448
таларда құбылыстардың бірдей көрсеткіштерінің таралу ерекшеліктерін
кескіндеуге кеңінен қолданылады.
Изокалдар – картаның бетіндегі ұзындықтың, ауданның, көлденең
бұрыштар мен пішіннің бұрмалану көрсеткіштері бірдей нүктелерін
қосатын қисық сызық. Олардың көмегімен картадан ауданның, ұзындықтың
пішіннің, жəне көлденең бұрышттардың бұрмалануының мəндеріне
өзгертулер енгізуге де болады.
Изобат – мұхиттардың, теңіздер мен көлдердің тереңдіктері бірдей
нүктелерін қосатын қисық сызықтар. Ірі су нысандарының тереңдігі изо-
баттармен көрсетіліп, көршілес жатқан изобаттардың аралығы қоюлығы
əртүрлі көгілдір түстермен боялады.
Изотермалар – климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер
бетіндегі температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
Изогиеттер – климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер бетін-
де гі түсетін жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын қисық сы з ы қ.
Изобарлар – климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер
бетіндегі атмосфералық қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық.
Изогондар – тақырыптық карталарда
бір датада түсетін құбылыстарды
қосатын қисық сызықтар.
Изодазалар – тақырыптық карталардағы халықтың тығыздығы бірдей
нүктелерді қосатын қисық сызық.
IERS –Жер айналуының халықаралық қызметі (International Earth
Rotation Service).
Картографиядағы теориялық тұғырнамалар – картография пəні
мен оның əдістеріне қатысты белгілі бір көзқарастар жүйесі. Онда қазіргі
кезеңдегі картография ғылымы мен өндірісінің дамуын айқындайтын
үдерістерді түсіну мен анықтау деңгейі қарастырылады. Тұғырнамалардың
эволюциясы жаңа прогрессивті заманауи əдістер мен технологияны, озық
тəжірибелерді игеріп оларды жетілдіру дəрежесіне сəйкес ескіргендерінің
жаңаға орын беруі арқылы көрініс табатын ғылым теориясының біртіндеп
даму жолы айқындайды.
Картаны құрастыру – картада қамтылған аумақ -
тың мазмұнын айқындайтын негізгі картографиялық кескіндер мен қосым-
ша жабдықтаушы құрамдас бөліктерін қағаз бетіне орналастыру сипаты.
Картаны тиімді құрастыру міндетін жүзеге асыру салатын суретін дұрыс
ойластыруды көздейтін суретшінің шығармашылық іс-əрекетіне ұқсайды.
Картографиялық жинақтау – карталардың масштабына сай жер
бетінің қамтылатын аумағындағы географиялық нысандардың негізгілерін
таңдап, іріктеп алу.
Картаның геометриялық дəлдігі – қажетті географиялық нысан-
дардың жер бетіндегі жəне картадағы орнының бір-бірімен сай келуі. Карта-
дағы қажетті нысандардың ауданы мен пішіні, екі нүктенің ара-қашықтығы
геометриялық нақтылыққа сəйкес анықталады.
Картографиялық жинақтаудың географиялық нақтылығы – кар-
таны құру барысында
камтылатын аумақтағы маңызды нысандардың
449
ерекше белгілерін, құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен
географиялық мəнін ескере отырып іріктеу. Географиялық нақтылыққа
қажетті нысандардың картадағы пішінінің сақталуы жатады.
Картографиялық проекция – Жер
элипсоидының немесе шардың
бетін жазықтықта кескіндеудің математикалық əдістері. Картография-
да қосалқы геометриялық жазықтыққа көшіру барысында бұрмалануды
азайтуды көздейтін цилиндрлі, конусты, көп конусты (қалыпты, көлденең,
көлбеу) сонымен қатар еркін, шартты проекциялар қолданылады.
Картографиялық бұрмалану – жазықтықта кескіндеу барысын-
да геойд тəрізді жер бетінің белгілі бір бөлігі мен ондағы нысандардың
геометриялық қасиеттерінің өзгеруі. Глобустан жазықтыққа көшіргенде
жер бетіндегі нысандардың пішіндері, ұзындықтары, ауданы мен көлденең
бұрыштары ауытқиды.
Картаның математикалық негіздері – картографиялық кескіндерді
құрудың геометриялық заңдылықтары мен олардың геометриялық
қасиеттерін айқындайтын картаның құрамдас бөлігі. Оған картографиялық
проекциялар жəне онымен тығыз байланысты координаттар торы, масштаб
пен геодезиялық тірек торлары жатады.
Картографиялық семиотика – картография мен лингвистика ғылы-
мы ның аралығындағы географиялық карталардың тілі болып табылатын
картографиялық белгілер жүйесінің қасиетін зерттейді. Оның шегінде
картографиялық шартты белгілердің шығу тегіне, жіктелуіне, қасиеттері
мен қызметіне, картографиялық кескіндеу əдістеріне қатысты көптеген
мəселелер қарастырылады.
Картографиялық анимация – динамикалық бірізділікті сақтай от-
ырып кескінделетін нысандар мен құбылыстардың динамикасын, эволю-
циясын, олардың уақыт пен кеңістікте таралу қарқынын компьютердің
экранында көрсететін электронды карталар. Анимациялар жазық немесе
көлемді стереоскопиялық болуымен қатар фотобейнемен де үйлесуі тиіс.
Картаның коммуникативтілік қызметі – географиялық картаны де-
рек көзі ретінде пайдалана отырып ақпараттың берілуін жүзеге асыру.
Картаның жеделдік қызметі – географиялық картаның көмегімен
навигациялық, жол құрылысын салу басқа да тəжірибелік есептер шығару
мақсатына пайдалану мүмкіндігі.
Картаның болжамдық қызметі – оқып үйренетін құбылыстардың
болашақтағы дамуын анықтау мүмкіндігі.
Картаның болжамдық қызметі – өндіріс пен ғылымның əртүрлі сала-
ларында жəне мектеп оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында
пайдалануы.
Карталардың мазмұны – картаның оқуға, түсінуге мүмкіндік бере-
тін барлық элементтері. Карта мазмұнының элементтерінің құрамына
география лық ландшафтар (жер бедері, гидрография, өсімдіктер мен топы-
рақ жамылғысы) мен əлеуметтік-экономикалық нысандар (елді мекендер,
жол, өнеркəсіп жəне ауылшаруашылық кəсіпорындары) кіреді.
29–1171