35
дық жүйенің IGS ( International Geodinamics GPS System) бе-
кеттер желісі жұмыс істейді. ХХ ғасырдың соңында желілердің
американың жерсеріктік позициялау жүйесінен алынған
деректерді үздіксіз жазып отыратын 200 астам қосыны бол-
ды. Солардың 22 бекеті Қазақстан мен Ресей аумағында неме-
се олардың шекарасына жақын орналасқандықтан еліміз үшін
қолжетімді болды. IGS қосындарында жүргізілген бақылау
нəтижелері жасанды жерсеріктерінің координаттарын анықтау
тағы да басқа да геодезиялық есептерді шешу барысында
қолданылады.
Белгілі бір аймаққа сəйкес келетіндіктен жекелеген аймақтарда
немесе мемлекеттерде реферец-элипсоидтың көмегімен орнаты-
латын
референцті координаттар жүйелері қолданылады. Оны
біріншіден, сол аумаққа қолайлы элипсоид ретінде, сонымен
қатар, орталыққа бағытталған ауырлық сызығының нормальдан
ауытқуы өте шамалы болғандықтан; екіншіден, геодинамикалық
үдерістердің əсерінен бұзылып бір аймақтың екіншісіне қатысты
алғанда ығысуына əкеп соқтыруы мүмкін болатын геодезиялық
тор қосындарының өзара орналасуының тұрақтылығын сақтау
үшін пайдаланады. Өлшемдерінде кейбір бастапқы қосындардың
астрономиялық координатымен байланыстырылған ендіктер мен
бойлықтар енгізілген бастапқы геодезиялық датаның көмегімен
реферец-элипсоид Жер денесіне бағытталады.
Бастапқы геодезиялық даталарды белгілеудің қарапайым
əдісінің бірі-бастапқы қосында элипсоидтың координаттарын
астрономиялық бақылаулар барысында анықталған мəнмен
теңестіру болып табылады. Осы əдіспен Еуропаның көптеген
елдері, АҚШ, Жапония, сонымен қатар, бұрынғы КСРО-
ның Пулковадағы бастапқы қосын мен Бессоль референц-
эллитпсойдында бастапқы геодезиялық даталар анықталды.
Бірақ бастапқы қосындағы ауырлық салмақ сызығының ауытқуы
Жер денесіндегі элипсоидтың ығысуына əкеп соқтыруы мүмкін.
Референц-эллипсойд, көптеген елдің астрономиялық-геодезиялық
қосындарын дұрыс бағдарлау қажет. Бұл жағдайда бастапқы
қосынға деген қажеттілік болмай қалуы мүмкін. Осылайша
Красовскийдің референц-эллитпсоиды белгіленіп 1942 жылғы
координаттар жүйесі
СК-42 енгізілді. Референц-эллипсоидтың
36
көмегімен қосындардың элипсоидтағы орнын анықтайтын коор-
динаттар енгізіледі. Оларға аймақтардың геодезиялық торлардың
қосындарымен бекітілетін ендіктер мен бойлықтар (B, L) неме-
се топографиялық карта құрылатын картографиялық проекция-
да есептелінетін оларға сəйкес келетін тік бұрышты координат-
тар (х, у) жатады. Бастапқы өлшеуі теңіз деңгейінен басталатын
жергілікті жердің орташа биіктіктері тіркелетін биіктік жүйесі
жерге беріледі. Биіктік жүйесі нивелирлік тордың қосындарымен
бекітіледі. Əр түрлі референц жүйелердің бастапқы өлшеуіндегі
айырмашылықтар бірнеше метрге жетуі мүмкін. Дүниежүзілік
геодезиялық қауымдастық өкілдері өлшеудің бастауын дəлдігі
20 см шамасындағы
біртұтас нөлдік деңгейге (геойдқа) өтуіне
ұмтылуда.
Көптеген елдер аймақтық рефенецтік координаттар жүйесін
енгізгенде жалпыжерлік өлшемдерді пайдалануға тырысады.
Мысалы, Солтүстік Америкалық
NAD-83 (North American Datum,
1983) Аустралиялық
GDA-94 (Geocentric Datum of Australia,
1994), Еуропалық
EUREF (European Geodetic Reference Sуstem)
ITRS жүйе тармағы болып табылатын элипсоид пен жалпыжерлік
GRS-80 өлшемдерін қолданады. Бірақ əрбір аймақтың өзінің
биіктікті есептеу жүйесі бар.
Еуропалық жоғары дəлдіктегі
EUREF жүйесі 1989 жылдан ба-
стап GRS-80 жалпыжерлік элипсоидында Балтық жағалауы елдері
мен Түркияны қоса есептегенде Еуропаның барлық геодезиялық
торларын біріктіретін WGS-84-ке өте жақын геоцентрлі болуға
тиіс
ETRS (European Terrstrial Reference Sуstem) координат-
тар жүйесі енгізілді. Осыған орай Еуропаның барлық елдерінде
барлық координаттар жүйесін тұрақты түрде реттеу, нақтылау
жəне бір-бірімен сəйкестендіру жұмыстарын жүргізуде. Еуро-
пада қолданылған айырмашылығы 7,5 метрге жететін əр түрлі
биіктікті өлшеу жүйесін барлық елдерге ортрқ бірегей жүйеге
көшіру жұмыстары аяқталып қалды. Ол Орталық жəне Батыс Еу-
ропа невилирлік торларын 1973 жылғы Амстердам жəне бұрынғы
КСРО елдері мен Шығыс Еуропа мемлекеттерінің 1977 жылғы
Балтық жүйелері базаларында құрылуда.
Ресейде батыс Еуропа мемлекеттерімен құрамдаспай
жалпыжерлік ПЗ-90 (Жер өлшемдері, 1990) координаттар жүйесін
37
құрды. Ол кейбір бөлігі Антарктидада орналасқан ғарыштық
геодезиялық торлармен бекітілген. 10 000 шақырымға дейінгі
ара қашықтықта орналасқан нүктелердің өзара орналасуының
қателігі 30 см-ді құрайды.
1.4. Жердің жасанды серіктерімен позициялау.
Координатты анықтаудың біршама жетілдірілген əдісі
Жердің жасанды серіктерін пайдалануға негізделген. Ол қатаң
белгіленген орбитамен ұшып бара жатқан жердің жасанды серігі
нақты белгілі координатты қас-қағым сəтте радиосигналмен
үздіксіз шағылыстыралып, алынған деректерді Жердегі арнайы
жерсеріктік қабылдағыштарда тіркеу арқылы жүзеге асырыла-
ды. Бұл радиотехникалық құралдардың көмегімен қабылдағыш
пен жердің жасанды серігінің арақашықтығын өлшеуге жəне
қабылдағыштың орналасқан орнын (координатын) немесе екі
қабылдағыштың векторын (координат өсімшелерін) анықтауға
мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың соңында пайдаланылатын
екі жерсеріктік жүйе геодезиялық өлшеулерге революциялық
өзгерістер əкелді. Бұл – американың Global Positsioning system
(GPS ) Ғаламдық позициялау жүйесі (GPS) жəне ресейлік
Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйе (ГЛОНАСС).
Жердің жасанды серіктерімен позициялау əдісімен шешетін
негізгі міндеттерге жататындар:
– барлық деңгейдегі геодезиялық торларды дамыту;
– ІІІ тіпті ІІ сыныпты дəлдіктегі нивелирлік жұмыстарды жүргі зу;
– біртұтас жоғары дəлдіктегі уақыт шкаласын тарату;
– геодинамикалық үдерістерді зерттеу;
– қоршаған ортаның жағдайын мониторингін жасау жəне
оның динамикасын оқып-үйрену;
– кадастрлық, жерді орналастыру, ауылшаруашылық жəне
тағы да басқа жұмыстарды координаттық қамтамасыз ету;
– арнайы датчиктермен (электронды тахометр, эхолат,
анеройд, магнит өлшегіш, сандық фотокамера жəне тағы да
басқа) жалғанған жерсеріктік қабылдағыштардың көмегімен
далалық тақырыптық түсірулер мен инженерлік-геодезиялық
жұмыстардың координатын қамтамасыз ету;
Достарыңызбен бөлісу: |