Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет62/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68

199
зиянды  өндіру  туралы  заңнаманы  соттардың  қолдану  туралы»  №3 
нормативтік қаулысымен айқындалған.
Зиян  келтірушінің  кінəсіне  қарамастан  моральдық  зиян  мына 
жағдайларда, егер:
1) зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi 
арқылы келтiрiлсе;
2)  зиян  азаматқа  оның  заңсыз  сотталуының,  заңсыз  қылмыстық 
жауапқа  тартылуының,  бұлтартпау  шарасы  ретiнде  заңсыз  қамауға 
алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуi туралы қолхат 
алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне 
немесе басқа емдеу мекемесiне орналастыру түрiнде əкiмшiлiк жаза-
ны заңсыз қолданудың салдарынан келтiрiлсе; P01003S
3) зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан 
келтiретiн мəлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе;
4) заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өтеледi.
Заң  актiлерiнде  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  азаматтың 
мүлiктiк  құқықтарын  бұзатын  əрекеттер  (əрекетсiздiк)  арқылы 
келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайды.
Азаматтық-құқықтық  жауапкершілікте  жиі  қолданылатын  нор-
малардың  бірі,  ол  ҚР  АК 353 бабындағы  «Басқаның  ақшасын 
заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк» болып табылады.
Ақша  мiндеттемесiн  орындамау  салдарынан  бiреудiң  ақшасын 
заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не 
оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн 
тұрақсыздық  айыпақы  төленуге  тиiс.  Айыпақының  мөлшерi  ақша 
мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi ҚР Ұлттық 
Банкi  белгiлеген  қайта  қаржыландырудың  ресми  ставкасы  негiзiнде 
есептеледi.
Борышты сот тəртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот несие берушiнiң 
таңдауы  бойынша  ҚР  Ұлттық  Банкiнiң  қуыным  жасалған  неме-
се  шешiм  шығарылған  немесе  iс  жүзiнде  төленген  күнгi  қайта 
қаржыландырудың  ресми  ставкасын  негiзге  ала  отырып,  несие 
берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында не-
месе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер 
қолданылады.
Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда не-
месе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тəртiбi белгiленбесе, 
бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп 
алынады.


200
Егер  несие  берушiнiң  ақшасын  заңсыз  пайдаланудан  оған 
келтiрiлген залал  оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол 
борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге 
құқылы.
Жауапкершiлiк жəне мiндеттеменi заттай орындау
Мiндеттеме тиiстi дəрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу 
жəне залалдард ы өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше 
көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.
Мiндеттеме  орындалмаған  жағдайда  залалды  өтеу  жəне  оны 
орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шарт-
та өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан 
босатады.
Мерзiмi  өтiп  кеткендiктен  өзi  үшiн  ендi  керегi  болмай  қалған 
мiндеттеменiң  орындалуынан  несие  берушiнiң  бас  тартуы,  сондай-
ақ  бас  тарту  төлемi  ретiнде  белгiленген  ақшалай  соманы  төлеу 
борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.
Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаудың сал-
дары
Белгiлi  бiр  затты  меншiкке,  шаруашылық  жүргiзуге,  же-
дел  басқаруға  немесе  несие  берушiнiң  пайдалануына  жеке  беру 
мiндеттемесiн  орындамаған  жағдайда,  бұл  затқа  үшiншi  жақтың 
артықшылық құқығы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып 
қоюды жəне несие берушiге берудi талап етуге құқылы.
Затты  беру  борышқорды  залалдың  орнын  толтырудан  босатпай-
ды.
Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау
Борышқор  затты  жасап,  несие  берушiге  беру  немесе  оған 
белгiлi бiр жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн 
орындамаған  жағдайда  заңдардан,  шарттан  немесе  мiндеттеменiң 
мəнiнен  өзгеше  туындамайтындықтан,  несие  берушi  мiндеттеменi 
орындауды үшiншi адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды 
мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға жəне шыққан 
қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап 
етуге құқылы.
ҚР  АК  жауапкершіліктің  субсидиярлық  жауапкершілік  сияқты 
түрін қарастырады.
Заңдарға  немесе  мiндеттеменiң  шарттарына  сəйкес  негiзгi 
борышқор  болып  табылатын  (субсидиялық  жауапкершiлiк)  басқа 
адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адамға талап 
қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс.


201
Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандыру-
дан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан 
қойылған  талапқа  ақылға  қонымды  мерзiмде  жауап  алмаса,  бұл 
талаптың  орындалмаған  бөлiгi  субсидиялық  жауапкершiлiгi  бар 
адамға қойылуы мүмкiн.
Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқы-
зу  арқылы  қанағаттандырылуы  мүмкiн  болса,  несие  берушi  өзiнiң 
негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар 
адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес.
Субсидиялық жауапкершiлiгi бар адам оған несие берушi қойған 
талапты  қанағаттандыруға  дейiн  бұл  туралы  негiзгi  борышқорға 
ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi 
борышқорды iске қатыстыруға тиiс.
Олай  болмаған  жағдайда  негiзгi  борышқордың  несие  берушiге 
қарсы  айтайын  деген  қарсылықтарын  субсидиялық  жауапкершiлiгi 
бар адамның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.
ҚР АК 358-бабы мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiктiң мөл-
шерiн  шектеуге  рұқсат  етеді.  Мiндеттеменiң  кейбiр  түрлерi  бойын-
ша жəне қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне байланысты мiндеттемелер 
бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады 
(шектелген жауапкершiлiк).
Егер мiндеттемелердiң осы түрi немесе осындай құқықбұзушылық 
үшiн  жауапкершiлiк  мөлшерi  заңдармен  белгiленген  болса,  қосылу 
шарты  бойынша  немесе  тұтынушы  ретiндегi  азамат  несие  берушi 
болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершiлiк 
мөлшерiн шектеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз болады.
Кінə жəне мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк
Кінə  міндеттеменің  бұзылғандығы  үшін  орын  алатын  жауап-
кершіліктің  негізі  болып  табылады.  Борышқор  кiнəлi  болған  кез-
де,  егер  заңдарда  немесе  шартта  өзгеше  көзделмесе,  мiндеттеменi 
орындамағаны  жəне  (немесе)  тиiстi  дəрежеде  орындамағаны  үшiн 
жауап бередi.
Егер  борышқор  мiндеттеменi  тиiстi  дəрежеде  орындау  үшiн 
өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дəлелдесе, ол 
кiнəсiз деп танылады.
Кəсiпкерлiк  қызметтi  жүзеге  асырған  кезде  мiндеттеменi 
орындамаған  немесе  тиiстi  дəрежеде  орындамаған  адам,  егер  бой 
бермейтiн  күштiң,  яғни  осы  жағдайлар  кезiндегi  төтенше  жəне 
тойтаруға  болмайтын  мəн-жайлардың  (дүлей  құбылыстар, 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау