319
эмоционалдық, кəсіби үміті, кəсіби қауымдастықтағы өзінің орны
туралы түсінігі);
– кəсіпкердің пішіні (айырықша белгілері, моторикасы, іскерлік,
дағды, əрекеттер);
– кəсіпкердің танымы (айырықша белгілері, шешім қабылдау,
қайта қарау, гностикалық іскерлік, дағдылары жəне əрекеттері);
– кəсіпкердің ақпараттанғандығы, білімі, тəжірибесі мəдениеті
(айырықша белгілері, ғылым жəне теориялық білім саласында
бағдар ала білуі, пəндік саладағы кəсіптік білімі);
– психодинамика
(толғаныстар
мен
күйзелістерінің
интенсивтілігі, олардың шапшаң өзгеруі, осы кəсіби саладағы
жүктемесі жəне қиындықтары);
– өзін кəсіптің талаптарына, қандай жас кезеңі мен жыныстық
тобына жататындығына байланысты пайымдау
1
.
Сонымен, адамның кəсібилігі өндірістің оңтайлы өнімділігінде
жəне міндетті түрде адамның еңбекке ішкі қатынасында, оның
психикалық сапаларының жағдайы сияқты жеке тұлғалық
компоненттерінде көрініс береді.
Педагогтың кəсібилігінің өлшемдік сипаттамасы педагогтың
кəсібилігін қарастыруда жəне баға беруде адамға, өз кəсібіндегі
итермелеуші күшті, оның қандай құндылықты бағдарлардан ба-
стау алатындығын, осы іспен не үшін шұғылданатындығын, өзінің
еңбегінде қандай ішкі ресурстарды жұмылдыратындығын анықтап
алу аса маңызды.
А.К.Маркова педагогтың кəсібилігінің келесі өлшемдерін
өңдемеледі
2
.
Объективтік өлшемдерге оқытушының таңдаған кəсібінің
талаптарына қаншалықты сəйкес келетіндігін анықтайды.
Объективті өлшемдердің қатарына еңбектің жоғары өнімділігі, саны
жəне сапасы, еңбек өнімінің сенімділігі, кəсіпте белгілі бір дəрежеге
жеткендігі, оқыту мен тəрбиелеудің алуан түрлі міндеттерін шеше
білу іскерлігі жатады.
Субъективтік өлшемдер педагогтың кəсібі адамның талаптарына,
оның мотивтеріне, бейімділіктеріне қаншалықты сəйкес келетіндігін,
адамның өз кəсібіне, еңбегіне қаншалықты қанағаттанатындығын,
тұрақты кəсіби-педагогикалық бағыттылығын, кəсіптің құндылық
1
Климов Е.А. Становление профессионала / Е. А. Климова. М. : МПСИ, 1996.- С.24.
2
Маркова А.К. Психология труда учителя. -Москва, 1993.- С. 34.
320
негіздерін
түсінуін,
жеке
тұлғалық
кəсіби-психологиялық
сапаларының қажетті жиынтығын жəне т.б. көрсетеді.
Нəтижелік өлшемдер-педагогтың педагогикалық еңбегінің
бүгінгі қоғам тілегіне қаншалықты сай келетін нəтижелерге қол
жеткізгендік деңгейін сипаттайды. Педагогтың еңбегінің жоғары
нəтижелеріне білім алушылардың психикалық (ақыл-ой жəне
тұлғалық) дамуындағы сапалық өзгерістері, алға басулары, өсіп
жетілулері жатады. Педагог, білім алушылардың даму көрсеткіштерін,
бастапқы жəне əлеуетті деңгейлерін, олардың дамуының жəне өзін-
өзі дамытуының жақын аясын жəне т.б. диагностикалай білуі тиіс.
Процесуалдық өлшемдер - педагогтың өз нəтижелеріне қол
жеткізуде əлеуметтік қабылданған амалдарды, тəсілдер мен
технологияларды пайдалана білуі зерттеуге мүмкіндік береді.
Педагогтың қалай жұмыс істегендігі, қандай кəсіптік білімдер мен
іскерліктерді, жеке тұлғалық психологиялық сапаны (педагогикалық
ойлау, педагогикалық эмпатия) қолданатындығы, білім алушылар
мен оқытушының жұмсалатын күші мен уақыты түріндегі нəтиженің
психологиялық құнының қандай екендігінің жəне т.б. маңызы зор.
Нормативтік өлшемдер - педагогтың қалаған кəсібінің
нормалары мен ережелерін қаншалықты меңгергендігін, оның
жоғары буындарын шеберлік деңгейінде қайта жаңғырта алуын,
сонымен қатар, ғылымда өңделген жəне практикада тексеруден өткен
кəсіби іс-əрекет пен қарым-қатынас жасау нормаларын меңгеруін
айғақтайды.
Жеке дара-вариативтік өлшемдер - адамның өз еңбегін
дараландыруында, онда өзін-өзі жүзеге асыр қажеттілігінде, өзінің
бірегейлігін көрсетуінде, өзін кəсіптің құралдары арқылы дамытуға
деген ұмтылыстарында көрініс береді. Педагогикалық даралық,
əдетте, өзін жетілдіру, өзін диагностикалау, білім алушылардың
психикалық дамуы тұрғысынан өзінің осал жəне əлсіз жақтарын
анықтау
іскерліктеріндегі
табандылығының
нəтижесінде
жинақталады.
Нақты деңгей өлшемдері педагогтың кəсібиліктің жоғары
деңгейіне қаншалықты қол жеткізгендігінен көрінеді. Педагогтың
кəсіби дамудың жоғарғы, көкейкесті деңгейін жəне жеке тұлғалық
ресурстарын иеленуі.
Болжаушылық өлшемдер-маманның өз жұмысын, өзінің жақын
даму аясының болашағын көре білуін, өзге адамдардың кəсіби
тəжірибесімен алмасуға қаншалықты даярлығын, кəсіби ашықтық
көрсетуін анықтауға жəрдемдеседі.
321
Шығармашылық өлшемдері-арқылы педагогтың өз кəсібінің
шекарасынан шығуға, оны жаңартып өзгертуге, өзінің жеке тұлғалық
шығармашылық үлесімен байытуға талпынысын анықтауға болады.
Кəсіби ашықтықтың, білімділіктің жəне өзбеттілікті шығармашылық
ізденістің үйлесімділігі педагогикалық кəсібилік үшін аса маңызды
болып саналады.
Əлеуметтік белсенділік жəне бəсекеге қабілеттілік өлшемдері
педагогтың қоғамды өзінің еңбек нəтижелерімен қаншалықты
қызықтыра алуынан, білім беру нарығында бəсекелестік қарым-
қатынастарға түсе білуінен көрінеді.
Кəсіп жолын қуу өлшемдері-педагогтың педагогикалық кəсіптің
ар-намысына кір келтірмеу, кəсіби тұйықтыққа, ұстаз кəсібін
өзгелерге қарсы қоюғ а жол бермейтіндігімен сипатталады.
8.2. Еңбекке жəне кəсіпке баулу бойынша əдістемелік
жұмыстар жүйесі
Қазақстандағы
білім
беру
саласының
стратегиялық
мақсаттарының бірі – білім беруде дамыта оқыту жəне жеке
тұлғалық-əрекеттік тұрғылар принципін ендіру. Осы принциптер
мен əдістердің бастауыш кəсіптік білім беру оқу орнында жүзеге
асырылуы мамандардың кəсіби даму деңгейлеріне байланысты.
Білім берудің жаңа парадигмасы білім беру саласында демо-
кратияландыру, гуманитарландыру, ізгілендіру, экологияландыру,
компьютерлендіру бағытындағы реформалардың жүзеге асырылуын
көздейді.
Əдістемелік жұмыстар дербес жəне жеке ерекшеліктер
ескерілген жағдайда ғана еңбек технологиясы мен кəсіпке баулу
мұғалімдерінің ғылыми-əдістемелік дайындығын жетілдіруге де-
ген сұранысына жауап бере алады. Ал, əдістемелік жұмысты жеке
ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субъективті, объективті
алғышарттарға байланысты. Ең бастысы, еңбек технологиясы мен
кəсіпке баулу мұғалімдерінің ғылыми-əдістемелік дайындығын
жетілдірудегі өмірлік жəне кəсіптік бағдары, кəсіптік деңгейі мен
тəжірбиесі ескерілуі тиіс. Мектептің əдістемелік қызметінің озық
тəжірибелері мен дəстүрлерін сақтау жəне дамытудың да маңызы
зор. Осы жұмыстардың бəрі де мектеп жетекшісінің оқу-тəрбие ісі
жөніндегі орынбасарының құзырында болады.
Мектептегі əдістемелік жұмысты басқару оның міндеттерін,
Достарыңызбен бөлісу: |