212
«Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» ҚР
2005 жылғы 13 маусымындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулар-
мен бірге)
«ҚР вексель айналысы туралы» ҚР 1997 жылы 29 cəуірдегі заңы
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» ҚР 1995 жылғы 23
желтоқсанындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот аш-
пай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын
жүзеге асыру ережесі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
басқармасы 2000 жылғы 13 қазанындағы қаулысы.
213
11-тақырып. Шарт
11.1. Шарт түсінігі
11.2. Шарттардың түрлері
11.3. Шарттың мазмұны
11.4. Шарт жасасу, өзгерту жəне бұзу
11.5. Тапсырмалар
11.6. Тестілер
11.7. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
11.1. Шарт түсінігі
«Шарт» термині азаматтық құқықта əртүрлі мағынаға ие. Шарт-
ты жағдай негізіндегі заңды деректі міндеттемелік құқықтық қаты-
настарды бекітетін құжат деп те түсінуге болады. Осыған сəйкес шарт
азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне не-
месе тоқталуына əкелетін бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жа-
салатын келісім.
Шарт – бұл ең көп тараған мəміле. Осыған байланысты мə-
мілеге тарайтын барлық ережелер шартқа да тарайды. Шарттан
туындайтын міндеттемеліктерге азаматтық құқықта туындайтын
міндеттемеліктердің ережелері қолданылады. Кез келген мəміле
сияқты шарт та еріктілік қағидасының негізінде жасалады. Бір
ерекшелігі, шартта еріктілік əрқашан екі тараптан туындауы керек.
Сондықтан Азаматтық Кодексте шарт еріктілігін бекітетін бірнеше
нормаларды көруге болады.
Біріншіден, азаматтық құқық субъектілерінің шартты жасауға
немесе жасамауға байланысты еріктері бар. Азаматтық Кодексте
көзделген реттерде ғана еріктілік шектелуі мүмкін.
Екіншіден, шартты жасау барысында серік (партнер) таңдау еркі.
Мысалы айталық, кепілге беруші не кепіл ұстаушы ерікті түрде кез
келген сақтандырушыны таңдауға ерікті.
Үшіншіден, азаматтық қатынастарға түсушілердің шарт түрін
таңдауға еріктілігі. Азамааттық Кодекске сəйкес, тараптар заңда не-
месе өзге де нормативтік актілерде көзделген не көзделмеген шарт-
тарды жасауға құқықтары бар. Сондай-ақ, тараптар бірнеше шарттар-
ды араластырып жасай алады (аралас шарт).
214
Төртіншіден, тараптар шарт жағдайларын ерікті түрде қарастыра
алады. Азаматтық Кодекске сəйкес, шартта немесе өзге де актілерде
шарттағы жағдайлар қарастырылмаса, тараптар шартты өз ерік-
терімен қарастыра алады. Азаматтық Кодекске сəйкес, жалға алу-
шы ағымдағы жөндеу жұмысын заңнамада немесе шартта өзгеше
көзделмесе, өз есебінен жүргізеді. Ортақ келісім арқылы бұл арада
жөндеу жұмыстарын жалға алушы емес жалға беруші де өз есебінен
жасауы мүмкін. Шарттың үлкен артықшылықтарының бірі – заңда
болып жататын өзгерістер шартта көзделген нормаларды өзгерте ал-
майды, яғни сенімділік жоғары болады.
ҚР АК 378-бабында шарттың ұғымы берілген. Екi немесе одан
көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту
немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.
Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқық-
тық қатынастар туындауы мүмкін.
Шарт еркіндігі шарттың негізгі қағидасы болып табылады. Аза-
маттар жəне заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте,
заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт
жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға
мəжбүр етуге жол берiлмейдi.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да
жасаса алады.
11.2. Шарттардың түрлері
Аралас шарт – тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың
элементтерi бар шарт жасаса алады, онда тараптардың аралас шарт
бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе ара-
лас шарттың мəнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi
бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.
АК 387 бабында белгіленгендей, жария шарт: Коммерциялық
ұйыммен жасалған жəне өз қызметiнiң сипатына қарай оған
өтiнiшпен келетiн əркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды
сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның
мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек
сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс
қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана
қызметiн көрсету жəне т.б.).
Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан
215
басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артық-
шылық жасауға құқығы жоқ.
Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру
заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың,
жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге
ережелерi тұтынушылардың бəрiне бiрдей болып белгiленедi.
Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi
бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тарту-
ына жол берiлмейдi.
Заң
құжаттарында
көзделген
жағдайларда
Қазақстан
Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау жəне орындау
кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер
жəне т.б.) шығаруы мүмкiн.
Жария шарттың белгiленген талаптарына сəйкес келмейтiн
ережелерi жарамсыз болып табылады.
Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стан-
дартты нысандарда белгiлеген жəне басқа тарап оны ұсынылған
шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу
шарты деп танылады.
Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты
осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса
немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн
жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық
қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын
мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн
мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары бол-
са, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Көзделген мəн-жайлар болған кезде, өзiнiң кəсiпкерлiк қызметiн
жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шарт-
ты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарт тың
қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса,
қанағаттандырылуға жатпайды.
Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жаса-
латын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау не-
месе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға
мiндеттенедi.
Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген
нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде
жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң
сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |