21
Қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша:
күрделі жəне қарапайым болып бөлінеді.
2.1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу
негіздері
Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық
құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді жəне жоймайды.
Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы
қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық
деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы
байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде-бір
азаматтық-құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді жəне
жойылмайды.
Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде
жатқандықтан жəне оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды туды-
ратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп
атайды.
Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізі түріндегі
бірнеше заңдық деректер қарастырылған. Осы деректердің жал-
пы тізімі АК 7 бабында берілген. Жалпы азаматтық құқықта заңды
деректердің пайда болуының негізгі екі түрін бөліп қарастырады,
біріншісі нақты іс-əрекет негізінде, ал екіншісі оқиға негізінде. Жал-
пы заңдық деректер ағымдық сипатына қарай оқиға жəне əрекет деп
бөлінеді. Оқиғаларға адам еркінен тыс шығатын жағдайлар жата-
ды. Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір
уақыт аралығының аяқталуы, т.б. Ал əрекет адам еркімен жасалады.
Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ
қабылдау, т.б. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам əрекетімен де
жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын
реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі масса-
сын адамдар əрекеті құрайды.
Əрекет өз кезегінде құқықтық жəне құқықтық емес болып бө-
лінеді. Құқықтық емес əрекеттер заң талаптарына немесе басқа
нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян
келтіру оның орнын жабу бойынша міндет бекітуді тудырады. Ал
құқықтық əрекеттер азаматтық заң талаптарына сай келеді. Азаматтық
құқық экономикалық айналымның қалыпты дамуын қамтамасыз
22
ететіндіктен, заңдық деректердің көбісін азаматтық құқықтық əре-
кеттер құрайды. Бірақ құқықтық əрекеттердің заңдық мағыналары
азаматтық құқықта əрқашан бірдей емес.
Барлық құқықтық əрекеттер өзінің заңдық мəні бойынша заң-
дық əрекет жəне заңдық актілер деп бөлінеді. Заңдық əрекет –
бұл заңдық əрекет жасаған тұлға еркінен тыс, ал кейде тəуелді
азаматтық-құқықтық зардап тудыратын құқықтық əрекеттер. Ал
заңдық əрекеттерге қарағанда заңдық актілер – бұл осы зардапты
арнайы тудыру үшін жасалғанда заңдық зардаптарды тудыратын
құқықтық əрекеттер. Заңдық актілер құрамына əкімшілік актілер мен
мəмілелелерді жатқызады. Сонымен, азаматтық құқықтағы заңдық
деректер келесідей жіктеледі: а) оқиға жəне əрекет; б) құқыққа жа-
татын жəне құқықтық емес əрекеттер; в) заңдық əрекет жəне заңдық
актілер; г) əкімшілік актілер мен мəлімелелер.
2.2. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
ҚР Конституциясы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
ҚР 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған азаматтық ко-
дексі (Жалпы бөлімі), соңғы өзгерістер мен толықтырулармен бірге.
23
3-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастардың
субъектілері
3.1. Азаматтар азаматтық-құқықтық қатынастардың субъек-
тілері ретінде
3.2. Заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер
3.2.1. Заңды тұлғалар түсінігі жəне белгілері
3.2.2. Заңды тұлғалардың түрлері жəне ұйымдық-құқықтық
нысандары
3.2.3. Заңды тұлғаның атауы жəне тұрған жері
3.2.4. Заңды тұлғаның құқыққа қабілеттілігі
3.2.5. Заңды тұлғаның құрылуы
3.2.6. Заңды тұлғаның қайта құрылуы
3.3. Филиалдар мен өкілдіктер
3.4. Тапсырмалар
3.5. Тестілер
3.6. Нормативтік актілердің тізімі
3.1. Азаматтар азаматтық құқықтық қатынастардың субъек-
тілері ретінде
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің аза-
маттары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып
ұғынылады.
Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық
құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Аза-
маттың құқыққа қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған
соң тоқтатылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлер-
де де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті
мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-
тұруға жəне тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлер-
ге еркін шығып кетуге жəне оның аумағына қайтып оралуға; заң
құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
дербес өзі немесе басқа азаматтармен жəне заңды тұлғалармен бірігіп,
заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
24
мəміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым,
əдебиет жəне өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің
өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;
материалдық жəне моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге
құқығы болады; басқа да мүліктік жəне жеке құқықтары болады.
Азамат тегі мен есімін, сондай-ақ қалауы бойынша – əкесінің
атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады
жəне оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың
жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын
жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді)
пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.
Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін
өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда
белгіленген тəртіп бойынша тіркелуге тиіс. Азамат өз есімін
заң құжаттарында белгіленген тəртіп бойынша өзгертуге
құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын неме-
се бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға
немесе өзгертуге негіз болмайды. Азамат өзінің борышқорлары
мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау
үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті жəне бұл адамдар да
оның есімі өзгертілгені туралы мəліметтер болмауынан туған
ықтимал зардаптарға тəуекел етеді. Есімін өзгерткен азамат
өзінің бұрынғы есімін рəсімделген құжаттарға тиісті өзгерістер
енгізілуін талап етуге құқылы.
Басқа бір адамның есімімен
құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді. Азамат өз есімі
оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын
талап етуге құқылы.
Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нəтижесінде оған келтірілген
зиян өтелуге тиіс. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді
мекені оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған
адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты
жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорған-
шыларының тұрғылықты жері болып танылады.
Азаматтың өз əрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға
жəне оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, олар-
ды орындауға қабілеттілігі (азаматтық əрекет қабіліттілігі) кəмелетке
толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда
болады.
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат
Достарыңызбен бөлісу: |