Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет10/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68

31
Заңды тұлғаның белгілерінің арасында оның ұйымдық бірлігінде 
атап  өткен  жөн,  яғни  заңды  тұлғаның  атынан  азаматтық  айналымға 
тиісті өкілеттіктерге ие оның органы қатысады.
3.2.2. Заңды тұлғалардың түрлері жəне ұйымдық-құқықтық 
нысандары
АК 34-бабында  заңды  тұлғалардың  келесідей  түрлері  ажы-
ратылған:
Коммерциялық заңды тұлғалар – өз қызметiнiң негiзгi мақсаты 
ретiнде табыс келтiрудi көздейтiн ұйымдар.
Коммерциялық  емес  заңды  тұлғалар – пайда  келтіруді 
осындай  мақсат  ретiнде  қоймайтын  жəне  алынған  таза  табысын 
қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым.
Коммерциялық  заңды  тұлғалар  келесідей  ұйымдық-құқықтық 
нысандардың бірінде құрылуы мүмкін:
мемлекеттік кəсіпорын;
шаруашылық серіктестік;
акционерлік қоғам;
өндірістік кооператив.
Заңды  тұлғалардың  жауаптылығы,  органдарының  құрлымы  мен 
құзіреті, құқықтары мен міндеттері оның ұйымдық-құқықтық нысан-
дарына тəуелді болғандықтан, заң шығарушы аталған нысанды нақты 
айқындауға ұмтылған.
Коммерциялық  емес  ұйымдардың  ұйымдық-құқықтық  нысанда-
ры:
мекеме; 
тұтыну кооперативі;
қоғамдық бiрлестiк;
заңды тұлғалардың қауымдастығы;
діни бірлестік;
қорлар;
акционерлiк қоғам;
заң құжаттарында көзделген өзге де нысанада құрылуы мүмкiн.
ҚР  АК 34-бабында  заңды  тұлғалардың  төмендегідей  түрлерін 
анықтайды:
Коммерциялық заңды тұлғалар – өз қызметiнiң негiзгi мақсаты 
ретiнде  таза  табысын  келтiрудi  көздейтiн  жəне  алынған  табысын 
қатысушыларына үлестіретін ұйым.


32
Коммерциялық  емес  ұйым  –  өз  қызметiнiң  негiзгi  мақсаты 
ретiнде таза табыс келтiруді көздемейтін жəне алынған таза табысын 
қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға: мемлекеттiк 
кəсiпорын,  шаруашылық  серiктестiк,  акционерлiк  қоғам,  өндiрiстiк 
кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
Заңды  тұлғаның  құқығы,  міндеттері,  құрылымы  жəне  құзыреті 
оның  ұйымдық-құқықтық  нысанына  байланысты  болғандықтан 
заңдар берілген нысанды нақты белгілуге тырысады.
Заңды  тұлғаның  құқықтары,  міндеттері,  құрылымы  жəне 
огандардың құзыреті оның ұйымдық-құқытық нысанына байланысты 
болғандықтан, заң шығарушы аталған нысанның нақты  белгіленгенуін 
қалайды. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық ны-
сандары: мекеме, қоғамдық бiрлестiк, тұтыну кооперативi, қоғамдық 
қор, дiни бiрлестiк, қорлар жəне заңнамалық актілерде көзделген өзге 
де нысанда құрылуы мүмкiн
ҚР  АК 36-бабында  құрылтайшыларының  ұйымның  мүлкіне 
деген  құқықтарына  қарай  заңды  тұлғалардың  ерекше  жіктелуі 
бекітілген. Заңды тұлғаның үш түрі ажыратылған:
а)  Мүлкiне  өз  қатысушылары  (құрылтайшылары)  мiндеттемелiк 
құқықтарын  сақтап  қалатын  заңды  тұлғалар  (шаруашылық  серiк-
тестiктер, акционерлiк қоғам мен кооперативтер).
b)  Мүлкiне  өз  құрылтайшылары  меншiк  құқығын  немесе  өзге 
де  заттық  құқығын  сақтап  қалатын  заңды  тұлғалар  (шаруашылық 
жүргiзушi  құқығында  немесе  оралымды  басқару  құқығында  мүлкi 
бар ұйымдар).
с) Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқық-
тарын сақтамайтын заңды тұлғалар (қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық 
қорлар жəне дiни бiрлестiктер).
3.2.3. Заңды тұлғаның атауы жəне орналасқан жері
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк 
беретiн өз атауы бо    лады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын жəне ұйымдық-
құқықтық  нысанын  көрсетудi  қамтиды.  Ол  заңдарда  көзделген 
қосымша  мағлұматты  қамтуы  мүмкiн.  Заңды  тұлғаның  атауы  оның 
құрылтай  құжаттарында  көрсетiледi.  Заңды  тұлғаның  атауын-
да  заң  талаптарына  немесе  қоғамдық  мораль  қалыптарына  қайшы 


33
келетiн  аттарды,  егер  жеке  адамдардың  есiмдерi  қатысушылардың 
есiмдерiне  сəйкес  келмесе  не  қатысушылар  бұл  адамдардың  есiмiн 
пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға 
жол  берiлмейдi.  Коммерциялық  ұйым  болып  табылатын  заңды 
тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық ата-
уы  болып  табылады.  Заңды  тұлға  белгiлi  бiр  фирмалық  атауымен 
заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды 
тұлғаның  фирмалық  атауды  тек  қана  өзi  пайдалануға  құқығы  бар. 
Бөтен  бiр  фирмалық  атауды  заңсыз  пайдаланатын  тұлға  фирмалық 
атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдала-
нуды тоқтатуға жəне келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. 
Мемлекеттік кəсіпорынның атауы мүліктің меншік иесіне сілтемені, 
мемлекеттік меншіктің қай түріне жататындығын жəне ведомствалық 
бағыныстылығын қосымша қамтуы тиіс.
Заңды  тұлғаның  тұрған  жерi.  ҚР  АК 39-бабына  сəйкес  заңды 
тұлғаның  тұрақты  жұмыс  iстейтiн  органы  тұрған  жер  оның  тұрған 
жерi болып танылады. Тəжірибеде, заңды тұлғаның тұрған жерін оның 
мемлекеттік  тіркеу  жерімен  байланыстырады.  Үшiншi  тұлғалармен 
қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекенжайының бiрыңғай 
мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекенжайға сəйкес келмейтiнiне сiл-
теме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға 
мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекенжайына да, нақты мекенжайы-
на да почталық жəне өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.
3.2.4. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
ҚР АК 35 бабында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігіне негізгі 
талаптар  белгіленген.  Заңды  тұлғаның  құқық  қабiлеттiлiгi 
мазмұны тұрғысынан, заңды тұлға жүзеге асыра алатын қызметтердің 
түрлеріне  əкеліп  байланыстырылған.  Жалпы  ереже  ретінде  заңды 
тұлғаның  кез  келген  заңды  қызмет  түрімен  айналыса  алатындығы 
бекітілген. Аталған ережеде коммерциялық заңды тұлғалардың жал-
пы құқыққабілеттілігі туралы айтылуда. Коммерциялық емес ұйымдар 
үшін  арнайы  құқыққабілеттілігі  бекітілген,  яғни  заңды  тұлға  өзінің 
жарғысында  бекітілген  жəне  жарғылық  мақсаттар  мен  міндеттерге 
қол жеткізуге мүмкіндік беретін қызмет түрлерін ғана жүзеге асыра 
алады.
Құқыққабілеттіліктің  жалпы  шектерімен  қатар  кейбір  заңды 
тұлғаларға  заңмен  арнаулы  шектеулер  бекітілген.  Шектеулер  заңды 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау