454
Пунсондар – ұсақ масштабты карталарда елді мекендерді пішіні
дөңгелек шартты белгі мен кескіндеу. Пунсондардың мөлшері елді
мекендердің халқының санын, ішіндегі бояуы мен аттарының жазылу
мақамы қалалардың саяси-əкімшілік қызметін көрсетеді.
Референц-эллипсоид – Жер бетінің белгілі бір телімдерінде, жеке не-
месе бірнеше елдерде геодезиялық қажеттілікке қолданылатын Жер бетінің
(нақтырақ айтқанда геойдттың) пішінін айналу элипсоидына жақындату.
Қазақстан мен Ресейде 1946 жылдан бастап Красовскийдің эллипсойды
қолданылады.
Референцті координаттар жүйелері – белгілі бір аймаққа сəйкес
келетіндіктен жекелеген аумақтарда немесе мемлекеттерде реферец-
элипсоидтың көмегімен орнатылатын координаттар жүйелері.
Румб – белгілі бір нүктемен жақын жатқан біліктік меридианның,
нағыз немесе магниттік меридианның арасында түзілген 90°-тан аспайтын
бұрыш. Ол r əрпімен белгіленеді.
Салыстырмалы биіктік – жергілікті жердегі екі нүктенің бір-бірінен
биіктік айырмасы.
Сандық жинақтау – бұл картаның масштабына, мазмұнына,
қамтылатын аумақтардың ерекшелігіне сай географиялық нысандарды
іріктеп санын азайту мақсатындағы картографиялық жинақтауды.
Сапалық жинақтау – картаны құру барысында бір текті құбылыстар
мен нысандарды, оларды айқындайтын қасиеттің санын азайту. Сапалық
жинақтауға бір текті құбылыстар мен нысандардың, құбылыстарды айқын-
дайтын қасиеттердің санын азайту жатады.
Стратоизогипстер – Жер қыртысының құрылысын сипаттайтын
геологиялық карталарда шөгінді жыныстардың қандай да бір қабатттарының
қалыңдығын көрсететін қисық сызықтар.
Столүсті баспа жүйесі базасындағы компьютерлік технологияла-
ры – файлды басып шығаруға дейінгі дайындаудан, ЭЕМ ақпараттарды
енгізуден бастап түрлі-түсті позитивтерді шығаруға дейінгі барлық
жұмыстарды қамтитын қуатты технологиялық кешен.
Столүсті ақпараттық жүйелері (САЖ) – түстер бөлінген позетивті
енгізу, өңдеу жəне ақпараттарды шығару жүйелерін қамтитын карталарды
басып шығарудың заманауи компьютерлік технологиялары. Пайдаланатын
құрал-жабдқтарға жеке компьютерлер, шағын форматты сканерлер, А-4
А-3 форматты ақ-қара жəне түрлі-түсті лазерлі жəне тамшылататын прин-
терлер жатады.
Сфероид – PGP
1
G
1
P эллипсоидын жердің РР
1
кіші білігінен
айналдырғанда түзілетін эллипсоидының айналу денесі.
Сызықтардың ұзындықтарының бұрмалануы – жер бетінің белгілі
бір бөлі гін жазықтыққа көшіргенде ұзындық масштабының өзгеруінен пай-
да бо лады.
Сызықтардың байланыспауы – Жер бетінің көлбеулігіне, өлшем
жұмыс та рын дағы қателіктерге байланысты бірінші жəне соңғы нүктелердің
455
бір-бірімен байланыспауы. Сызықтардың бір-бірімен үйлеспеуін бірінші
жəне соңғы нүктенің арақашықтығын ұзындық өлшегіш құралдармен өл-
шеп алып, циркульді көлбеу масштабына қою арқылы метр есебімен анық-
тап, абсолют қателікті табады.
Топографиялық карталар - жергілікті жердің шағын аумағындағы
табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандардың орналасу
ерекшеліктері мен негізгі қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ірі
жəне орта масштабты жалпы географиялық карталар. Олар ірі масштаб-
ты топографиялық сұлбалар (пландар) (1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000 жəне
1:5000), нағыз топографиялық (1:5000-1:200000), топографиялық шолу
карталары (1:500 000-1:1 000 000) деп үш топқа бөлінеді.
Топографиялық карталарды беттеу – кең көлемді аумақты қамтитын
топографиялық карталарды жеке беттерге бөлу жүйесі. Картаның əр
беті параллельдермен меридиандармен шектелетіндіктен кескінделген
аумақтың жер элипсоидындағы орны ішкі бұрыштаманың қиылыстарында
нақты көрсетіледі.
Топографиялық карталардың номенклатурасы – масштабы мен
географиялық орнының ерекшелігін ескеріп топографиялық карталарды
жеке беттерінің атауын анықтау қызметін атқаратын жүйе. Халықаралық
1:1 000 000 масштабты картаның бұрыштамаларына сəйкес меридиандары 6°
бөлінетін каллоннадан, параллельдері 4° бөлінетін қатардан тұрады.
Топографиялық түсіру – 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштаб-
ты топографиялық сұлбалар (пландар) мен 1:10 000, 1:25 000 масштабты
топографиялық карталарды құру мақсатында жергілікті жерде жүргізілетін
кешенді геодезиялық жұмыстар.
Теодолит – мемлекеттік геодезиялық тірек торлары жүйелері қосын-
да ры ның аралығындағы тірек торларын құру жəне оларды жиілендіру мақ-
сатында көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеу үшін қолданылатын казіргі
кездегі жетілдірілген оптикалық құрал.
Теодолиттік түсіру – теодолит пен əртүрлі қашықтық өлшегіш құрал-
дарды пайдаланып жергілікті жер сұлбасының (планының) далалық
түпнұсқасын құру.
Тең ауданды проекциялар – картографиялық тордың барлық бөлігінде
аудандық масштаб тең болатын проекциялар. Тең ауданды проекцияның
бұл қасиеті Р = a·b = Const = 1 формуламен анықталады. Бұл проекция-
лармен құрылған карталарда аудан бұрмаланбағанымен бұрыштар мен
пішіндердің бұрмалануы жақсы байқалады.
Теодолиттік жүру – бұрылу нүктелері жергілікті жерде бекітілген
сынық сызықты желілер. Ол тұйықталған, тұйықталмаған жəне бір жағы
тұйықталған көп бұрыш түрінде болады.
Тұйықталмаған теодолиттік жүрістер – басы мен аяғында геодезия-
лық негіздеудің координаттары белгілі қосындарына байланыстырылатын
түсіру тəсілі.