Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет9/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68

28
баптың ережелерiне сəйкес өздерi жасаған мəмiлелер бойынша дер-
бес  жауапты  болады  жəне  өздерiнiң  əрекеттерiнен  келтiрiлген  зиян 
үшiн АК ережелерi бойынша жауап бередi.
Он  төрт  жасқа  дейiнгi  кəмелетке  толмағандардың  əрекетке 
қабiлеттiлiгi
Он төрт жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар үшiн мəмiлелердi, 
егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-ана-
сы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жас-
қа дейiнгi кəмелетке толмағандар өздерiнiң жасына лайықты, жасай 
салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мəмiлелердi өз бетiнше жасауға 
құқылы. Заң құжаттарында кəмелетке толмағандардың мəмiле жаса-
уына  жəне  кəмелетке  толмағандар  үшiн  мəмiле  жасауға  қорғаншы-
лық жəне қамқоршылық органының алдын ала келiсiмi талап етiлетiн 
жағдайлар  белгiленуi  мүмкiн.  Кəмелетке  толмағандар  банкiлерге 
салымдар салуға жəне өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге 
құқылы.  Он  төрт  жасқа  толмаған  кəмелетке  толмағандардың  атына 
басқа  бiреудiң  салған  салымдарына  олардың  ата-анасы  немесе  өзге 
де  заңды  өкiлдерi  билiк  етедi,  ал  он  төрт  жасқа  толған  кəмелетке 
толмағандар  өздерiнiң  атына  басқа  бiреу  салған  салымдарға  өз 
бетiнше билiк етедi.
Жүйке  ауруы  немесе  ақыл-есiнiң  кемдiгi  салдарынан  өз  əре-
кеттерiнiң мəнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн аза-
матты  сот  əрекет  қабiлеттiлiгi  жоқ  деп  тануы  мүмкiн,  соған  байла-
нысты оған қорғаншылық белгiленедi. Əрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп 
танылған азаматтың атынан мəмiлелердi оның қорғаншысы жасайды. 
Əрекет  қабiлеттiлiгi  жоқ  адам  сауығып  кеткен  немесе  денсаулығы 
едəуiр жақсарған жағдайда сот оны əрекетке қабiлеттiлiгi бар деп та-
ниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.
Спирт  iшiмдiктерiне  немесе  есiрткi  заттарға  салыну  салдары-
нан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан 
азаматтың  əрекет  қабiлеттiлiгiн  сот  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық  iс  жүргiзу  кодексiнде  белгiленген  тəртiп  бойынша  шек-
теуi  мүмкiн.  Оған  қамқоршылық  белгiленедi.  Ол  тұрмыстық  ұсақ 
мəмiлелердi  өз  бетiнше  жасауға  құқылы.  Басқа  мəмiлелер  жасауды, 
сондай-ақ табысын, зейнетақысын жəне өзге де кiрiстерiн алуды жəне 
оларға  билiк  етудi  ол  тек  қамқоршысының  келiсiмiмен  ғана  жүзеге 
асыра алады.
Азамат  спирт  iшiмдiктерiне  немесе  есiрткi  заттарға  жəне  на-


29
шақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның іс-əрекет қабi-
леттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде 
азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.
3.2. Заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер
3.2.1. Заңды тұлға ұғымы жəне белгілері
Заңды  тұлға  деп  меншiк,  шаруашылық  жүргiзу  немесе  же-
дел  басқару  құқығындағы  оқшау  мүлкi  бар  жəне  сол  мүлiкпен  өз 
мiндеттемелерi  бойынша  жауап  беретiн,  өз  атынан  мүлiктiк  жəне 
мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзе-
ге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым та-
нылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. 
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады (ҚР АК 33-бабы).
Заңды  тұлғаның  негізгі  белгілері  –  азаматтық  айналымда  өз 
атынан жауап беру, мүліктік оқшаулық жəне өз міндеттері бойынша 
жеке мүліктік жауапкершілік.
Мүліктік  оқшаулық  заңды  тұлғаның  атында  заң  құжаттары  ар-
қылы танылатын жəне қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша 
иелену,  пайдалану  жəне  оған  билік  ету  құқығы.  Көбінесе,  мүлік 
заңды тұлғаның меншік құқығында болады. Өзге жағдайларда заңды 
тұлғаның  мүлкі  шаруашылық  жүргізу  құқығы  негізінде  таныла-
ды,  бұндай  құқықтарға  тек  мемлекеттік  кəсіпорындар  ие.  Өйткені 
мүлікке меншік құқығы меншік иесінің өзіне тиесілі болады, ал заңды 
тұлғаның мүлікке билік ету құқығына белгілі шектеулер қойылады. 
Ал, мүлікті иелену жəне пайдалану құқығына шектеулер қойылмаған. 
Кейбір  заңды  тұлғалардың  мүлкі  ең  шектеулі  заттық  құқық  бо-
лып  табылатын  жедел  басқару  құқығы  негізінде  беріледі.  Мұндай 
құқықтарға мекемелер жəне қазыналық кəсіпорындар ие.
Бірақ кез келген жағдайларда мүлік:
А) іс жүзінде заңда тұлғаға тиесілі болады,
B) оның қызметінің материалдық базасы болып табылады,
С)  заңды  тұлғаның  қарыздары  жəне  міндеттемелері  бойынша 
материалдық  жауапкершілігін  өтеудің  қайнар  көзі  болып  табылады, 
жеке баланс немесе сметамен бекітіледі.
Өз  міндеттемелері  бойынша  заңды  тұлға  өзіне  тиесілі  барлық 
мүлікпен  жауап  береді.  Аталған  заңды  тұлғаның  борыштары  бо-
йынша  оның  құрылтайшылары,  заңды  тұлғаның  қызметкерлері, 
өзге заңды тұлғалар не мемлекет жауап бермейді. Өз кезегінде, ол да 


30
өзінің құрылтайшыларының, қызметкерлерінің, өзге заңды тұлғалар 
мен мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 
Сонымен бірге, бұл ережеден АК 44-бабында өзгеше белгілі бір 
ережелер  бекітілген.  Дегенмен,  мұндай  өзгешеліктер  болғанның 
өзінде де, борыштары бойынша бірінші кезекте заңды тұлғаның өзі 
жауап  береді  жəне  оның  мүлкі  жеткіліксіз  болған  кезде  ғана  заңда 
белгіленген  өзге  тұлғалар  жауап  беруі  мүмкін.  Осы  ереже  аясына 
арнайы қаржы компаниялары, меншік иесі қаржыландыратын меке-
мелер, мемлекеттiк мекемелер жəне қазыналық кəсiпорындар жатуы 
мүмкін.
Заңды  тұлғаның  борышы  бойынша  меншік  иесінің  жауап-
кершілігі  осы  ретте,  қосымша  (субсидиарлы)  болып  табылады. 
Бірқатар  жағдайларда,  заңды  тұлғаның  борышы  бойынша  субси-
диарлы  жауаптылыққа  оның  қатысушыларының  (мүшелерінің) 
тартылатындығы  заңнамалық  актілерде  бекітілген.  Атап  айтқанда, 
А   К 84-бабында  қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестіктердің 
қатысушылары  серiктестiк  мiндеттемелерi  бойынша  өздерiнiң  жар-
ғылық  капиталға  салымдарымен  жауап  беретiндігі,  ал  бұл  сомалар 
жеткiлiксiз  болған  жағдайда  өздерiне  тиесiлi  мүлiкпен  оған  өздерi 
еселенген  мөлшерде  енгiзген  салымдар  арқылы  жауап  беретiндігі 
қарастырылған.
Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қа-
тысушысының)  немесе  оның  мүлкiнiң  меншiк  иесiнiң  iс-əрекетiнен 
туындаған  болса,  заңды  тұлғаның  қаражаты  жеткiлiксiз  болған 
жағдайда  құрылтайшы  (қатысушы)  немесе  оның  мүлкiнiң  меншiк 
иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте бола-
ды.
Сонымен қатар, заңдарда құрылтайшылардың егер олардың кінə-
сі болған жағдайда өздері құрған заңды тұлғаның қарыздары бойын-
ша  жауапкершілігі  көзделген.  Атап  айтқанда,  егер  заңды  тұлғаның 
банкроттығы  оның  құрылтайшысының  (қатысушысының)  неме-
се  оның  мүлкiнiң  меншiк  иесiнiң  iс-əрекетiнен  туындаған  болса, 
заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы 
(қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер ал-
дында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.
Заңды  тұлға  азаматтық  айналымда  өз  атынан  қызмет  етеді.  Ол 
өзінің бірінші басшысының, құрылтайшысының немесе мемлекеттің 
атынан əрекет ете алмайды. Бұл құқық субъектісін, оның құқықтары 
мен міндеттерін нақты анықтауға мүмкіндік береді.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау