Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет57/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68

184
аталынатын қамтамасыз ету əдісі ғана бұл қағидадан тыс жатыр деуге 
болады.
Айып  төлеу  –  борышқор  мiндеттемесiн  орындамаған  немесе 
тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп 
алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шарт-
пен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп таныла-
ды (ҚР АК 293-бабы).
Айып төлеу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің заңды 
тұлғаларға  да  жəне  жеке  тұлғаларға  да  қатысты  ең  кең  таралған 
əдістерінің бірі болып табылады.
Айып  төлеу  шартты  немесе  заңды  болуы  мүмкін.  Заңды  айып 
төлеу  заңнамада  бекітіледі  жəне  осында  оны  өндірудің  мөлшері, 
тəртібі жəне талаптары айқындалады. Бұл нормалар императивті бо-
лып табылғандықтан, тараптардың заңды айып төлеуді өндіріп алу-
дан  бас  тартуға,  оның  мөлшерін  азайтуға  құқығы  жоқ.  Тіпті,  айып 
төлеуді өндіріп алу тараптардың келісімінде қарастырылмаған болса 
да, несие беруші оның төленуін талап етуге құқылы. Өйткені ол заңи 
тұрғыдан бекітілген.
Егер заңдарда тікелей тыйым салынбаса, тараптардың келiсiмiмен 
заңды  айып  төлеу  мөлшерi  көбейтiлуi  мүмкiн.  Егер  төленуге  тиiстi 
айып  (айыппұл,  өсiм)  несие  берушiнiң  шеккен  залалдарымен 
салыстырғанда  тым  көп  болса,  сот  борышқордың  мiндеттеменi 
орындау  дəрежесiн  жəне  борышқор  мен  несие  берушiнiң  назар 
аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн 
(айыппұлды,  өсiмдi)  азайтуға  құқылы.  Соттың  айып  төлеуден 
борышқорды толықтай босатуға құқығы жоқ.
Шартты  айып  төлеу  заңмен  емес,  тараптардың  келісімімен 
бекітіледі.
Айып  төлеу  екі  түрде  болуы  мүмкін:  айыппұл  жəне  өсім.  Бұ-
лардың  екеуі  де  тəжірибеде  айыппұлдық  деп  аталып,  ортақ  сипат-
тары  болғанымен,  өзіндік  ерекшеліктерге  де  ие.  Мысалы,  айыппұл 
бұл алдын ала бекітілген мөлшерде немесе орындау пəнінің құнына 
қатысты борышқордың төлеуге міндетті ақшалай сомасы болып та-
былады. Өсім бұл, кешіктірілген төлемнің əрбір күніне борышқордың 
төлеуге міндетті ақшалай сомасы болып табылады.
Айыппұлды бірреттік тəртіпте өндіріп алады. Ал өсім кешіктіріл-
ген əрбір күн үшін үзіліссіз ұлғая түседі.
Айып  төлеу  туралы  келiсiм,  негiзгi  мiндеттеменiң  нысанына 
қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиiстігі заңда бекітілген.


185
Айып  төлеуді  өндіріп  алу  барысында  несие  беруші  бірмезетте 
залалдарды  да  өндіріп  алу  құқығын  иеленеді.  Осы  ретте,  несие 
берушінің  негізсіз  баю  мəселесі  туындайды.  Осыған  орай,  ҚР  АК 
351-бабында айып төлеудің шығындарға қатынасына қарай оның төрт 
түрі белгіленеді:
айыппұлдық  айып  төлеу – толықтай  көлемде  бір  мезетте 
шығындар мен айып төлеуді өндіріп алады;
балама айып төлеу – несие берушінің таңдауы бойынша не айып 
төлеу не шығындар өндіріліп алынады;
айрықша айып төлеу – тек айып төлеу ғана өндіріліп алынады;
есепке  жатқызу  айып  төлеуі – айып  төлеуде  жəне  шығында 
өндіріледі,  бірақ  соңғысы  айып  төлеумен  жабылмаған  бөлігінде 
өндіріледі.
Егер  заңнамада  немесе  тараптардың  келісімінде  өзгеше 
көзделмесе, жалпы ережеге сəйкес айып төлеу есепке жатқызу болып 
табылады.
Уағдаласушы  тараптардың  бiреуiнiң  шарт  бойынша  өзiнен  алы-
натын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа жəне шарт жасау мен орын-
дауды  не  өзге  мiндеттеменi  орындауды  қамтамасыз  етуге  берiлетiн 
ақшалай сома кепiлпұл деп танылады (ҚР АК 337б-бабы)
Төлемдердің  бір  бөлігі  алдын  ала  төленеді  жəне  шарттың  жа-
салу  фактісі  осы  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Мерзімінен  бұрын 
төленетіндіктен, кепілпұл аванс пен алдын ала ақы төлеуге ұқсас бола-
ды. Дегенмен, кепілпұл ғана міндеттеменің орындалуын қамтамасыз 
етеді.  Кепiлпұл  туралы  келiсiм  кепiлпұлдың  сомасына  қарамастан 
жазбаша  нысанда  жасалуға  тиiс.  Тіпті,  егер  негізгі  міндеттеме 
нотариалдық куəландыруға тиіс болған ретте де, кепілпұл үшін жай 
жазбаша нысан жеткілікті болып табылады. Келiсiмнiң жазбаша ны-
санда  жасалуын  сақтамау  кепiлпұл  келiсiмiн  жарамсыз  деп  тануға 
əкелiп соқтырады.
ҚР  АК 338-бабында  анықталғандай,  мiндеттеменiң  орында-
луы  басталғанға  дейiн  тараптардың  келiсiмi  бойынша  не  олардың 
кiнəсiнсiз-ақ  оны  орындаудың  мүмкiндiгi  болмауы  салдарынан 
тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс.
Міндеттемені тараптардың бірі бұзған ретте басқа салдарлар ту-
ындайды. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап 
жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап 
жауапты  болса,  ол  екiншi  тарапқа  кепiлпұлдың  екi  еселенген  сома-
сын төлеуге мiндеттi. Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, 


186
мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiл-
пұл  сомасын  ескере  отырып,  шеккен  залалдың  орнын  толтыруға 
мiндеттi.
Кепілдік  жəне  кепіл  болушылық  міндеттемелердің  орын-
далуынының дəстүрлі əдістері болып табылады.
ҚР  АК 329-бабына  сəйкес  кепiлдiк  бойынша  кепiлдiк  берушi, 
заң  актiлерiнде  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  басқа  жақтың 
(борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң 
орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап 
беруге мiндеттенедi.
Кепілдік  беруші  борышқор  тарапынан  қатысатын  үшінші  тұлға 
болып табылады жəне ол онымен ортақтасып жауап береді. Əдетте, 
кепілдік ақшалай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Деген-
мен, ол міндеттеменің заттай орындалуын да қамтамасыз ете алады. 
Кепілдік несие берушіге борышқордың төлемқабілетсіздігі орын 
алған  ретте  де,  кепілдік  берушінің  мүлкінің  есебінен  орындауды 
қамтамасыз ету мүмкіндігін ұсынады.
Кепілдік  тек  қазіргі  бар  талаптарды  ғана  қамтамасыз  ете  алады 
жəне ол негізгі міндеттемеге қатысты қосымша, туынды сипатта бола-
ды. Кепiлдiк шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз 
ету үшiн де жасалуы мүмкiн. Бұл ретте, кепілдік негізгі міндеттеменің 
туындау сəтінде ғана пайда болады.
ҚР  АК 330-бабына  сəйкес  кепiл  болушылық  бойынша  кепiл  бо-
лушы  басқа  жақтың  (борышқордың)  несие  берушiсi  алдында  осы 
жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы 
жауап беруге мiндеттенедi.
Кепілдік  беруші  сияқты  кепіл  болушы  да  борышқор  тарапы-
нан  қатысатын  үшінші  тұлға  болып  табылады  жəне  борышқордың 
міндеттемені орындауына қосалқы атсалысуы мүмкін.
Несие берушінің алдындағы кепілдік беруші мен кепіл болушының 
жауапкершілік көлемдері де əралуан болады. Атап айтқанда, кепілдік 
беруші  несие  берушi  алдында  борышқор  сияқты  айыпақы,  сыйақы 
(мүдде)  төлеудi  қоса  алғанда,  борышты  өндiрiп  алу  жөнiндегi  сот 
шығындарын жəне борышқордың мiндеттеменi орындамауы немесе 
тиiсiнше орындамауы салдарынан туындаған несие берушiнiң басқа 
да  зияндарын  төлеуде  тап  сондай  көлемде  жауап  бередi.  Бұл  ереже 
жалпы болып табылады, яғни басқалай (кепілдік берушінің жартылай 
жауапкершілігі) шартта қарастырылуы мүмкін.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау