208
басқа тұлғалардың құқыққа қайшы іс-əрекеттерінің салдарынан көлік
құралы оның иемдеуінен шығып кеткенін мəлімдеді. Сот шешімі бойын-
ша қуыным талабы қанағаттандырылды. Сот шешімінің тұжырымы,
ҚР АК 931 б. 1 т. сəйкес, иемденушілер, олардың кінəларына тəуелсіз
жоғары қауіптілік көздерінен болады дегенге негізделген.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Жауапкердің қарсылығы орынды ма?
2. Сот шешімі заңды ма?
3. Қандай жағдайларда жоғары қауіптілік көздері иелері азаматтық-
құқықтық жауапкершіліктен босатылады?
Есеп 10-5
Азамат Бородин азамат Матвеевтың атына борышты өндіріп
алу талабымен сотқа шағымданды. Бірақ сот, Бородиннің қуыным
мерзімі өтіп кету себебінен азаматтық іс қозғау талабын қабыл ал-
мады. Бородин жоғары тұратын сотқа, азаматтық іс қозғаудың
қабылданбауына қуыным мерзімінің өтіп кетуі негіз бола алмай-
ды деген жеке шағымымен қарасты. Жоғары тұратын сот Бородин
шағымын қанағаттандырды жəне іс мəні бойынша қарастырылды.
Белгіленген екі соттық талқылау барысында жауапкер Матвеев
дəлелсіз себептермен сотқа келмеді. Сотшы (судья) талап берушінің
сырттай өндіруге қарама-қарсылығы жоқтығын ескере отырып,
сырттай шешім қабылдады. Сот өзінің шешімінде талап қоюшының
айтылған талабын (қуыным мерзімі өтіп кету) қанағаттандыруда
материалдық құқығын жоғалту себебімен, талабын қабыл алмады.
Есептен туындайтын сұрақтар:
Жоғары сатыда (инстанцияда) тұрған сот дұрыс істеді ме? Бірінші
сатыдағы соттың сот ісін сырттай жүргізуге құқығы бар ма? Соттың
сырттай шешімі заңды ма?
10.8. Тестілер
1. Егер ол шартта өзгеше белгіленбесе, мiндеттеме бойынша
тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып
беру орны болып табылады:
а) мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымал-
даушыға тапсыратын жер
209
b) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге
белгiлi болса, мүлiк дайындалған жер
с) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге
белгiлi болса, мүлiк сақталған жер
d) несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты
жерi
2. Жаңғыртылу дегеніміз не?
а) шарттың əрекет ету мерзімін жаңа мерзімге жаңарту
b) шарттың əрекет ету мерзімін ұзарту
с) тараптардың арасында болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру
туралы келiсiммен басқа мiндеттемемен тоқтатылады
d) міндеттеме тараптарының ауысуы
3. Міндеттеменің тоқтатылу негіздерінің бірі:
а) кепіл
b) кепілпұл
с) орындаудың мүмкін еместігі
d) кепілдік
4. Регресстік талаптар болып табылады:
а) басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқордың
орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап қоюы
b) басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқордың
келтірілген шығындарды өтеу туралы сол адамға керi талап қоюы
с) басқа адамның мiндеттемесiн ортақтасып орындаған
борышқордың келтірілген шығындарды өтеу туралы сол адамға керi
талап қоюы
d) міндеттеменің орындалмаған бөлігін орындауды талап ету ту-
ралы несие берушінің талабы
5. Егер ол шартта көзделмесе ақшалай міндеттеменің орын-
далу жері:
а) несие берушiнiң мiндеттеме орындалу кезіндегi тұрғылықты
жерi
b) несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты
жерi
с) борышқордың мiндеттеме орындалу кезіндегi тұрғылықты жерi
d) борышқордың мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты
жерi
210
6. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi:
а) оған келтiрiлген залалдарды дəлелдеуге мiндеттi емес
b) оған келтiрiлген залалдарды дəлелдеуге мiндеттi
с) оған келтiрiлген залалдарды өз еркі бойынша дəлелдеуіне не-
месе дəлелдемеуіне болады
d) тек кəсіпкерлік міндеттемелерге байланысты ғана оған
келтiрiлген залалдарды дəлелдеуге мiндеттi
7. Кепiлдiң пайда болу негiздерi:
а) заң актілеріне сəйкес
b) шартқа сəйкес
с) шартқа жəне оларда көрсетiлген мiндеттемелердiң пайда болуы
кезiндегі заң актілеріне сəйкес
d) шартқа жəне заңнамаларға сəйкес
8. Жалпы ережелерге сəйкес борышқор міндеттеменің орын-
далмағаны үшін жауап береді:
а) кiнəлi болған кезде
b) себептік байланыс болған кезде
с) құқық бұзушылық болған кезде
d) ниеті болған кезде
9. Мүлік келесі шарт бойынша пайдалануға беріледі:
а) сенімгерлікпен басқару
b) мүлік жалдау
с) рента
d) мердігерлік
10. Міндеттеме орындалмаған жағдайда белгiлi бiр затты не-
сие берушiнiң меншігіне немесе пайдалануына беруде:
а) ол оны борышқордан алып қоюды жəне несие берушiге берудi
талап етуге құқылы
b) ол айып төлеуді жəне нақты залалды өтеуді талап етуге құқылы
с) ол келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы
d) ол айып төлеуді жəне айырылып қалған пайданы өтеуді талап
етуге құқылы
211
11. Кəсіпкерлік қызметімен байланысты міндеттемені
мерзімінен бұрын орындау:
а) ешқандай жағдайларда рұқсат етілмейді
b) егер ол заңдармен немесе міндеттеме шарттарымен көзделсе
рұқсат етіледі
с) барлық жағдайларда рұқсат етіледі
d) борышкердің қалауы бойынша рұқсат етіледі
12. Залалдар бөлшек бөлшектеп өтелетін, айыпақы:
а) айыппұл
b) сынақ
с) альтернативті
d) айрықша
13. Əр борышкер міндеттемені толық орындауға міндеттей-
тін бірнеше жақ қатысты міндеттеме:
a) үлесті
b) ортақ
c) регресті
d) альтернативті
14.Ипотека – ол:
a) кепілге салынған мүлік кепіл берушінің иеленуі мен пайдалану-
ында болатын кепіл түрі;
b) кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушының иеленуі мен пайда-
лануына берілетін кепіл түрі;
c) кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушының иеленуіне берілетін
кепіл түрі;
d) кепіл заты тек жылжымайтын мүлік болып табылатын кепіл
түрі.
10.9. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы жəне Ерекше бөлімдері) (өзгерістер
мен толықтырулармен бірге)
«Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу туралы» ҚР 1998 жылғы
30 маусымындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Ақша төлемі мен аударымы туралы» ҚР 1998 жылғы 29 мау-
сымдағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
Достарыңызбен бөлісу: |