25
етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кез-
ден бастап толық көлемінде əрекет қабілеттілігіне ие болады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтар-
дың əрекетке қабілеттілігі тең болады. Заң құжаттарында көзделген
реттер мен тəртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі
мен əрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Азаматтардың құқыққа
қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында
белгіленген шарттары мен тəртібінің немесе олардың кəсіпкерлік не
өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді
белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз
деп тануға əкеліп соқтырады.
Азаматтың құқыққа қабілеттілігінен немесе əрекет қабілеттілігі-
нен толық немесе ішінара бас тартуы жəне құқық қабілеттілігін неме-
се əрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мəмілелер жа-
рамсыз болады, бұған мұндай мəмілелерге заң құжаттарында рұқсат
берілген реттер қосылмайды.
Азаматтар АК жəне өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға
құқылы. Жеке кəсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу си-
патында жасалады жəне жеке кəсіпкер ретінде есепке алынады.
Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырыла-
тын кəсіпкерлік қызметіне, егер заңдарда немесе құқықтық
қатынастар мəнінен өзгеше нəрсе туындамайтын болса, тиісінше
АК коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың
қызметін реттейтін ережелері қолданылады.
Төмендегі шарттардың біріне сəйкес келетін:
1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдала-
натын;
2) кəсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сəйкес есептел-
ген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар
үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбай-
тын мөлшерлерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке
кəсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеусіз аталған жеке кəсіп-
керлердің қызметіне тыйым салынады.
Қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланбайтын жеке
тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген
мынадай табыстарды алу кезiнде дара кəсiпкер ретiнде тiркелмеуге
құқылы:
26
1) төлем көзiнен салық салынат ын табыс;
2) мүлiктiк табыс;
3) өзге де табыстар.
Егер жеке кəсіпкер лицензиялануға тиіс қызметті жүзеге асыр-
са, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бо-
луы міндетті. Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгіленген
тəртіппен беріледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке
кəсіпкерлерге лицензия берудің оңайлатылған тəртібін белгілеуге
хақылы.
Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сəйкес ақы өндіріп алуға бол-
майтын мүліктер кірмейді. Азаматтардың ақы өндіріп алуға бол-
майтын мүлкінің тізбесі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс
жүргізу кодексімен белгіленеді.
Жеке кəсіпкердің банкроттығы
Жеке кəсіпкердің дəрменсіздігі оны банкрот деп тануға негіз
болып табылады. Жеке кəсіпкерлік банкроттығы АК 21 бабының
4-5-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, заңды
тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша ерікті немесе мəжбүр-
лі тəртіппен танылады. Жеке кəсіпкерді банкрот деп таныған кезден
бастап оны жеке кəсіпкер ретінде тіркеудің күші жойылады.
Жеке кəсiпкерге банкроттық рəсiмiн қолданған кезде оның кəсiп-
керлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер жөнiнде несие
берушiлерi, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi
жетсе, өз талаптарын қоюға хақылы. Аталған несие берушiлердiң
осындай тəртiппен мəлiмделмеген талаптары, сондай-ақ конкурстық
жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн
сақтап қалады жəне банкроттық рəсiм аяқталғаннан кейiн жеке
тұлға ретiнде борышкерден өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл
талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған
қанағаттандыру сомасына кемiтiледi.
Несие
берушiлердiң
талаптары
қанағаттандырылғанға
дейiн конкурстық жиынтықтан сот шығыстары, сондай-ақ олар
тағайындалған жағдайда конкурстық жəне оңалтушы басқарушылар-
ға сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстар өтеледi. Жеке кəсiпкер бан-
крот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын
қанағаттандыру соған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезектiлiкпен
жүзеге асырылады:
1) бiрiншi кезекте алимент өндiрiп алу жөнiндегi талаптар, сондай-
27
ақ өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi талаптар
қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адам-
дарға еңбекақы жəне өтемақыларды төлеу, Мемлекеттiк əлеуметтiк
сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi
төлеу жөнiндегi, тұлғаның кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы
жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу
жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте несие берушiлердiң жеке кəсiпкерге тиесiлi
мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптарын қамтамасыз ету со-
масы шегiнде қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiн-
деттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
5) бесiншi кезекте заңнамалық актiлерге сəйкес басқа да несие
берушiлермен есеп айырысулар жүргiзiледi.
Əр кезектегі несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру
заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңды актілерінде көзделген
тəртіп бойынша жүргізіледі.
Банкрот деп танылған борышкер несие берушiлермен есеп ай-
ырысып болғаннан кейiн кəсiпкерлiк қызметке байланысты қалған
мiндеттемелердi орындаудан босатылады, бұған банкрот деп
жарияланған адамның азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына
зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын талаптары, сондай-ақ Қазақ-
стан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жеке сипаттағы өзге
де талаптар қосылмайды.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар
мəмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қор-
ғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны
заңдарда кəмелетке толмағандар жасайтын мəмiле үшiн белгiленген
нысанға сай келуге тиiс. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi
кəмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де
кiрiстерiне жəне өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы
объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ
мəмiлелер жасасуға құқылы. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда
қорғаншылық жəне қамқоршылық органы кəмелетке толмаған адам-
ның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне жəне өзi жасаған
интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету
құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар осы
Достарыңызбен бөлісу: |