166
Алынған деректердің бірінші жолы (А12-Е12)
Х-тағы М коэффи-
центтері мен В еркін мүшені көрсетеді.
Енді регрессия талдауын жасауға болады.
Y=-0,11648
⋅
X
1
-0,43696
⋅
X
2
+4,880667
⋅
X
3
+0,576939
⋅
X
4
+19,95481 (5.40)
Осы теңдеуді зерттей отырып мынадай тұжырым жасауға болады:
1. кедір-бұдырға (Y) X
3
параметрі-болаттағы көміртегінің % ең көп
ықпал етеді.
2. кедір-бұдырға (Y) X
1
параметрі-кесу жылдамдығы ең аз ықпал
етеді;
3. X
1
және X
2
параметрлерінің артуы кедір-бұдырды (Y) (кері
корреляцияны) азайтады, ал X
3
және X
4
параметрлерінің артуы кедір-
бұдырды (Y) (тікелей корреляцияны) арттырады.
А14 ұяшықта R
2
=0,849649 детерминация коэффиценттерінің
мағынасы алынды. Талданған теңдеулердің
нақты деректерге
жақындығы әжептәуір жоғары екені байқалады. Алынған формуланың
көмегімен Y
фор
функциясының мағыналарын есептейміз. Осы
мағыналарды F2-F10 бағанында орналастырамыз. Екі графиктің
біреуін, яғни Y
пр
практикалық мағыналар, ал екіншісін Y
фор
формула-
сы бойынша құрамыз (
5.32-сурет). Графиктердің бір-біріне өте жақын
екенін байқауға болады.
5.32-сурет
167
5.5. Басқару объектілерін идентификациялаудың негізгі әдістері
Сапаны басқаруды модельдеудің ең
маңызды бағыттарының бірі
ақпарат алмасу мен көрсету саласында нормативті құжат құру болып
табылады. Алайда ақпараттық сәйкестендіруді қамтамасыз етпей түрлі
объекттер жайлы мәліметтерді көрсету, өңдеу және жинақтау үдерісінің
көптеген қатысушылары арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесу
мүмкін емес. Ақпараттық сәйкестендіруді қамтамасыз ету объекттерді
идентификациялаудың бірегей әдістерін жасап шығаруды талап етеді.
Әрбір объект, құбылыс, қасиет (ары қарай – объект) өзінің маңызын
көрсететін және көптеген өзіне өте ұқсас объекттерден ерекшелендіріп
тұратын белгілер жиынтығына ие болады. Сонымен қатар адам иден-
тификатор болып табылатын бір белгі (таңба, белгі, қасиет және т.б.)
немесе негізгі белгілердің минимал санын бөліп көрсетуге тырысады.
Іс жүзінде идентификация келесі мәселелерді шешу үшін қажет:
– объектті бірден анықтау;
– объектті
оның қасиеттері бойынша тану;
– анықталған белгілері бойынша объекттерді топтастыру;
– көптеген ұқсас объекттер арасынан біреуін таңдап алу және т.б.
Идентификациялау үшін максимум және минимум ақпараттық
жиын пайдаланылуы мүмкін.
Минимум жиынның құрамына өнім атауы, оның шартты белгіленуі
немесе аталған өнім сипаттамаларын
анықтайтын техникалық
немесе нормативті құжаттың коды және нөмірі кіреді. Өнімді
идентификациялауға қажетті максимум жиынға минимум жиынға
қосымша физикалық (химиялық, биологиялық) және эксплуатациялық
(тұтынушылық) сипаттамалары енеді.
Ең жиі қолданылатын әдістерге мыналар жатады:
атаулар әдісі,
цифрлық нөмірлер әдісі, жіктеу әдісі, шартты белгілеулер әдісі, сілтеме
әдісі, суреттеу әдісі, сілтеме-суреттеу әдісі, автоматты идентификация-
лау әдісі, биометрия әдісі.
Атаулар әдісі.
Ең қарапайым әдіс болып табылады, себебі жаңа объект пай-
да болғанда оған ең алдымен белгілі бір атау (термин) беріледі және
оған сәйкес анықтама да беріледі. Осыған қатысты түрлі объекттердің
анықтамалары мен терминдеріне стандарттар құру – ақпаратты бір мәнді
қабылдауды қамтамасыз ету қиын болатын ақпараттық негіз болып та-
былады. Стандартты анықтамалар мен
терминдерді қолдану ұлттық
тәжірибеде де, халықаралық алмасуда да ақпараттық сәйкестендірудің
негіздерінің бірі болып табылады.
Объекттерді атаулар арқылы идентификациялаудың негізгі
артықшылығы шынайы ауызекі тілге жақындығы болып табылады, ал
168
кемшілігі нақты объекттерді идентификациялау үшін пайдаланылатын
белгілер санының көптігі болып табылады.
Цифрлық нөмірлер әдісі.
Өте кең көлемде қолданылатын әдістердің бірі болып табыла-
ды. Оның нөмірі объект атауымен үйлесіп
объектті бір мағыналы
идентификациялауға мүмкіндік береді.
Іс жүзіндегі қолданыста нөмірлік идентификациялаудың екі негізгі
тәсілі бар: реттік және сериялы-реттік. Объектке реттік нөмір нөмірлеуді
жүзеге асыратын ұйым орнатқан тәртіп негізінде беріледі.
Объекттерді реттік нөмір арқылы идентификациялаудың кемшілігі
– олардың ақпаратсыздығы болып табылады, яғни реттік нөмірлерді
иеленген объекттерді сипаттаушы қандай да бір белгілердің болмауы.
Бұл кемшілік объектті идентификациялаушы
реттік-сериялы нөмірді
пайдалану кезінде аз-кем шектеледі. Реттік нөмірлердің артықшылығы
объектті идентификациялауды қарапайым әрі қысқа (белгілер саны бо-
йынша) болуын қамтамасыз етуіне негізделеді.
Жіктеу әдісі.
Біртекті объекттер тобын идентификациялау қажет болғанда пайда-
ланылады. Бұл әдістің артықшылығы оның ақпараттығы болып табыла-
ды, себебі жиынтық ішінен белгілі бір қасиеттерге ие болатын қажетті
объекттерді бөліп алуға мүмкіндік береді. Жіктеу әдісі қызметтің
көптеген салаларында кеңінен қолданылады,
өйткені объекттерді
жүйелендіруді қамтамасыз етеді. Әсіресе басқару жүйелерінде
ақпаратты өңдеу кезінде нәтижелі болып келеді. Жіктеу топтамасына
берілген код нақты жіктеуіш аясында оның толық идентификацияла-
нуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: