Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет6/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

17
c) егер бұл қатынастар мүліктік болса қолданылады
d) егер бұл қатынастар мүліктік қатынастармен байланысты мү-
ліктік емес жеке қатынастар болса қолданылады
7.  Төменде  көрсетілген  əдістердің  ішінен  азаматтық  құқық-
тарды қорғау əдістеріне жатпайтын əдісті көрсетіңіз: 
а) құқықты мойындау
b) құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру
c) несие
d) шығындарды өтеу, айып төлеу
8. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшелігі неде?
а) азаматтық құқық қатынастары басқару құрылымдарының еркі-
не тəуелді
b) азаматтық қатынастар қатысушылардың теңдігіне негізделеді
c) императивтік сипатқа ие
d) азаматтық құқық қатынастары əкімшілік бағыныштылыққа не-
гізделеді
9. Азаматтық заңнама актілерінің кері күші бола ма?
а) иə
b) жоқ
c) егер актінің өзінде тікелей көрсетілсе болады
d)  егер  бұл  туралы  азаматтық  құқық  қатынастары  қатысушы-
ларының арасында келісім болса, болады
10. Азаматтық-құқықтық нормалар мазмұндалады:
а) сот прецеденттерінде
b) ұлттық əдет-ғұрыптарда
c) азаматтық құқық ғылымында
d) нормативтік құқықтық актілерде
11.  Аталған  актілердің  қайсысы  азаматтық  құқықтың  қай-
нар көзі болып табылады?
а)  ҚР  Президентінің  «ҚР  Конституциялық  Кеңесі  туралы»  Жар-
лығы
b) «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң
c) «ҚР  сот  жүйесі  мен  судьяларының  мəртебесі  туралы»  Конс-
титуциялық Заң.
d) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заң.


18
12. Қай нормативтік актінің заңды күші жоғары?
a) кодекс
b) заң
c) Жоғарға соттың нормативтік қаулысы
d) Үкімет қаулысы
1.5. Нормативтік-құқықтық актілердің тізімі
ҚР Конституциясы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
ҚР 1994 жылдың 27 желтоқсанында  қабылданған  азаматтық 
кодексі (Жалпы бөлімі), соңғы өзгерістер мен толықтырулармен бірге.
ҚР  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы» 1998 жылдың 24 
наурызындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).


19
2-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынас түсінігі
2.1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіз-
дері
2.2. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
Түрлі  нормативті  актілердегі  азаматтық-құқықтық  нормалар 
азаматтық  құқық  пəнін  құрайтын  қоғамдық  қатынастарды  реттеуге 
шақырылған.  Азаматтық-құқықтық  реттеу  механизмін  ашуда  басты 
рөлді азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.
Қоғамдық  қатынастардың  азаматтық  құқық  нормаларын  рет-
теу  нəтижесінде  олар  құқықтық  нысанды  иемденіп,  азаматтық 
құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл 
азаматтық  құқық  нормасымен  реттелген  қоғамдық  қатынас.  Оның 
пəніне мүліктік жəне жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік 
қатынастарды  азаматтық  құқықпен  реттеу  нəтижесінде  азаматтық 
мүліктік  құқық  қатынастары  туындайды.  Егер  жеке  мүліктік  емес 
қатынастар  азаматтық  құқық  нормаларымен  реттелмесе,  жеке  мү-
ліктік емес құқық қатынастар тағайындалады.
Азаматтық  құқық  ең  алдымен,  қоғамның  экономикалық  базисі 
төңірегіндегі жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың 
құқықтық  реттелуі  азаматтық  құқықтық  қатынастарда  көрінбейтін 
бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.
Азаматтық  құқықтық  қатынастардың  ерекшеліктері.  Азаматтық 
құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастар тараптардың заңдық теңдігі 
əдісімен реттеледі. Тараптардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық 
қатынастың негізгі қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуы-
нан  құқықтық  қатынас  табиғаты  да  өзгереді.  Азаматтық  құқықтық 
қатынас  оның  құрамы  мен  элементтері  түрінде  қарастырылады, 
оларға  құқықтық  қатынастың  мазмұны,  нысаны,  субъектілері  мен 
объектілері кіреді.
Азаматтық  құқықтың  элементтерін  талқылайтын  болса,  алды-
мен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас 
субъектілерінің  құқықтық  жағдайына  зейін  салу  керек.  Азаматтық 
құқық  қатынас  субъектілері  деп  қатынасты  қалыптастырушы  та-
рапты қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге бо-
лады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жəне мемлекет деп. Азаматтық 
құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект 
түрінде жеке индивидтер, əйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. 


20
Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азамат-
тары  ғана  емес,  шетел  азаматтары  жеке  азаматтығы  жоқ  тұлғалар 
бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:
Қазақстан  азаматтары,  шетел  азаматтары  жəне  азаматтығы  жоқ 
тұлғалар
Қазақстандық жəне шетелдік заңды тұлғалар
Қазақстан Республикасы əкімшілік-территориялық бірлестер
Азаматтық  құқық  қатынас  объектілері.  Азаматтық  құқық 
қатынас  объектісі  түрінде  оның  субъектілерінің  материалдық  жəне 
жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған əрекеттері мен нақты 
азаматтық  құқықты  қалыптастырушы  жағдайларды  жатқызамыз. 
Азаматтық  мүліктік-құқықтық  қатынастың  спецификасы  оның 
мүшелері  өз  əрекеттері  мен  тек  бір-біріне  ғана  емес,  белгілі  бір 
материалдық игіліктерге əсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық 
құқықтың  объектілерін  мынадай  түрлерге  жіктеу  арқылы  зерттеуге 
болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс 
жəне қызмет, ақпарат, интелектуалдық меншік нəтижелері. Мүліктік 
қатынас  деп  мүліктік-құнды  қатынастарға  қатысушылар  осы  қаты-
настарды  құрған  материалдық  қажеттіліктер  болып  табылатын 
еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке 
мүліктік  емес  қатынастар  өз  кезегінде  осы  қатынастарға  қатысатын 
азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын 
қарастырған.
Азаматтық  құқықтың  тағы  бір  қажетті  элеметтінің  бірі  ретінде 
мазмұны  қарастырылады,  мазмұны  деп  осы  азаматтық  қатынасты 
қалыптастырушы  тараптардың  арасындағы  негізгі  құқықтары 
мен  міндеттерін  айтамыз.  Ал  азаматтық  құқықтың  нысаны  деп 
осы  жоғарыдағы  жағдайларды  рəсімдеу  тəртібін  айтамыз,  мысалы 
азаматтық  қатынасты  ауызша  немесе  жазбаша  нысанда  рəсімдеуге 
болады.
Азаматтық  қатынастар  тақырыбын  қарастыруда  тағы  бір  зейін 
сала кететін жағдай ол азаматтық қатынастарды жіктеу болып табы-
лады. Азаматтық қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады: 
Азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік жəне жеке мү-
ліктік емес;
Реттеу тəсіліне байланысты: заттық жəне міндеттемелік;
Тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті жəне са-
лыстырмалы;


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау