардың  жалпы  білім    беруін      функциялары  оқушыларда 
материя қозғалысының əр түрлі формаларының өзара байланысын 
көрсететін əлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды 
қарастырады.  Пəнаралық  байланыстардың  тəрбиелеу  функциясы 
оқушыларда 
диалектикалық-материалистік 
дүниетанымдық, 
өнегелік-эстетикалық  идеалдарды  дамытуда,  талдап  қорытылған 
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ  пəнаралық  байланыстар  жастарды  тəрбиелеу  ісінде 
жасөспірім  тұлғаны  қалыптастыру  функциясында  едəуір  мəнге   
ие.  Еңбекке    баулу    мен  ғылым  негізінде  пəнаралық      байланысы  
мектеп    оқушыларының   белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, 
объективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде 
пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едəуір ықпал етеді. 
Ол  сананың,  сезім  мен  мінез-құлық  əрекетінің  бірлікті  жүзеге 
асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы педагогикалық технология 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау