Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет91/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105

295
көрінетін, 
ұстаздық 
кəсіпке 
қызығушылығы, 
сондай-ақ, 
педагогикалық  білімдер  мен  іскерліктерді  меңгеруге  деген  талпы-
ныстары құрайды.
Педагогикалық бейімділіктің сырттай бақылаушы педагогикалық 
қызығушылыққа  қарағандағы  айырмашылығы,  оның  ұстаздық 
етуге  қабілетін  санамен  пайымдаудан  туындайтын  икемділігінде. 
Педагогикалық бейімділік болашақ педагогтың теориялық білімдер 
мен  практикалық  тəжірибе  жинақтау  үдерісінде  қалыптасады. 
Педагогикалық бейімділіктің өзегінде адамдарға деген сүйіспеншілік 
жатыр. Осы негізге алынатын, кəсіби-педагогикалық бағыттылықты 
сипаттайтын,  өзін-өзі    жетілдірудің,  сан  алуан  кəсіби  маңызы 
бар  қасиеттерінің  сапасы,  мақсатты  бағыттылықпен  дамытудың 
алғышарттарының қатарынан саналады.
Кəсіпке  баулу  педагогы  білім  алушылармен,  олардың  ата-ана-
ларымен,  əріптестерімен  өзара  қарым-қатынасын  сезімдік  тактқа 
сүйеніп  құруы  қажет.  Педагогикалық  такт – ұстаздың  білім  алу-
шылармен  педагогикалық  мақсатқа  сəйкес,  өзара  əрекеттесуінің, 
қатынас  жасауда  өнімді  мəнер  орнату  іскерлігінің  өлшемі.  Білім 
алушыларға сыйластық таныту олардың өзіне тиесілі абырой сезімін 
арттырады. Педагогикалық такт көбінесе педагогтың жеке тұлғалық 
қасиеттеріне жəне кəсіби  шеберлігіне байланысты.
Кəсіпке баулу педагогының əлеуметтік жəне педагогикалық по-
зициялары (ұстанымдары) өзара тығыз байланысты.
Кəсіби  позиция  (ұстаным)  кəсіпке  баулу  педагогының 
педагогикалық  кəсібіне,  білім  алушыларға,  еңбектенуінің  сипа-
тына  қарым-қатынасымен;  кəсіби  даму,  кəсіби  өзін-өзі  жетілдіру, 
кəсіби өсу бағытындағы ұстанымдарымен, даярлығымен, күтілетін 
нəтижелерімен анықталады.
Кəсіби-педагогикалық  бағыттылықты  сипаттайтын  сапаларға 
педагогикалық парыз бен жауапкершілік жатады. Педагогикалық бо-
рыш педагогтың өзінің кəсіби жауапкершілігін риясыз атқаруында, 
өз мүмкіндіктері мен құзыреттілігіне қарай үлкендер мен балаларға 
көмек беруге даяр тұруында көрініс алады. Педагогикалық борыштың 
ең биік көрінісі қайсарлығы, аянбай қажырлы жұмыс істеуі.
Педагогикалық  шыншылдық,  кəсіпке  баулу  педагогының  осы 
қасиетінің бірегей өлшемі, оның адамгершіліктігі мен тəрбиелілігінің 
деңгейі. Əдетте, бірінші курс студенттері педагогтың кəсіби маңызды 
сапаларының қатарынан, ең алдымен оның шыншылдығын атайды. 
Кəсіпке  баулу  педагогының  танымдық  бағыттылығын    рухани 
мүдделер мен қажеттіліктер құрайды.


296
Танымдық қызығушылықтың басты факторларының бірі ретінде 
өзі оқытатын пəнге деген сүйіспеншілігін жатқызамыз. Кəсіпке бау-
лу педагогы түрлі ғылым салаларынан жақсы хабардар болуы қажет, 
дегенмен, ең бастысы – өзі оқытатын ғылым саласынан мол білімді 
иеленгені жөн. Сол ғылымның əлеуметтік-экономикалық, өндірістік 
жəне  мəдени  міндеттерді  шешудегі  мүмкіндіктерін  білуі  тиіс. 
Сондай-ақ,  осы  бағыттағы  жаңа  зерттеулер,  ашылған  жаңалықтар 
мен болжамдар, өзі оқытатын ғылым саласының жақын жəне алыс 
болашағы туралы мағлұматтарының болуы  талап етіледі.
Кəсіпке  баулу  педагогының  жеке  тұлғасының  танымдық 
бағыттылығын  мейлінше,  жалпылама  сипаттайтын,  оның  ғылыми-
педагогикалық зерттеу мəдениеті.
Кəсіпке  баулу  педагогының  жеке  тұлғасының  кəсіби 
қалыптасуының  қажетті  шарты,  ол  өзінің  педагогикалық  білімін 
үздіксіз толықтырып отыруы тиіс. Бұл педагогикалық еңбектің ажы-
рамас компоненті.
Кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің  (оқытушыларының)  кəсіби 
құзыреттілігінің 
қалыптасуы. 
Жеке 
тұлғаның 
маңызды 
компоненті оның кəсіби құзыреттілігі. Кəсіби құзыреттілік дегенді 
мамандардың шешім қабылдауға байланысты, белгілі бір іс-əрекетті 
жүзеге  асыру  үшін  білімдерінің,  іскерліктері  мен  дағдыларының 
жəне  тəжірибесінің  жеткілікті  деңгейін  көрсететін,  іскерлік  жəне 
тұлғалық сапаларының жинақталған сипаттамасы ретінде түсіндіру 
қабылданған.
Дамыған  елдердің  оқу  жүйесінде  кеңінен  қолданыла  бастаған 
«құзыреттілік», «құзырет»  терминдері,  жаңа  білім  стандарты 
ұстанған басты бағыт ретінде, біздің еліміздің білім беру жүйесіне 
де ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін, оқу 
үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, білім алушыларды білімді 
өз  бетінше  еңбек  етіп  алатындай  күйге  жеткізе  алатын,  өзі  де  осы 
аталған  құзыреттіліктерді  меңгерген,  яғни  кəсіби  құзыреттілігі 
қалыптасқан педагогикалық кадрлар даярлау міндеті тұр.
«Қазақстан  Республикасында 2011-2020 жылдарға  арналған 
білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасында»  қоғамның 
əлеуметтік-экономикалық  жəне  рухани  дамуының  мазмұны 
мен  сипаттарының  өзгеруіне  жəне  еңбек  сапасына  талаптың 
жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кəсіби білігі мол мамандарға де-
ген сұраныстың артуына байланысты, жоғары мектеп алдына білім 
сапасын  арттыру  жəне  əлемдік  деңгейдегі  бəсекеге  қабілетті  ма-
мандар дайындау міндеттері қойылады, Мемлекеттік бағдарламаны 


297
іске  асырудың  нəтижесінде, «кəсіби  міндеттерін  дербес  əрі 
шығармашалық тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне 
қоғамдық  маңызын  түсінуге,  оның  нəтижелері  үшін  жауап  беруге 
қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді 
жүйесі құрылатын болады», - делінген.
Қазақстан  Республикасы  тəуелсіз  мемлекеттер  қатарына 
қосылғаннан  бері,  қоғамды  ақпараттандырудан  туындаған 
өзгерістер,  оның  барлық  салаларымен  қатар,  оқытушының 
кəсіби  құзыреттілігі  деңгейіне,  өндіріс  пен  əлеуметтік  саладағы 
ғылымдардың  жетістіктерін  жəне  алдыңғы  қатарлы  озық  техно-
логияны  енгізу  мерзімінің  қысқартылуына  қойылатын  талаптар 
күшеюде.  Елбасының 2010 жылғы  Жолдауындағы: «Жоғары  білім 
саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі 
ЖОО-дары  əлемнің  жетекші  университеттерінің  рейтингіне  енуге 
ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе 
толыққанды  жұмыс  істеп, 2020 жылға  қарай  елде  енгізілетін  тал-
даулар мен патенттер дайын технологиялар түрінде өз нəтижелерін 
беруге тиіс» -деген сөзі дəлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан 
іс-шаралардың  бірі – 2010 жылғы  Қазақстанның  Еуропадағы 
қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  ету  тұсында 
еуропалық  жоғары  білім  беру  аймағына  енуді  көздейтін  Болон 
үдерісіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы болды. Бұл оқиғаны 
білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.
Жалпы  білім  беретін  мекемелердің  іс-əрекетінің  нəтижелілігі, 
ең алдымен, болашақ оқытушыға байланысты. Оның жеке тұлғалық 
қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік жəне ақыл-ой пара-
саты, педагогикалық мəселелерді шешуде шығармашылық ізденіске 
бой  алдыруы,  есеюі,  өнегелілігі,  денсаулығы  мен  рухани  байлығы 
қоғамның əлеуметтік алғышарты болып табылады.
Бүгінгі  күнгі  Қазақстанның  педагогикалық  білім  беру  жүйесі 
Əлемдегі алдыңғы қатарлылардың бірі болып саналады. Ол кəсіби іс-
əрекетті қалыптастыру үдерісінің технологиялық бағыттылығымен 
қуатты, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымдарды 
меңгеру болып табылады.
Жоғары оқу орындарында болашақ білім алушыларды дайындау 
үдерісінде  олардың  кəсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  мəселесі 
соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Кəсіби құзыреттіліктің 
негізгі компоненттері:


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау