Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет72/126
Дата17.10.2023
өлшемі3,69 Mb.
#43872
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126
mendebaev-sapany (1)

 
5.6. Идентификациялаудың жіктеу әдісі
Идентификациялаудың жіктеу әдісі өзінің ақпараттығы мен 
жүйелілігіне байланысты басқа әдістермен бірге үйлесіп кеңінен пай-
даланылады. Объекттерді жіктеудің ең жиі қолданылатын екі тәсілі бар: 
иерархиялық және фасеттік. 
Иерархиялық тәсіл 
объекттердің бастапқы жиынтығы ретті түрде 
тағы да жиынтықтарға (жіктеу топтамалары), олардың әрқайсысы да 
жиынтықтарға және т.с.с. бөлінетіндігімен сипатталады. Жиынтықтар 
бағыныңқы топтамаларға бөлінеді. 
Объекттердің жіктелуші жиынтығы осы объекттерді жалпыдан 
жалқыға ұстанымы бойынша сипаттайтын негізгі белгілеріне қарай 


169
түрлерге, топтарға, класстарға және т.с.с. бөлінеді, яғни әрбір топтама 
таңдалып алынған белгілерге (бөлу негізі) сәйкес бірнеше басқа топтарға 
бөлінеді. Осылайша, жіктелу топтамалары арасында бағынушылық 
қарым-қатынас орнатылады. 
Иерархиялық жүктеуді құру кезінде пайда болған ең маңызды әрі 
күрделі мәселелер бөлудің негізі ретінде пайдаланылатын белгілер 
жүйесін таңдау мен олардың орналасу тәртібін анықтау болып табы-
лады. 
Жіктеудің иерархиялық тәсілі бойынша объекттердің қосымша 
жиынтықтарының құрылуы 5.33-суретте көрсетілген. 
5.33-сурет.
 
Жіктеудің иерархиялық тәсіл
Иерархиялық жіктеудің артықшылығы оның логикалылығы, 
тізбектілігі және ақпаратты қолмен және машинамен өңдеуде қолайлығы 
болып табылады. Негізгі кемшілігі – құрылымының аз оңтайлылығы, 
белгілердің (бөлудің негізі) шартты нақтылығы мен олардың ретінің 
алдын ала орнатылған реті. Қосымша белгілер бойынша жаңа бөлу 
деңгейлерін қосу өте күрделі болып келеді, әсіресе есепке алынған 


170
сыйымдылықтар қарастырылмаған болса күрделі болады. Сонымен 
қатар, жіктеудің иерархиялық әдісі нақты мәселелер үшін қажет бола-
тын белгілер үйлесімділігі бойынша объекттерді агрегаттауға мүмкіндік 
бере алмайды, бұл тағы да оның қолайсыздығын көрсетеді. 
Фасеттік тәсіл 
объекттер жиынтығы нақты мәселелерді шешу-
ге арналған белгілі бір таңбаларға ие болатын тәуелсіз жиынтықтарға 
(жіктелу топтамалары) бөлінетіндігімен сипатталады. Фасеттік 
жіктелуді құру тізбектілігі іс жүзінде иерархиялық жіктелуді құрғанмен 
бірдей болады, яғни объекттер жиынтығы анықталады, оның негізгі 
белгілері мен белгілер тобы бөлініп алынады да сипаттама белгілер мен 
белгілер тобының (фасеттер) тәртібі орнатылады. 
Фасеттік тәсілдің ерекшелігі қосымша жиынтық жалқыдан жалпыға 
ұстанымы бойынша құрылатындығы болып табылады, яғни объекттің 
нақты сипаттамаларының түрлі жиындары негізінде нақты жиынтықтар 
құрылады. 
Объекттер жиынтықтарының фасеттік тәсіл бойынша құрылуы 
5.34-суретте көрсетілген.

жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау