Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет90/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105

292
сапаларын  тəрбиелеу  жəне  дамыту,  кəсіптік  білім  беру  проблема-
лары  бойынша  тəжірибелік-эксперименттік  жəне  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  ұйымдастыру,  оған  белсене  қатысу  сияқты  оқу-
тəрбие жұмыстарын  жүргізеді. Оқу орнында  ұйымдастырушылық-
əдістемелік іс-əрекеттерін жүзеге асырады (білім беру педагогикалық 
мазмұнының,  оқытудың  жеке  əдістемесінің  жəне  инновациялық 
іс-əрекеттің  жобасы).  Болашақ  кəсіпке  баулу  мұғалімдері 
(оқытушылары)  оқу-əдістемелік  құжаттарды  əзірлейді  (негізгі 
кəсіптік  білім  бағдарламалары:  оқу  пəндерінің  оқу  жоспарлары 
жəне бағдарламалары оқу құралдары, əдістемелік ұсыныстар). Оқу 
орнының жабдықталуы мен материалдық базасының нығайтылуына 
белсенді  үлес  қосады.  Сонымен  қатар,  ол  кəсіптік  білім  беру 
мекемелері  мен  ұйымдарында  ұйымдастырушылық-басқарушылық 
жұмыстарға да белсенді түрде ат салысады.
Бітіруші  орта  кəсіби-педагогикалық  оқу  орнын  бітіргеннен 
кейін  екі  біліктілікті  иеленеді: «техник» («технолог», «экономист» 
жəне  т.б.)  жəне  «өндірістік  оқыту  шебері».  Қайсыбір  оқу  орны 
«көп-квалификациялық», «техник-мастер», «өндірістік  оқыту» 
мамандығын береді.
Өндірістік  оқыту  шебері  оқу-өндірістік  іс-əрекеті,  тəрбие 
жұмысы,  əдістемелік  жұмысы,  ұйымдастырушылық-басқару  іс-
əрекеті,  эксплуатациялау-қызмет  көрсету  іс-əрекеті  сияқты  негізгі  
іс-əрекет түрлерін орындайды.
Кəсіпке  баулу  оқытушылары    мамандығы  бір  мезетте  «адам-
адам», «адам-техника»  түрлеріндегі  əр  тектес  жүйелерде  қызмет 
етуші санаулы кəсіптердің күрделі  тобына жатады.  
Кəсіби педагогикалық білім беру – бұл көптеген мамандықтарды 
иеленетін кəсіп.
Мамандықтар  тізімі – мамандар  үшін  іс-əрекеттер  алаңы. 
Мамандықтар  тізімінің  өзгеруі  қоғамда  өндірістің,  техниканың, 
мəдениеттің, қызмет көрсету аясының жалпы даму ағымдарына бай-
ланысты.
Кəсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) жеке тұлғасы. 
Педагогикалық  үдеріс  тəрбиелеу,  оқыту  жəне  дамыту  мақсатында 
оған қатысушылардың белсенді жəне өзара байланыстағы іс-əрекеті. 
Оның негізгі көздейтіні,  нақты адамды немесе топты алға қойылған 
міндеттердің  тиімді  шешімін  іздестіруге  даярлау.  Осы  орайда, 
педагогикалық  құбылыстың  объектілері  мен  субъектілері  аталған 


293
үдерістің  белсенді  жасампаздары  болып  саналады.  Сондықтан, 
педагогтың жеке тұлғасы проблемасы кəсіби педагогикада маңызды 
орын алады.
Кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің  (оқытушыларының)  іс-əрекетін 
талдау  жиынтығы  оның  жеке  тұлғасын  құрайтын  негізгі  сапа-
қасиеттерін,  бағыттарын  жəне  əрекет  ету  жүйесін  анықтап 
алуға  мүмкіндік  береді.  Осы  орайда,  кəсіпке  баулу  педагогының 
жеке  тұлғалық  қасиеттерінің  құрылымында  кəсіби  маңызы  бар 
сапаларының, бағыттылығының,  құзыреттілігінің қалыптасып, да-
муы  жəне  оның  психофизиологиялық  ерекшеліктері  жетекші  рөл 
атқаратындығын атап өту қажет.
Кəсіпке 
баулу 
мұғалімдерінің 
(оқытушыларының) 
жеке 
тұлғасының 
кəсіби-педагогикалық 
бағыттылығы. 
В.А.Сластениннің  пікірінше,  кəсіби-педагогикалық  бағыттылық 
педагогтың  жеке  тұлғасының  барлық  кəсіби  маңызы  бар  сапала-
рын  ұштастырып  бекітетін  жəне  біріктіретін  тірек
1
.  А.К.Маркова 
педагогтың  қалыптасуы  мен  кəсіби  іс-əрекетін  жүзеге  асырудағы 
педагогикалық  бағыттылықтың  жетекші  рөл  атқаратындығын  атай 
келе,  оның  «адамның  əлемге  жəне  өзіне  деген  базалық  бағыттары 
жүйесін,  оның  мінез-құлқы  мен  іс-əрекетінің  мəндік  бірлігін 
анықтайды,  сырттан  жəне  іштен  жағымсыз  əсер  етушілерге  төтеп 
бере  алуына  мүмкіндік  бере  отырып,  өзіндік  дамуының  жəне 
кəсібилік  жетілуінің,  сонымен  қатар,  мінез-құлық  мақсаттары  мен 
құралдарына адамгершілік тұрғыдан баға беруіне тірек бола отыра, 
жеке тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді» деп пайымдайды
2.
 
Ол  педагогикалық  бағыттылықтың  педагогтың  қалыптасуындағы 
жетекші  рөліне  мəн  бере  келе,  педагогтың  жеке  тұлғасының 
əлеуметтік-адамгершілік,  кəсіби-педагогикалық  жəне  танымдық 
бағыттылықтарын анықтап көрсетеді.
Кəсіпке 
баулу 
педагогының 
əлеуметтік-адамгершілік 
бағыттылығын  əлеуметтік  қажеттіліктер,  қоғамдық  борыш  сезімі
моралдық  жəне  құндылықты  бағдарлар,  азаматтық  жауапкершілік, 
идеялық  сенімділік,  кəсіби  позиция  (ұстаным),  əлеуметтік 
белсенділік, сенім категориялары құрайды.
Əлеуметтік  қажеттіліктерге  (А.Маслоудың  қажеттіліктер  ти-
1
Педагогика:Учебное  пособие  для  студентов  педагогических  учебных  заведений / 
В.А.Сластенин,  И.Ф.Шиянов,  А.И.Мищенко,  ЕН.Шиянов.-4-е  изд.-М.:  Школьная  прес-
са,2002.- 512 с.
2
Маркова А.К. Психология труда учителя. – М.,1993.- С.41.


294
пологиясына  сəйкес)  араласу,  қатынас  жасауға,  үйлесімділікке, 
сүйіспеншілікке,  жолдастыққа  жəне  т.б.  ілтипаттылықтарын 
жатқызады.  Қатынас  жасау,  араласу  педагогикалық  іс-əрекеттің 
негізін  құраушы  компоненті.  Осыған  орай,  коммуникативтік 
іскерліктер  педагогтың  іс-əрекетін  сипаттайды.  Педагогикалық 
кəсіпті  таңдау  мотивтерінің  бірі  қоғамдық  байланыстардың  (ата-
аналармен,  білім  алушылармен,  оқытушылармен  жəне  т.б.)  сан 
алуандылығы.
Педагогтың əлеуметтік белсенділігінің негізін педагогтың жеке 
тұлғасын, ең іргелі түрде сипаттайтын,  идеялық сенімі құрайды.
 Кəсіби жауапкершілік педагогикалық кəсіптің айырықша белгісі 
болып  саналады.  Педагог-азамат  өзінің  жеке  мұқтаждықтарының 
тар шеңберінде қалып қоймай, өз халқымен, өзі тұратын, өзі қызмет 
істейтін шағын ауданмен сенімді, үздіксіз байланыста болады.
Құндылық бағдарлар педагогтың өзін қоршаған ортаға, əлемге, 
өзіне  деген  көзқарасын  анықтаушы  ұстаздық  іс-əрекетінің  ішкі 
реттеушісі ретінде көрініс береді. Адамның басымды құндылықтарына 
адамгершілік құндылықтарымен (жақсылық, игілік, қайырымдылық, 
риясыздық) табиғи байланысқан экзистенциалистік құндылықтары 
(сүйіспеншілік,  бостандық,  ар,  сенім,  жауапкершілік)  жатады. 
Құндылықтар жүйесінде патриоттық (патриоттық, ұлттық ар-намыс, 
азаматтылық  жəне  т.б.)  жəне  эстетикалық  құндылықтар  маңызды 
орын  алады.  Сонымен  бірге,  құндылық  бағдарлар  қатарына  еңбек 
етудің,  еңбекақының,  біліктілік,  мансап  (карьера)  жəне  т.б.  мəні 
тəрізді көрсеткіштерді қосуға болады.
Бағыттылықтың  компоненттері  кəсіби  қалыптасудың  түрлі 
сатыларында  жеке  тұлғаның  кəсіби  дамуының  деңгейлерімен 
себептелінетін түрлі мазмұнды иеленеді.
Кəсіпке баулу педагогының жеке тұлғалық кəсіби-педагогикалық 
бағыттылығын  құраушылар:  əлеуметтік-кəсіби  бағдар  беру, 
кəсіби-педагогикалық  мүдделер,  кəсіби  іс-əрекет  мотивтері  жəне 
педагогтың  кəсіби  ұстанымы  (позициясы),  өзін-өзі  жетілдіру, 
педагогикалық 
парыз 
бен 
жауапкершілік, 
педагогикалық 
шыншылдық,  педагогикалық  бейімділігі.  Оларда  кəсіпке  баулу 
педагогының кəсіби-педагогикалық іс-əрекет бағыты, мүдделері мен 
икемділіктері,  өзінің  даярлығын  жетілдіруге  деген  ниет-тілектері 
көрініс алады.
Кəсіби бағыттылықтың негізін, тұтастай алғанда, балаларға, ата-
аналарға,  педагогикалық  іс-əрекетке,  эмоционалдық  қатынасында 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау