11
ҚР АК 3-бабының 1-тармағында азаматтық-құқықтық заңнама-
лық актілердің жабық тізімі бекітілген. ҚР азаматтық заңдары Азамат-
тық кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сəйкес қабылданған
өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi
бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Се-
наты мен Мəжiлiсiнiң қаулыларынан тұрады.
Заңға тəуелді актілерге: ҚР Президентінің жарлығы жəне ҚР
Үкіметінің қаулылары жатады. Мұның да тізімі жабық. Аталған
актілер заңнамалық актілерге жатпайды.
Азаматтық заңдардың басты актісі болып Жалпы жəне Ерек-
ше бөлімдерден тұратын ҚР АК болып табылады. ҚР Жоғары
Кеңесінің қаулысымен Жалпы бөлім 1994 жылдың 27 желтоқсанын-
да қабылданып, қолданысқа 1995 жылдың 1 наурызында енді. Ерек-
ше бөлім 1999 жылдың 1 шілдесінде қабылданып, осы мерзіммен
қолданысқа енгізілді.
Заңдар – жоғары өкілдік орган (Парламент) тарапынан ерек-
ше тəртіпте қабылданатын, өзге НҚА қарағанда жоғары заңи күшке
ие болатын жəне аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін
нормативтік-құқықтық актілер болып табылады. Мысалы, ҚР 1998
жылғы «ЖШС жəне ҚЖС туралы», 2001 жылғы «Коммерциялық
емес ұйымдар туралы», 1997 жылғы «Банкроттық туралы» заңдары
жəне т.б.
«Банктер жəне банктік қызмет туралы», «Шаруашылық
серіктестіктер туралы» сияқты ҚР Президентінің заң күші бар
Жарлықтары. Қазіргі күні бұлардың көбі заң мəртебесін алды.
Азаматтық заңдар құрамындағы заңдарға тəуелді актілер – ол
Президенттің Жарлығы жəне Үкіметтің қаулылары. Оларға міндетті
АК сəйкестік талабы қойылады.
Министрліктер жəне өзге де орталық атқару органдары, со-
нымен қатар жергілікті өкілді органдар мен атқарушы орган-
дар азаматтық құқықтық актілерді шығара алады, бірақ олардың
құқық шығармашылығы күрт шектеулі. Аталған органдар актілерді
азаматтық құқық саласында тек АК жəне өзге де азаматтық заңдарда
көзделген жағдайлар мен шектерде ғана шығара алады.
Нормативтік құқықтық актілердің сатысы
ҚР Конституциясы – жоғарғы заңды күшке ие
12
Конституцияға қосымшалар мен толықтырулар енгізетін заңдар
Конституциялық заңдар жəне ҚР Президентінің конституциялық
заң күші бар жарлықтары
Кодекстер
Заңдар жəне ҚР Президентінің заңды күші бар жарлықтары
ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары
ҚР Президенті нің нормативтік жарлықтары
Үкіметінің нормативтік қаулылары
Министрлердің нормативтік бұйрықтары, министрліктерд ің жəне
өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары
Маслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері,
əкімшіліктердің нормативтік қаулылары
Сондай-ақ, ҚР Конституциясында бекітілген «қолданыстағы
құқық» ұғымына назар аударған жөн. Оған Конституцияның,
соған сəйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң,
халықаралық шарттар мен Республиканың басқа да мiндеттемелерi-
нiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң жəне Жоғарғы
Соты нормативтiк қаулыларының нормалары жатқызылады.
Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы
Уақытына қарай қолданылуы. Жалпы ережеге сəйкес заң ресми
жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде күшіне енеді. Заңның өзге
де тəртіп бойынша күшіне енуі мүмкін. Ол шұғыл күшіне енгізу қажет
болған жағдайда қолданылады. Онда заңның өз мəтінінде қашан
күшіне енетіні белгіленеді – ресми жарияланған күннен бастап.
Мысалы, кодекстерді қабылдау барысында негізгі заңды қолда-
нысқа енгізу тəртібі туралы арнайы кіріспе актісі қабылданады.
Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды жəне өздерi
күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады
(АК 4-бабы). Сонымен бірге, азаматтық заңнама актілерінің заңдық
күшi өздерi күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастарға, бұл
оларда тiкелей көзделген реттерде қолданылады.
13
Көптеген азаматтық құқықтық қатынастар созылмалы болып
табылады. Мұндай қатынастардың қолданылу кезеңінде аталған
қатынастарды реттейтін заңдар өзгеруі немесе күшін жоғалтуы
мүмкін. АК 4-бабында мынадай ереже бекітілген: азаматтық заң
құжаттары күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастар бой-
ынша ол өзi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған құқықтар мен
мiндеттерге қолданылады.
Ұзақ мерзімді шарттар үшін ерекше ережелер бекітілген. Егер
шарт жаңа заң күшіне енгенге дейін жасалынса, ал орындалуы
кейін жүзеге асырылатын болса, қалай болуы тиіс? ҚР АК 383 ба-
бына сəйкес, егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде
қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi
ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi
оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да
қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда өз
күшiн сақтайды.
Кеңістіктегі жəне тұлғаларға қатысты қолданылуы: азаматтық
заңнаманың актілері ҚР бүкіл аумағында заңи күші болады жəне ҚР
аумағындағы барлық тұлғаларға (ҚР азаматтарына, заңды тұлғаларға,
мемлекетке жəне əкімшілік-аумақтық бірлістерге) қолданылады.
Сондай-ақ, олар шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұл-
ғаларға, ҚР аумағында жұмыс істейтін заңды тұлғаларға қатысты
қолданылады. Өйткені, ҚР АК 3-бабының 7-тармағына сəйкес егер
заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдiк жеке жəне заңды
тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда
Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн
қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие
болуға құқылы жəне сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Жалпылай алғанда, қоғамдық қатынастарды жəне кейбір мүліктік
қатынастарды тікелей реттейтін құқықтық нормалардың жоқтығы
кейде кездесіп қалады. Мұндай жағдайлар құқықтағы ақтаңдақтар
деп аталады. Осы ретте, қандай да бір дауды шешудің əдісі ретінде
ұқсастықты қолдануға құқық жол береді. Ұқсастық екі түрде болуы
мүмкін:
- заң ұқсастығы, заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен
тiкелей реттелмеген жəне оларға қолдануға келетiн əдет-ғұрып
болмаған жағдайларда, мұндай қатынастарға, олардың мəнiне қайшы
келмейтiн болғандықтан, азаматтық заңдардың ұқсас қатынастарын
реттейтiн қалыптары қолданылады. Мысалы, сатып алу сату шар-
Достарыңызбен бөлісу: |